2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабына сәйкес:
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске:
а) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшелерінің мына кандидатуралары:
Армения Республикасынан - Армения Республикасының вице премьер-министрі Мгер Гербертович Григорян;
Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары – Ресей Федерациясының Қаржы министрі Антон Германович Силуанов;
б) Беларусь Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшелерінің мына кандидатуралары:
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі Виктор Владимирович Назаренко;
Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі Александр Михайлович Субботин таныстырылсын.
2.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |