Еуразиялық экономикалық одақ Сотының және Еуразиялық экономикалық комиссияның қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 21 Өкімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабының 6-тармағына сәйкес:

      1. 2019 жылғы 13 мамырдан бастап 28 мамырға дейінгі аралықта Еуразиялық экономикалық одақ Сотының және 2019 жылғы 29 мамырдан бастап 14 маусымға дейінгі аралықта Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015-2017 жылдар ішіндегі қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізілсін.

      2. Ревизиялық топтың мына құрамы бекітілсін:

      Армения Республикасынан:

Элоян
Давид Аркадиевич

Армения Республикасы Қаржы министрлігі аппаратының Қаржы-бюджет инспекциясы басқармасының 4-ші бөлімінің бастығы (ревизиялық топтың төрағасы)

Оганнисян
Ваган Вардгесович

Армения Республикасы Қаржы министрлігі аппаратының Қаржы-бюджет инспекциясы басқармасының 2-ші бөлімінің бас бақылаушысы

      Беларусь Республикасынан:

Главинская
Наталья Петровна

Беларусь Республикасы Қаржы министрлігі Бақылау-ревизия бас басқармасының бюджеттік қаражаттарды пайдалануды қаржылық бақылау басқармасының бас бақылаушы-ревизоры (Еуразиялық экономикалық одақ Сотында ревизия жүргізу жөніндегі ревизиялық топтың құрамында)

Иванов
Григорий Викторович

Беларусь Республикасы Қаржы министрлігі Бақылау-ревизия бас басқармасының бюджеттік қаражаттарды пайдалануды қаржылық бақылау басқармасы бастығының орынбасары (Еуразиялық экономикалық комиссияда ревизия жүргізу жөніндегі ревизиялық топтың құрамында)

      Қазақстан Республикасынан:

Юсупов
Ақылбек Өмірбекұлы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудиторы - бас сарапшы (Еуразиялық экономикалық одақ Сотында ревизия жүргізу жөніндегі ревизиялық топтың құрамында)

Кәрменов
Ерлан Мұқанұлы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудиторы - бас сарапшы (Еуразиялық экономикалық комиссияда ревизия жүргізу жөніндегі ревизиялық топтың құрамында)

      Қырғыз Республикасынан:

Кадыров
Дурусбек Жаныбаевич

Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі аудит бөлімінің меңгерушісі

      Ресей Федерациясынан:


Морозова
Яна Рихардовна

Федералдық қазынашылықтың Әлеуметтік саладағы, бюджетаралық қатынастар және әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау-ревизия басқармасының Әлеуметтік саладағы және ғылымдағы бақылау-ревизия бөлімінің бастығы.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз Республикасынан
 

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады