2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабының 6-тармағына сәйкес:
1. 2019 жылғы 13 мамырдан бастап 28 мамырға дейінгі аралықта Еуразиялық экономикалық одақ Сотының және 2019 жылғы 29 мамырдан бастап 14 маусымға дейінгі аралықта Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015-2017 жылдар ішіндегі қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізілсін.
2. Ревизиялық топтың мына құрамы бекітілсін:
Армения Республикасынан:
Элоян | Армения Республикасы Қаржы министрлігі аппаратының Қаржы-бюджет инспекциясы басқармасының 4-ші бөлімінің бастығы (ревизиялық топтың төрағасы) |
Оганнисян | Армения Республикасы Қаржы министрлігі аппаратының Қаржы-бюджет инспекциясы басқармасының 2-ші бөлімінің бас бақылаушысы |
Беларусь Республикасынан:
Главинская | Беларусь Республикасы Қаржы министрлігі Бақылау-ревизия бас басқармасының бюджеттік қаражаттарды пайдалануды қаржылық бақылау басқармасының бас бақылаушы-ревизоры (Еуразиялық экономикалық одақ Сотында ревизия жүргізу жөніндегі ревизиялық топтың құрамында) |
Иванов | Беларусь Республикасы Қаржы министрлігі Бақылау-ревизия бас басқармасының бюджеттік қаражаттарды пайдалануды қаржылық бақылау басқармасы бастығының орынбасары (Еуразиялық экономикалық комиссияда ревизия жүргізу жөніндегі ревизиялық топтың құрамында) |
Қазақстан Республикасынан:
Юсупов | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудиторы - бас сарапшы (Еуразиялық экономикалық одақ Сотында ревизия жүргізу жөніндегі ревизиялық топтың құрамында) |
Кәрменов | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудиторы - бас сарапшы (Еуразиялық экономикалық комиссияда ревизия жүргізу жөніндегі ревизиялық топтың құрамында) |
Қырғыз Республикасынан:
Кадыров | Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі аудит бөлімінің меңгерушісі |
Ресей Федерациясынан:
Морозова | Федералдық қазынашылықтың Әлеуметтік саладағы, бюджетаралық қатынастар және әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау-ревизия басқармасының Әлеуметтік саладағы және ғылымдағы бақылау-ревизия бөлімінің бастығы. |
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |