Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электрондық ілеспе құжаттарды өзара танудың механизмін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 31 өкімі

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электрондық ілеспе құжаттарды енгізу және оларды өзара тану механизмін қалыптастыру мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - Одақ) мүше мемлекеттерде өзара сауда кезінде электрондық ілеспе құжаттарды енгізуді және оларды өзара тануды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың барысы туралы ақпарат назарға алынсын.

      2. Мүше мемлекеттерден Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, электрондық ілеспе құжаттарды енгізуді және оларды өзара тануды регламенттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бастау сұралсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия электрондық ілеспе құжаттарды енгізуді және өзара тануды регламенттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз етсін.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия электрондық ілеспе құжаттарды енгізу және оларды өзара тану жөніндегі жұмыстың барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның кезекті Кеңесінде баяндасын.

      5. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады