Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшелерінің кандидатураларын таныстыру туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 9 Өкімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабына сәйкес:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшелерінің мына кандидатуралары:

      Армения Республикасынан - Армения Республикасының вице премьер-министрі Мгер Гербертович Григорян;

      Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары – Ресей Федерациясының Қаржы министрі Антон Германович Силуанов;

      б) Беларусь Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшелерінің мына кандидатуралары:

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі Виктор Владимирович Назаренко;

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі Александр Михайлович Субботин таныстырылсын.

      2.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан


Қырғыз Республикасынан


Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады