Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабы 4-тармағының 8-тармақшасын, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын (бұдан әрі – Негізгі бағыттар) іске асыру мақсатында,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Негізгі бағыттарға № 1 қосымшада көзделген өнеркәсіп салаларындағы өнеркәсіптік ынтымақтастығын дамыту және осындай салалардың өнімін үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету бойынша шаралар қабылдау үшін жағдайлар жасаудың маңыздылығын назарға ала отырып,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:
1. Тауарларды үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету мақсатында жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілерді қолдау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және іске асыру кезінде қосымшаға сәйкес жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілердің көрме-жәрмеңкелік іс-шаралары мен бизнес-миссияларының 2018 – 2020 жылдарға арналған тізбесін назарға алуды;
2. Жыл сайын, 1 желтоқсанға дейін осы Ұсынымға қосымшада көзделген тізбеге сәйкес бірлескен іс-шараларды өткізу форматы туралы келесі күнтізбелік жылға арналған ұсыныстарын Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберуді ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
К.Минасян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 1 ұсынымына ҚОСЫМША |
Атауы | Өткізу орны | Өткізу мерзімі |
2018 жыл | ||
1. "БЕЛЛЕГМАШ – 2018" халықаралық мамандандырылған көрмесі | Минск қ. | І жартыжылдық |
2. "Легпромфорум" халықаралық жеңіл өнеркәсіп форумы | Мәскеу қ. | І жартыжылдық |
3. "Текстильлегпром" федералдық көтерме сауда жәрмеңкесі | Мәскеу қ. | І жартыжылдық |
4. Heimtextil – 2018 тоқыма өнеркәсібінің халықаралық көрмесі | Германия, Майндағы Франкфурт қ. | І жартыжылдық |
5. "Текстильлегпром" федералдық көтерме сауда жәрмеңкесі | Мәскеу қ. | ІІ жартыжылдық |
6. BelTexIndustry жеңіл және тоқыма өнеркәсібі тауарларын көтерме саудада сату жөніндегі халықаралық көрме-жәрмеңкесі | Минск қ. | ІІ жартыжылдық |
7. Өзбектің 12-ші халықаралық мақта және тоқыма жәрмеңкесі |
Өзбекстан, | ІІ жартыжылдық |
8. PREMIERE VISION – 2018 халықаралық көрмесі |
Франция, | ІІ жартыжылдық |
2019 жыл | ||
1. "БЕЛЛЕГМАШ – 2019" халықаралық мамандандырылған көрмесі | Минск қ. | І жартыжылдық |
2. "Легпромфорум" халықаралық жеңіл өнеркәсіп форумы | Мәскеу қ. | І жартыжылдық |
3. "Текстильлегпром" федералдық көтерме сауда жәрмеңкесі | Мәскеу қ. | І жартыжылдық |
4. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Чили Республикасының Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілердің бизнес-миссиясы |
Чили, | І жартыжылдық |
5. Heimtextil – 2019 тоқыма өнеркәсібінің халықаралық көрмесі |
Германия, | І жартыжылдық |
6. Magic Show халықаралық сән көрмесі |
АҚШ, | І жартыжылдық |
7. NY Now – 2019 текстиль және үйге арналған тауарлар халықаралық көрмесі |
АҚШ | І жартыжылдық |
8. "Текстильлегпром" федералдық көтерме сауда жәрмеңкесі | Мәскеу қ. | ІІ жартыжылдық |
9. BelTexIndustry жеңіл және тоқыма өнеркәсібі тауарларын көтерме саудада сату жөніндегі халықаралық көрме-жәрмеңкесі | Минск қ. | ІІ жартыжылдық |
10. PREMIERE VISION – 2019 халықаралық көрмесі |
Франция, | ІІ жартыжылдық |
11. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілердің бизнес-миссиясы |
Италия, | ІІ жартыжылдық |
2020 жыл | ||
1. "БЕЛЛЕГМАШ – 2018" халықаралық мамандандырылған көрмесі | Минск қ. | І жартыжылдық |
2. "Легпромфорум" халықаралық жеңіл өнеркәсіп форумы | Мәскеу қ. | І жартыжылдық |
3. "Текстильлегпром" федералдық көтерме сауда жәрмеңкесі | Мәскеу қ. | І жартыжылдық |
4. Heimtextil – 2020 тоқыма өнеркәсібінің халықаралық көрмесі |
Германия, | І жартыжылдық |
5. "Текстильлегпром" федералдық көтерме сауда жәрмеңкесі | Мәскеу қ. | ІІ жартыжылдық |
6. BelTexIndustry жеңіл және тоқыма өнеркәсібі тауарларын көтерме саудада сату жөніндегі халықаралық көрме-жәрмеңкесі | Минск қ. | ІІ жартыжылдық |
7. Өзбектің 14-ші халықаралық мақта және тоқыма жәрмеңкесі |
Өзбекстан, | ІІ жартыжылдық |