Жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілердің көрме-жәрмеңкелік іс-шаралары мен бизнес-миссияларының 2018 – 2020 жылдарға арналған тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 1 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабы 4-тармағының 8-тармақшасын, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын (бұдан әрі – Негізгі бағыттар) іске асыру мақсатында,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Негізгі бағыттарға № 1 қосымшада көзделген өнеркәсіп салаларындағы өнеркәсіптік ынтымақтастығын дамыту және осындай салалардың өнімін үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету бойынша шаралар қабылдау үшін жағдайлар жасаудың маңыздылығын назарға ала отырып,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:

      1. Тауарларды үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету мақсатында жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілерді қолдау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және іске асыру кезінде қосымшаға сәйкес жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілердің көрме-жәрмеңкелік іс-шаралары мен бизнес-миссияларының 2018 – 2020 жылдарға арналған тізбесін назарға алуды;

      2. Жыл сайын, 1 желтоқсанға дейін осы Ұсынымға қосымшада көзделген тізбеге сәйкес бірлескен іс-шараларды өткізу форматы туралы келесі күнтізбелік жылға арналған ұсыныстарын Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберуді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
К.Минасян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 16 қаңтардағы
№ 1 ұсынымына
ҚОСЫМША

Атауы

Өткізу орны

Өткізу мерзімі

2018 жыл

1. "БЕЛЛЕГМАШ – 2018" халықаралық мамандандырылған көрмесі

Минск қ.

І жартыжылдық

2. "Легпромфорум" халықаралық жеңіл өнеркәсіп форумы

Мәскеу қ.

І жартыжылдық

3. "Текстильлегпром" федералдық көтерме сауда жәрмеңкесі

Мәскеу қ.

І жартыжылдық

4. Heimtextil – 2018 тоқыма өнеркәсібінің халықаралық көрмесі

Германия, Майндағы Франкфурт қ.

І жартыжылдық

5. "Текстильлегпром" федералдық көтерме сауда жәрмеңкесі

Мәскеу қ.

ІІ жартыжылдық

6. BelTexIndustry жеңіл және тоқыма өнеркәсібі тауарларын көтерме саудада сату жөніндегі халықаралық көрме-жәрмеңкесі

Минск қ.

ІІ жартыжылдық

7. Өзбектің 12-ші халықаралық мақта және тоқыма жәрмеңкесі

Өзбекстан,
Ташкент қ.

ІІ жартыжылдық

8. PREMIERE VISION – 2018 халықаралық көрмесі

Франция,
Париж қ.

ІІ жартыжылдық

2019 жыл

1. "БЕЛЛЕГМАШ – 2019" халықаралық мамандандырылған көрмесі

Минск қ.

І жартыжылдық

2. "Легпромфорум" халықаралық жеңіл өнеркәсіп форумы

Мәскеу қ.

І жартыжылдық

3. "Текстильлегпром" федералдық көтерме сауда жәрмеңкесі

Мәскеу қ.

І жартыжылдық

4. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Чили Республикасының Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілердің бизнес-миссиясы

Чили,
Сантьяго қ.

І жартыжылдық

5. Heimtextil – 2019 тоқыма өнеркәсібінің халықаралық көрмесі

Германия,
Майндағы Франкфурт қ.

І жартыжылдық

6. Magic Show халықаралық сән көрмесі

АҚШ,
Лас-Вегас қ.

І жартыжылдық

7. NY Now – 2019 текстиль және үйге арналған тауарлар халықаралық көрмесі

АҚШ
Нью-Йорк қ.

І жартыжылдық

8. "Текстильлегпром" федералдық көтерме сауда жәрмеңкесі

Мәскеу қ.

ІІ жартыжылдық

9. BelTexIndustry жеңіл және тоқыма өнеркәсібі тауарларын көтерме саудада сату жөніндегі халықаралық көрме-жәрмеңкесі

Минск қ.

ІІ жартыжылдық

10. PREMIERE VISION – 2019 халықаралық көрмесі

Франция,
Париж қ.

ІІ жартыжылдық

11. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілердің бизнес-миссиясы

Италия,
Милан қ.

ІІ жартыжылдық

2020 жыл

1. "БЕЛЛЕГМАШ – 2018" халықаралық мамандандырылған көрмесі

Минск қ.

І жартыжылдық

2. "Легпромфорум" халықаралық жеңіл өнеркәсіп форумы

Мәскеу қ.

І жартыжылдық

3. "Текстильлегпром" федералдық көтерме сауда жәрмеңкесі

Мәскеу қ.

І жартыжылдық

4. Heimtextil – 2020 тоқыма өнеркәсібінің халықаралық көрмесі

Германия,
Майндағы Франкфурт қ.

І жартыжылдық

5. "Текстильлегпром" федералдық көтерме сауда жәрмеңкесі

Мәскеу қ.

ІІ жартыжылдық

6. BelTexIndustry жеңіл және тоқыма өнеркәсібі тауарларын көтерме саудада сату жөніндегі халықаралық көрме-жәрмеңкесі

Минск қ.

ІІ жартыжылдық

7. Өзбектің 14-ші халықаралық мақта және тоқыма жәрмеңкесі

Өзбекстан,
Ташкент қ.

ІІ жартыжылдық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады