Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электрондық ілеспе құжаттарды енгізу және оларды өзара тану механизмін қалыптастыру мақсатында:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - Одақ) мүше мемлекеттерде өзара сауда кезінде электрондық ілеспе құжаттарды енгізуді және оларды өзара тануды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың барысы туралы ақпарат назарға алынсын.
2. Мүше мемлекеттерден Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, электрондық ілеспе құжаттарды енгізуді және оларды өзара тануды регламенттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бастау сұралсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия электрондық ілеспе құжаттарды енгізуді және өзара тануды регламенттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия электрондық ілеспе құжаттарды енгізу және оларды өзара тану жөніндегі жұмыстың барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның кезекті Кеңесінде баяндасын.
5. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов