1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің негізгі нәтижелері туралы ақпарат назарға алынсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №10 өкіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің негізгі нәтижелері туралы АҚПАРАТ
І. Негізгі жетістіктер Институционалдық өзгерістер
1. Өткен жылдар ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) бірлесіп, халықаралық ынтымақтастықтың әр алуан бағыты және көп жақты қоржыны бар әлемдік экономикалық жүйенің белсенді және толыққанды қатысушысы ретінде Еуразиялық экономикалық одақты (бұдан әрі – Одақ, ЕАЭО) институционалдандыру бағытында елеулі нәтижелерге қол жеткізді.
Еуразиялық құрлық өңіріндегі экономикалық белсенділіктің негізгі орталықтары – Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) және Еуропалық одақпен (ЕО) көп форматты және әртүрлі деңгейдегі ынтымақтастықтың жолға қойылуы Одақтың маңызды жетістігі болып табылады. 2018 жылы ҚХР-мен қатынастарды институционалдандыру үшін маңызды мәні бар Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл Келісім Еуразиядағы логистикалық байланыстырды және кооперация тізбектерін дамытуға ықпал етуге, өзара саудадағы шығындарды және тосқауылдарды біртіндеп азайтуға жәрдемдесуге тиіс. Ақпарат алмасу және саудадағы әртүрлі тосқауылдардың пайда болуына тиімді ден қою институттарын құру маңызды болып табылады.
Комиссияға белсенді дипломатия жолымен ЕО пен ЕАЭО өзара іс-қимылының саяси "себетінен" экономикалық және сауда тректерін шығарып алудың сәті түсті.
2017 жылы Комиссия Алқасының төрағасы Т.С.Саркисянның ЕҚЫҰ-ның Венадағы Тұрақты кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінен кейін ЕАЭО-ның Еуропалық одақпен өзара іс-қимылының алғашқы қадамдары белгіленді, атап айтқанда, ЕҚЫҰ-дағы ЕО өкілдігі техникалық реттеу және өзара сауда сияқты салаларда Комиссиямен ынтымақтастықтың басталғаны туралы Еуропалық комиссияның мәлімдемесін таратты. Департаменттер директорларының деңгейінде техникалық реттеу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша кездесулер өткізілді, қатысушылар санын және талқыланатын тақырыптар құрамын кеңейту жоспарлануда. Сонымен бірге толыққанды институционалдық өзара іс-қимыл орнатуға арналған қадамдарды жандандыру өзекті болып қала береді.
Ынтымақтастық туралы тиісті меморандумдар жасасу арқылы басқа да интеграциялық бірлестіктермен және олардың жұмыс органдарымен арадағы қатынастарды институционалдандыру да Комиссия қызметінің маңызды нәтижесіне айналды. Мұндай уағдаластықтар, атап айтқанда, АСЕАН-мен, МЕРКОСУР-мен және ТМД-мен ресімделді. Комиссияның өкілдері Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ), Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ), БҰҰ Еуропалық комиссиясының, ЕҚЫҰ-ның және т.б. алаңдарында олардың жұмысына қатысушылар арасында белсенді және танымал болды.
2. ЕАЭО цифрлық күн тәртібі соңғы жылдар ішінде енгізілген Одақты дамытудың серпінді бағыты болып табылады. 2016 жылғы 26 желтоқсанда Комиссияның белсенді күш-жігерінің арқасында мүше мемлекеттердің басшылары Одақтың цифрлық күн тәртібі туралы мәлімдемеге қол қойды, онда оны Одақты дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде белгіледі.
Көрсетілген Мәлімдеме цифрлық саясат мәселелерін ұлттық үкіметтердің күн тәртібіне енгізу үшін стимулға айналды.
Комиссия және Дүниежүзілік банк тобы алғаш рет бірлескен зерттеу жүргізді, цифрлық күн тәртібін іске асыру ЕАЭО кеңістігінде 2025 жылға қарай АКТ саласындағы жұмыспен қамтушылықтың 66,4 % өсімін қамтамасыз ететіндігі туралы Дүниежүзілік банктің қорытындысы соның нәтижесіне айналды, аталған өсім мүше мемлекеттердің бірлескен цифрлық күн тәртібінсіз цифрлық дамуы жағдайындағыдан 50 % жуық артық. Бұл ретте 2025 жылға дейін еңбек өнімділігінің 1,73 % артуына қол жеткізу мүмкіндігі бар.
Мәселен, цифрлық күн тәртібін іске асырудан туындайтын тиімділік мүше мемлекеттердің жиынтық ЖІӨ-сінің 2025 жылға қарай күтілетін жалпы өсімін 2025 жылға қарай шамамен 10,6 % ұлғайтады. Көрсетілген ықтимал тиімділік мүше мемлекеттердің жалпы цифрлық күн тәртібін іске асырмай цифрлық дамуы нәтижесінде ІЖӨ ұлғаюының ықтимал мөлшерінен 2 есеге жуық асып түседі. Мысалы, 2025 жылға дейін ЕАЭО ІЖӨ-сінің өсуіне цифрлық бастамалардың әсерін қарастыру кезінде интернетке кең жолақты қол жетімділіктің енуінің (ІЖӨ-ге + 2,6 %), халықаралық өткізу қабілетінің ұлғаюының (ІЖӨ-ге + 0,66 %) және цифрлық (интернет) сауданың таралуының (ІЖӨ-ге + 0,69 %) маңыздылығын атап өту қажет.
Кейіннен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (бұдан әрі – ЖЕЭК) Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарын бекітті. Мынадай 4 бағыт: ортақ нарықтарды трансформациялау, салалық және кросс-салалық трнасформация, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және интеграциялық процестерді басқаруды цифрлық трансформациялау белгіленді, сондай-ақ цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберіндегі бастамаларды пысықтаудың басымдықтары айқындалды.
Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыруды қамтамасыз ететін механизмдер жасалды: бастамаларды пысықтау тәртібі, бастама туралы ақпарат берудің форматы мен құрылымы, бастамаларды бағалау критерийлері, жобаға бастама жасауға арналған құжаттар пакетіне қойылатын талаптар, жобаларды іске асыру механизмдері бекітілді.
Цифрлық күн тәртібін іске асыру кезінде бірлескен қызметті ұйымдастыру кеңістігі және оған қажетті құралдар жасалды: цифрлық күн тәртібінің сайты іске қосылды, басым бастамаларды және ғылыми-зерттеу жұмыстарын пысықтау шеңберінде сараптама алаңдары құрылып, жұмыс істеуде, құзыреттер орталықтарының желісі қалыптастырылуда.
Комиссияда алғаш рет жобаны басқарумен айналысатын құрылым қалыптастырылды, Комиссия Алқасы төрағасының басшылығымен бастамаларды басқару офисі құрылды, тауарлар қозғалысының еркіндігі және еңбек ресурстары қозғалысының еркіндігі сияқты еркіндіктерді қолдауға және олардың шығындарын азайтуға қатысты цифрлық бастамаларды іске асыруға қаражат көзделді.
3. Интеграцияның аса маңызды құжаты, экономикалық бірлесулердің негізі болып табылатын Одақтың Кеден кодексі қабылданып, күшіне енді.
Одақтың Кеден кодексінің негізгі жаңашылдықтары кедендік әкімшілендіруге заманауи электрондық технологиялардың енгізілуімен, қағаз құжат айналымын ығыстырумен, мыналар:
электрондық кедендік декларациялаудың басымдығы;
кедендік декларацияны тіркеумен және адами факторды болдырмай, тауарларды кеден органдарының ақпараттық жүйелері арқылы автоматты түрде шығарумен байланысты кедендік операциялар жасау мүмкіндігі;
кеден органына құжаттар ұсынбай кедендік декларация беру мүмкіндігі;
тауарлар кеден аумағына келгенге дейін ұсынылған алдын ала ақпаратты пайдалану көзделетін барлық процестерді барынша цифрландырумен байланысты.
Соның нәтижесінде кедендік операциялар жасау мерзімі 2 есе, ал тауарларды шығару мерзімі – 6 есе қысқарды.
Осылайша, мүше мемлекеттерде кедендік реттеудің бірыңғай қағидалары экономикалық өсімге, бизнес-климаттың жақсаруына, Одақтың транзиттік және инвестициялық тартымдылығына ықпал етеді.
ЕАЭО Кеден кодексінде Комиссияның құзыретіне 297 мәселе жатқызылған, бұл ретте 183 мәселе жаңа құзырет болып табылады.
4. Одақтың перспективалық даму бағытын айқындайтын құжат – ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларация қабылданды. Декларацияда адамдар үшін интеграцияның әлеуетін ашу, олардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру сияқты ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестерді дамытудың негізгі бағытын бекіту маңызды қадамға айналды.
Комиссия Декларацияның ережелерін іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп, еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжатты дайындау бойынша жұмыс жүргізуде.
Жиынтық жұмыс тобы қызметінің шеңберінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Одақ туралы шарт) ережелерін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 500 астам түзету қаралды. Құқық қолдану практикасы барысында анықталған құқықтық реттеудегі кемшіліктерді жоюды және қазіргі шектеулерді алып тастауды көздейтін хаттамалардың бірнеше жобасы осы жұмыстың нәтижесіне айналды.
5. Комиссияның Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі құрылымдық бөлімшесі құрылды, сондай-ақ осы жұмысты реттейтін қажетті актілер, соның ішінде кедергілерді сыныптау (оларды тосқауылдарға бөлу, алып қою және шектеу) әдіснамасы қабылданды.
Одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының және мүше мемлекеттердің бизнес өкілдерінің ішкі нарықта туындаған тоқсқауылдар мен шектеулерді жою мәселелері бойынша өтініштері үшін онлайн-сервис құрылды.
6. Комиссия мүше мемлекеттердің заңнамасын Одақ туралы шартта айқындалған бағыттар бойынша үйлестіру жоспарын әзірледі.
Заңнаманы үйлестіру Одақ нарығында жаңа кедергілердің пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді.
7. Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісім қабылданды. Келісімде нақты қағидалар айқындалды және Комиссияның да, сондай-ақ мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының да үшінші елдермен халықаралық шарттар жасасу кезіндегі жауапкершілік шеңберлері белгіленді.
8. ЕАЭО жанынан бақылаушы мемлекет институты іске асырылды. Еуразиялық экономикалық одақтың жанындағы бақылаушы мемлекеттің мәртебесі туралы ереже қабылданды, онда Одақ жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесін алу тәртібі, осы мәртебенің күшін жою үшін негіздемелер айқындалды, сондай-ақ Одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттерге берілетін артықшылықтар (үшінші елдермен салыстырғанда) санамаланды. Осындай алғашқы мемлекет Молдова Республикасы болды.
9. Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа "Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы" атағы берілді. ЖЕЭК Құрметті төрағасы ЖЕЭК отырыстарына қатысуға, ЖЕЭК отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде өз позициясын білдіруге, Одақтың жұмыс істеуі және оны одан әрі дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы деп белгіленді.
10. Интеграцияның өзекті мәселелерін және оның дамуы проблемаларын шешу үшін Комиссия ғылыми, сараптама және білім беру қоғамдастықтарымен өзіндік жұмыс істеу жүйесін құра отырып, талқылауға мүше мемлекеттердің ғылыми-сараптау топтарын белсенді түрде тартады.
Комиссия Алқасы төрағасының жанында Комиссия алаңында ЕАЭО жұмыс істеуі мәселелерін зерделеу бойынша мамандарды тұрақты түрде жинайтын Ғылыми-сараптау кеңесі жұмыс істейді.
Мүше мемлекеттердің аса ірі ЖОО: М.В.Ломоносов атындағы МГУ, СПбГУ, СПбГЭУ, ВШЭ, КРСУ, ЕГУ, МГИМО, БГУ, Ресей СІМ Дипакадемиясымен, РАНХиГС, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен және т.б. әріптестік қатынастар орнатылды. Олардың бірқатарымен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.
ЕАЭО интеграциялық күн тәртібін мүше мемлекеттердің жетекші ЖОО оқу сабақтарының жоспарына белсенді түрде енгізуде. Олардың кейбіреуінде профильдік магистрлік бағдарламалар жұмыс істейді.
Комиссия Алқасы төрағасының және Комиссия Алқасы мүшелерінің мүше мемлекеттердің университеттерінде жария лекциялар оқуының тұрақты практикасы енгізілді.
11. Комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақ Іскерлік кеңесінің арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
Соның нәтижесінде Комиссиямен өаза іс-қимыл жасайтын бизнес өкілдері санын ұлғайтудың сәті түсті.
Комиссияның құрылымдық бөлімшелерімен неғұрлым тығыз және жедел өзара іс-қимыл жасау үшін Іскерлік кеңес президиумының жанынан интеграцияның жекелеген мәселелері жөніндегі жұмыс органдары құрылды.
Кәсіпкерлік қызметті дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Комиссия мен Іскерлік кеңестің өзара іс-қимылы жөніндегі консультациялық кеңес қалыптастырылды.
12. Одақта интеграцияны дамыту мәселелерін тиімді шешу үшін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (бұдан әрі – ЕҮАК) отырыстарын жылына кемінде 4 рет өткізу туралы шешім қабылданды. Комиссияның Жұмыс регламентіне Комиссия Кеңесінің отырыстарын кемінде айына 1 рет өткізу қажеттігін белгілейтін өзгерістер енгізілді.
Комиссия Кеңесі мен ЖЕЭК отырыстарының күн тәртіптерінің жүктемесін азайту мақсатында, оның ішінде техникалық құжаттар қабылдауды жеделдету үшін Комиссияның Жұмыс регламентінде және ЖЕЭК отырыстарын өткізу тәртібінде сырттай дауыс беру механизмі бекітілді.
13. Еуразиялық жобаны танымал ету үшін "МИР" мемлекетаралық телерадиокомпаниясымен өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалды, оның эфирлеріне қатысуға Комиссия Алқасының мүшелері, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері белсенді түрде тартылады.
Әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізіледі. Ақпарат берудің жаңа форматтары, оның ішінде Одақты дамытудың негізгі тақырыптары бойынша бейнероликтер пайдаланылады.
14. Одақ бюджетінің шығыстық бөлігін оңтайландыру есебінен Комиссия қызметкерлерінің жалақысын нарық бойынша нақты деңгейге келтірудің сәті түсті, ол 4 жыл ішінде 40 % көтерілді, бұл Одақ бюджетінің сондай кезең ішіндегі өсу қарқынынан 2,5 есе жоғары.
Одақ бюджетінде алғаш рет Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыруға қаражат көзделді.
15. Одақ органдарының жұмысы барысында 227 отырыс (ЖЕЭК 8 отырысы, ЕҮАК 16 отырысы, Комиссия Кеңесінің 45 отырысы және Комиссия Алқасының 158 отырысы) өткізілді, олардың қорытындылары бойынша Одақ органдарының 2588 актісі (ЖЕЭК 127 актісі, ЕҮАК 113 актісі, Комиссия Кеңесінің 599 актісі және Комиссия Алқасының 1749 актісі) қабылданды.
Халықаралық ынтымақтастық
1. 2016 жылы Вьетнам Социалистік Республикасымен еркін сауда туралы келісім күшіне енді, Комиссия осы Келісімде көзделген міндеттемелерді іске асыру үшін барлық қажетті шешімдердің қабылдануын қамтамасыз етті.
Келісім қолданысының алғашқы жылында-ақ тауар айналымының өсімі 36 % (5,9 млрд АҚШ долл.) құрады. Бұл ретте мүше мемлекеттердің Вьетнамға экспорты 40 % (1,6-дан 2,3 млрд АҚШ долл. дейін), ал Вьетнамнан тауарлар импорты – 35 % (2,7-ден 3,7 млрд АҚШ долл. дейін) ұлғайды.
2018 жылы тауар айналымының өсімі 12,8 % құрады.
2018 жылы көрсетілген Келісімді іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің және Вьетнам Социалистік Республикасының кеден органдарының арасында Кедендік ақпаратпен алмасу туралы хаттамаға қол қойылды, қазіргі кезде соның шеңберінде кедендік декларациялардан ақпарат алмасу бойынша эксперимент жүргізілуде. 2021 жылы жолға қойылатын тұрақты негіздегі толыққанды алмасу кедендік операциялар жасауды оңайлатады, тауарлар шығаруды жеделдетеді және кеден заңнамасын бұзудың алдын алады деп күтілуде.
2. 2019 жылғы 25 қазанда күшіне енген Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасалды, онда өзара саудадағы баждарды азайту көзделмейді. Осы Келісім реттеу жүйелерінің ашықтық деңгейін арттыруға, сауда рәсімдерін оңайлатуға, сондай-ақ кооперациялық байланыстарды дамытуға бағытталған.
Мысалы, Тараптар кеден саласында соның ішінде, негізсіз кідірістерге жол бермей, тез бүлінетін тауарларды жеделдетілген кедендік тазартумен қамтамасыз ете отырып жүзеге асыруға уағдаласты.
Келісімде СФС-шаралары мен техникалық реттеу саласында тиісті шаралар әзірлеу мен қабылдау транспаренттілігінің неғұрлым жоғары деңгейі қамтамасыз етілді, СФС және СТТ саласында әріптестер арасындағы саудаға әсер ететін кез келген мәселелерді шешуге арналған консультациялардың тиімді механизмдері жасалды.
Келісімде зияткерлік меншік объектілерін қорғау және оларға құқықтарды сақтау, өзара сауда мен нарықтардағы бәсекелестіктің кемсітпейтін және әділ шарттарын қамтамасыз ету мәселелеріне елеулі назар аударылды. Электрондық сауда бөлігінде ҚХР-мен жасалған Келісімге сәйкес тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін және олардың дербес деректерін қорғау деңгейі артатын, сондай-ақ қағазсыз сауданы дамытуға арналған база жасалатын болады, "мазмұнды деректер", лингвистикалық және талдау технологиялары сияқты инновациялық салалардағы жобаларды әкімшілік қолдау көзделеді.
Бұдан басқа, ҚХР-мен жасалған Келісімде Қытай Халық Республикасымен сауда және салалық ынтымақтастық институттарын құру көзделген.
Сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен кедендік ақпаратпен алмасу туралы келісімге де қол қойылды, оны іске асыру Одақтың және ҚХР-дың кедендік аумақтарына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік операциялар жасауды оңайлатуға, Келісімге қатысушы елдердің транзиттік тартымдылығын арттыруға, қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді азайтуға және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
3. Иран Ислам Республикасымен еркін сауда аймағын құруға әкелетін 2019 жылғы 27 қазанда күшіне енген Уақытша келісім жасалды.
Келісімнің Тараптары үшін экспорттық жоғары мүдделілікті білдіретін Иранмен жасалған Келісім "ерте пісетін астықтың" бірқатар тауарлары бойынша кедендік әкелу баждарын төмендетеді немесе жояды.
Иранмен жасалған Уақытша келісім мүше мемлекеттердің бірқатар негізгі ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік салалары үшін кедендік баждарды азайту жолымен ғана емес, сонымен бірге Иран өзіне алған құқықтық кепілдіктердің көмегімен де Иранға шығарылатын экспорттың артықшылық берілген шарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте бұл мүше мемлекеттердің тауарларына Иран мүшесі болып табылмайтын ДСҰ-да көзделген базалық шарттар беру жөніндегі Иранның міндеттемелеріне жатады.
4. 2019 жылғы 25 қазанда Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім жасалды.
Сербиямен жасалған келісім мүше мемлекеттердің осы әріптеспен преференциялдық сауда режимін біріздендіреді, сондай-ақ Сербиямен екі жақты сауда келісімдері қолданылатын Одақ мүшелері үшін, атап айтқанда, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үшін, оның ішінде ірімшіктердің, алкоголь сусындарының және сигареттердің кейбір түрлері бойынша қосымша экспорттық мүмкіндіктер қалыптастырады.
Бұдан басқа, Келісім шеңберінде Сербия тарапынан Одақтың тауарларына және экспорттаушыларына, соның ішінде Сербияның оған қосылуы әлі аяқталмаған ДСҰ-да көзделген негізгі шарттар бөлігінде елеулі құқықтық кепілдіктер беріледі.
5. 2019 жылғы 1 қазанда Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім, сондай-ақ көрсетілген Еркін сауда туралы келісімнен және көрсетілетін қызметтермен сауда және инвестицияларды жүзеге асыру туралы келісімдерден тұратын уағдаластықтардың бірыңғай "пакетін" қалыптастыратын жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасалды, осылардың біріншісі 2019 жылғы 1 қазанда Армения Республикасымен жасалды. Қалған мүше мемлекеттер және Сингапур Республикасы тиісті келіссөздер аяқталғаннан кейін екі жақты форматта тиісті келісімдер жасасады.
Осы келіссөздер трегінде Сингапурдың нарығына тауарлардың бажсыз жеткізілуі кепілдіктері есебінен ғана емес, сонымен бірге қызметтер көрсетудың ықтимал өсімі және инвестициялық ынтымақтастықтың ұлғаюы есебінен де пайданың ортақ балансына қол жеткізілді.
6. Египетпен және Израилмен сауда келісімдерін жасасу туралы келіссөздер жалғасуда. Алдыңғы кезең ішінде қол жеткізілген прогресс 2020 жылы екі келісімдердің мәні бойынша да келіссөздерді аяқтауға мүмкіндік беретіні болжанады. Сондай-ақ Үндістанмен де еркін сауда туралы келісім жасасудың форматы туралы келіссөздер жалғасуда.
7. ЕАЭО-ның еркін сауда туралы жаңа келісімдер жасасуы орынды болуы мүмкін елдердің тізбесін қалыптастыру туралы Комиссия Кеңесінің шешімі қабылданды. Жүргізілетін жұмыс 2020 жылдың ортасына қарай жаңа келіссөздердің ықтимал басталуын анықтауға мүмкіндік береді.
8. Оннан астам елдің (Бангладеш, Греция, Иордания, Камбоджа, Куба, Марокко, Перу, Сингапур, Таиланд, Эквадор және т.б.) үкіметтерімен өзара іс-қимыл туралы меморандумдар форматында байланыс қалыптастырылды.
2019 жылғы 17 қазанда Комиссия мен Индонезия Республикасының Үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
9. Комиссия негізгі бейіндік халықаралық құрылымдармен ынтымақтастықты дамытуда (өзара іс-қимыл туралы 40 жуық меморандум жасалды).
АСЕАН-мен қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумның шеңберінде 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы дайындалды.
БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхит елдері үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиямен (ЭСКАТО), БҰҰ-ның Латын Америкасы мен Кариб бассейні үшін экономикалық комиссиямен (ЭКЛАК), Оңтүстік Америка ортақ нарығымен (МЕРКОСУР), Экономикалық ынтымақтастық саласындағы Африка одағымен, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ), Стандарттау жөніндегі еуропалық комитетпен (CEN), Электротехника саласындағы стандарттау жөніндегі еуропалық комитетпен (CENELEC), Сынақтар және материалдар жөніндегі Америка қоғамымен (ASTM International), Медицина бұйымдарының жаһандық номенклатурасы агенттігімен (GMDN), Дүниежүзілік кеден ұйымымен (ДКҰ), БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясымен (БҰҰ ЕЭК), Сауда және даму жөніндегі БҰҰ конференциясымен (ЮНКТАД), Халықаралық сауда орталығымен (ХСО), "Астана" АХҚО-мен және т.б. меморандумдарға қол қойылды.
2013 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Біріккен Ұлттардың Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттамаға қол қойылды.
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Біріккен Ұлттардың Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру бойынша 2019-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданды.
ЕҚЫҰ-мен диалог дамуда, атап айтқанда, Комиссия мен ЕҚЫҰ Хатшылығының ынтымақтастығы жоспарын дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Еуропалық жария құқық ұйымымен өзара іс-қимыл басталды. Тиісті меморандумға қол қою жоспарлануда.
10. ЕАЭО ЕАЭО-ның дамуы мен қызметі басымдықтарының тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) сәйкестігін талдауды, ЕАЭО өңіріндегі ТДМ жетістіктерін көрсететін статистикалық деректерді қамтитын "ЕАЭО өңірінде ТДМ-ға қол жеткізу көрсеткіштері" атты баяндаманы дайындаған және оны Нью-Йорктегі БҰҰ алаңында ұсынған алғашқы интеграциялық бірлістікке айналды. Баяндаманы Комиссия Кеңесінің төрағасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтеріндегі Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі ұсынды.
11. Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы арасындағы меморандумды дамыту үшін 2017-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) арасындағы меморандумды дамыту үшін 2017-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді.
12. 2017 жылдан бастап Комиссия мүше мемлекеттермен келісім бойынша мүше мемлекеттер ДСҰ-ға ұсынатын ЕАЭО деңгейінде сауданы реттеу шаралары бойынша нотификациялардың бір үлгідегі жобаларын дайындауды жүзеге асырады. Көрсетілген жұмыс мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Комиссияның арасында жедел ақпараттық алмасуды, сондай-ақ ДСҰ-ға мүше болып табылатын мүше мемлекеттердің ДСҰ-ға ұсынатын ЕАЭО-да қабылданатын және ДСҰ шеңберіндегі транспаренттілік саласындағы міндеттемелер қамтылатын шаралардың бүкіл спектрі бойынша нотификациялардың бір үлгіде болуын қамтамасыз етеді.
13. Бұдан басқа, 2019 жылы ДСҰ алаңында ЕАЭО құрылуына шолу болды, оның қорытындылары бойынша бірлестік ДСҰ қағидаларына сәйкес құрылған деп танылды. Сондай-ақ Бір тараптан мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім ДСҰ қағидаларына сәйкестігі мәніне қаралды.
14. 2016 жылдан бастап Комиссия мүше мемлекеттердің астаналарында жыл сайын "Еуразия аптасы" халықаралық форумын өткізеді, ол еуразиялық интеграция шеңберіндегі іскер топтар үшін аса ірі халықаралық іс-шараға айналды. Мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында кооперациялық байланыстар қалыптастыру және мүше мемлекеттердің инвестициялық және инновациялық әлеуетін біріктіруден туындайтын тиімділікке қол жеткізу мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 1 қазандағы № 16 шешіміне сәйкес "Еуразия аптасы" форумы Еуразиялық экономикалық форумға қайта ұйымдастырылды, ол жыл сайын ЖЕЭК кезекті отырысы кезеңінде Одақ органдарында төрағалық ететін мүше мемлекетте өткізілетін болады.
Одақтың цифрлық күн тәртібі
1. Одақтың цифрлық күн тәртібінің цифрлық трансформация процестерін модельдеу, Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарына сәйкес бастамаларды пысықтау және басым жобаларды іске қосу жөніндегі бірінші кезеңі табысты аяқталды.
Мәселен, мынадай бірнеше жобалар мен бастамалар басталды:
"Еуразиялық экономикалық одақта өнімнің, тауарлардың, қызметтердің және цифрлық активтердің қозғалысын цифрлық қадағалау";
"Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көлік дәліздері экожүйесінің тұжырымдамасын әзірлеу";
"Еуразиялық экономикалық одаққа электрондық сүйемелдеу құжаттарын енгізу және оларды өзара тану";
"Өнеркәсіптік кооперацияның, субконтрактацияның және технологиялар трансферінің еуразиялық желісі";
"Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздеу жұмысы".
2. Одақтың цифрлық (интернет) саудасын дамыту туралы баяндама дайындалды. Сауданың цифрлық экожүйесін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша іс-шаралар жоспары ("жол картасы") қалыптастырылуда.
3. Одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде "реттеуші құмсалғыш" қолдану моделін енгізу процесін қамтамасыз ету үшін құқықтық және әдістемелік құжаттарды дайындау жүзеге асырылуда, ол жобаларды іске асыру нәтижелерін алуды едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.
4. Трансшекаралық деректер айналымы бағыты бойынша Одақтағы цифрлық экожүйелерді, платформаларды және трансшекаралық деректер айналымын реттеудің тұжырымдамалық моделі қалыптастырылды.
Бастамаларды басқару офисі Комиссияға келіп түскен 70 жуық бастаманы өңдеп те үлгірді.
Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі
Кеден одағының сыртқы және ішкі саудасы интеграцияланған ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту негізінде Одақ туралы шартқа сәйкес Одақтың интеграцияланған жүйесі (бұдан әрі – интеграцияланған жүйе) құрылды.
Қазіргі кезде интеграцияланған жүйе құру есебінен мынадай міндеттер шешілді:
интеграциялық платформаны – деректермен мемлекетаралық электрондық алмасу жүйесін өрістету (мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттері мен Комиссияның интеграциялық сегменті арасында). Комиссия әзірлеген интеграциялық шлюздерді бағдарламалық қамтамасыз ету мүше мемлекеттерге өтеусіз берілді және елдердің көпшілігінде (ұқсас бағдарламалық қамтамасыз етуды өзі әзірлеген Қазақстан Республикасынан басқа) пайдаланылуда;
жалпы ақпараттық ресурстар (анықтамалықтар, тізілімдер, сыныптауыштар) қалыптастыру және оларға қол жетімділік беру үшін платформа болып табылатын Комиссияның интеграциялық сегментін құру. Комиссия әзірлеген бағдарламалық кешендер мүше мемлекеттерде Одақ шеңберіндегі жалпы процестерге қосылуды жеделдету үшін пайдаланылуы мүмкін. 2016-2018 жылдары осындай 17 типтік бағдарламалық кешен әзірленді және мүдделі мүше мемлекеттерге беру үшін дайындалды, ол мемлекеттік биліктің мүдделі органдарын Одақ шеңберіндегі бірқатар басым жалпы процестерді іске қосуды айтарлықтай жеделдетуге және мүше мемлекеттердің бюджеттері шығындарын азайтуға мүмкіндік береді;
48 жалпы ақпараттық ресурсты (цифрлық тізілімдерді, тізбелерді, анықтамалықтарды, сыныптауыштарды) қалыптастыру және енгізу және мүше мемлекеттердің азаматтары, шаруашылық жүргізуші субъектілері және мемлекеттік органдары үшін автоматтандырылған режимде және нақты уақыт ауқымында оларға қол жетімділік беру. Осындай жалпы ақпараттық ресурстар қажет және оларды азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер пайдаланып та жатыр;
Одақ шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл процестерінде пайдаланылатын мәліметтерді үйлестіруге және біріздендіруге арналған құрал жасау;
электрондық құжаттардың, электрондық түрдегі мәліметтердің Комиссия бекітетін немесе қолдануға ұсынатын құрылымдарын жасау кезінде бірыңғай әдіснамалық тәсілдемелерді және біріздендірілген шешімдерді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген Одақ деректерінің моделін қалыптастыру, дамыту және жариялау. Комиссия Алқасының шешімімен ЕАЭО деректерінің моделі туралы ереже бекітілді;
Одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру шеңберінде мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде әзірленетін және қолданылатын ұйымдастырушылық және техникалық шешімдерді біріздендіруді регламенттеуге арналған әдіснамалық негіз қалыптастыру. Комиссия Алқасының шешімімен Одақ шеңберіндегі жалпы процестің сыртқы және ішкі саудасын интеграцияланған ақпараттық жүйе құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттардың типтік тізбесі айқындалды. Сондай-ақ Одақ шеңберіндегі жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үйлестіру және сипаттау әдістемесі мен Кеден одағының сыртқы және ішкі саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде пайдаланылатын электрондық құжаттар мен мәліметтер құрылымдары тізілімін жүргізу және қолдану тәртібі бекітілді. Бұдан басқа, Одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру тәртібі айқындалды;
Одақ шеңберіндегі 60 астам (жоспарланған 88-дің) жалпы процесті "цифрлау" (электрондық құрылымдар мен форматтарды жобалау, біріздендіру, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу). Олардың ішінен 43 жалпы процеске арналған технологиялық құжаттама Комиссия Алқасының шешімдерімен бекітілді;
"Табиғи аң терісінен жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы өнімдерін таңбалау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде таңбалау жүйесін құруға, соның ішінде деректермен трансшекаралық алмасуға қатысты шешімдер әзірлеу. Комиссия әзірлеген ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары мен регламенттерін, сондай-ақ алмасуға арналған деректердің форматтары мен құрылымдарын пайдалану таңбалау жүйесінің ұлттық компоненттерінің әрқайсысын іске асыруға жұмсалатын шығындарды азайтуға және олардың түйіндесу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді;
кез келген мүдделі тұлғаларға сипаттамаларға, нұсқаулық-әдістемелік құжаттарға, Комиссия бекітетін барлық электрондық құжаттар үшін верификациялау форматтары мен сервистеріне қол жетімдік беретін электрондық түрдегі электрондық құжаттар мен мәліметтер құрылымдарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
мемлекеттік органдардың да, сондай-ақ азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің де жалпы ақпараттық ресурстарға еркін қол жетімділігін, оның ішінде автоматтандырылған режимде қамтамасыз ететін "ашық деректер" тұжырымдамасын іске асыру;
Комиссия бөлімшелерінің қызметін ақпараттық-талдамалық қолдауға арналған бағдарламалық кешендер (ақпараттық-талдау кіші жүйесі, жобалар мен бағдарламаларды басқару кіші жүйесі және т.б.) әзірлеу және пайдалану.
Интеграциялық жүйенің компоненттерін пайдалану және мүше мемлекеттердің ақпараттық ресурстарын біріктіру негізінде салалық ақпараттық жүйелер, соның ішінде:
жеңіл өнеркәсіп өнімінің жекелеген түрлерін таңбалаудың ақпараттық жүйесі;
дәрілік заттардың айналысы саласындағы ақпараттық жүйе;
медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ақпараттық жүйе;
мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешенінің кіші жүйесі іске асырылады.
Тұтастай алғанда интеграцияланған жүйе қазірдің өзінде деректермен трансшекаралық электрондық алмасуға арналған бірыңғай құралдар жасау және пайдалану есебінен мүше мемлекеттердегі ақпараттық технологиялардың даму деңгейін нақты теңестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты интеграцияланған жүйені әзірлеу мен енгізудің маңызды әдіснамалық аспектісін де атап өту қажет. Комиссияның құрылымдық бөлімшелерімен және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл процестерін жобалау жөніндегі жұмыстардың барысында нормативтік құқықтық актілердің жобаларына деректермен электрондық алмасу жөніндегі біріздендірілген нормаларды енгізу және ақпараттық ресурстарды пайдалану, басым жобалауға көшу және бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.
Интеграцияланған жүйенің ағымдағы деңгейі оны мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының, азаматтардың және бизнестің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған ЕАЭО шеңберіндегі цифрлық платформа ретінде айқындауға мүмкіндік береді, өйткені:
интеграцияланған жүйенің архитектурасы процестердің бірыңғай моделін және Одақтағы барлық реттеу салаларын қамту бағытында дамитын деректер моделін пайдалануға негізделеді;
интеграцияланған жүйе оны мемлекеттік және жеке меншік сервистерді жобалау үшін дамыту және пайдалану мүмкіндігі есебінен қатысушылар үшін ашық;
интеграцияланған жүйе осы заманғы халықаралық стандарттар мен ұсынымдардың негізінде әзірленген ақпараттық интеграция әдіснамасына негізделеді және ол Одақ шеңберіндегі бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпаратты пайдаланады;
интеграцияланған жүйеде мүше мемлекеттер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде жинақталатын ашық деректер белсенді түрде пайдаланылады;
интеграцияланған жүйе деректермен электрондық алмасуды қолдайтын (коммуникация ортасын қамтамасыз ететін) мүше мемлекеттердің автоматтандырылған жүйелеріне негізделеді, бірақ ондай жүйелерді алмастырмайды.
2017 жылы Комиссия Кеңесінің шешімімен Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытудың 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясы бекітілді. Стратегия әлемдік тәжірибе ескеріле отырып әзірленді және ол интеграцияланған жүйені дамытудың басымдықтары мен бағыттарын, оларды оның ішінде ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асырумен өзара байланыста іске асыру механизмдері мен тәсілдерін айқындайды.
Комиссия интеграцияланған жүйені дамыту, соның ішінде Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру тұрғысында ЕАЭО-ның аумақтар бойынша бөлінген цифрлық платформасын соның негізінде жетілдіру бағытында дамыту қажеттігін ескерді. Мәселен, интеграцияланған жүйені дамытуға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес 2021 жылға дейін жаңадан мынадай 6 кіші жүйе құру көзделген:
цифрлық платформаларды интеграциялау кіші жүйесі;
цифрлық ынталандырғыш (ақпараттық-модельдегіш кешен);
интеграцияланған жүйені пайдаланушыларды сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесі;
мемлекетаралық тестілеу кіші жүйесі;
интеграциялық сегмент қоймасы;
инфрақұрылымдық платформа.
Көрсетілген жаңа кіші жүйелерді құру есебінен интеграцияланған жүйені одан әрі дамыту, соның ішінде оны Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру, трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау және электрондық нысанда мемлекетаралық қызметтер көрсету, жеке тұлғалардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің жүйе функциялары мен жинақталатын деректерге (жалпы ақпараттық ресурстарға) қол жеткізу механизмдерін дамыту кезінде пайдалану мүмкіндігін іске асыру қамтамасыз етілетін болады. Жиынтығында осының барлығы интеграцияланған жүйенің ЕАЭО көп функциялы цифрлық платформасына трансформациясын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте интеграцияланған жүйені ЕАЭО кеңістігінде цифрлық платформалар құру және интеграциялау бағытында жаңғырту бойынша жоспарланған және өткізілетін іс-шараларды іске асыру Комиссия мен мүше мемлекеттердің қосымша күш-жігерін, оның ішінде осы жұмыстарды қосымша адами және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді талап ететінін ескеру қажет.
Трансшекаралық сенім кеңістігі
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың 13-тармағына сәйкес трансшекаралық сенім кеңістігін құруды және дамытуды мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау кезінде заңдық күші бар электрондық құжаттар мен сервистерді пайдалану стратегиясы мен тұжырымдамасына сәйкес Комиссия мен мүше мемлекеттер жүзеге асырады. Хаттамаға сәйкес трансшекаралық сенім кеңістігі уәкілетті органдар арасындағы мемлекетаралық деректер және электрондық құжаттар алмасу кезінде сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттермен келісілген құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шарттар жиынтығы ретінде айқындалған.
2016 – 2019 жылдары трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту мақсатында Одақ шеңберінде трансшекаралық сенім кеңістігін құрудың және дамытудың базалық қағидаттарын айқындайтын 12 нормативтік акт, соның ішінде Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде сервистерді және заңдық күші бар электрондық құжаттарды пайдалану тұжырымдамасы, Трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту стратегиясы және Трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл тұжырымдамасы қабылданды.
Трансшекаралық сенім кеңістігінде пайдаланылатын криптографиялық стандарттарды айқындайтын нормативтік және техникалық актілер, трансшекаралық сенім кеңістігін дамытудың бірінші және екінші кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, трансшекаралық сенім кеңістігінің ашық кілттері инфрақұрылымының негізгі компоненттеріндегі және олардың арасындағы өзара іс-қимыл кезіндегі бұзушы қауіптері мен әрекеттерінің модельдері қабылданды.
Бұдан басқа, ақпаратты қорғау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп трансшекаралық сенім кеңістігі компоненттерінің қауіпсіздігіне бірыңғай тәсілдемелер белгілейтін трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптар осы кеңістікке қосылу шарттары әзірленіп, қабылданды. Трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптардың іске асырылуын қамтамасыз ету үшін Электрондық түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы құрылымы компоненттерінің осы талаптарға сәйкестігін тексеру жөніндегі комиссия туралы ереже қабылданды.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 1 қарашадағы № 138 шешіміне сәйкес 2017 жылғы 14 маусымда мүше мемлекеттер мен Комиссияның арасындағы электрондық құжат айналымына кешенді сынақтар жүргізілді.
Беларусь Республикасы мен Қырғыз Республикасы мемлекеттік органдарының өзара және Комиссиямен хат жазысуын көрсету сынақтардың нәтижелеріне айналды.
Мүше мемлекеттердің жекелеген уәкілетті органдарының және Комиссияның арасындағы электрондық құжат айналымының пилоттық жобасы іске қосылды.
Қазіргі кезде сынақтардың жаңа кезеңін, соның ішінде мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің дайындығының қамтамасыз етілуі ескеріле отырып дайындау жүргізілуде. Осылайша, заңдық маңызы бар G2G трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл деңгейінде ЕАЭО трансшекаралық сенім кеңістігінің элементтері жұмыс істеп жатыр және мүше мемлекеттер қойған міндеттерді шешуге дайын.
2019 жылы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғалардың трансшекаралық өзара іс-қимыл жасауы мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы мақсатта Армения Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін Армения Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының атқарушы билік органдарымен интеграцияланған жүйенің сенім білдірілген үшінші тарапы қызметінің механизмдерін пайдалана отырып, трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыруға арналған мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін құқықтық және ұйымдастырушылық механизмдер жасайтын Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 3 шешімі қабылданды.
Сондай-ақ Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 7 шешімімен Одақ шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың негізгі қағидаттарын, оның ішінде осындай өзара іс-қимылды іске асырудың негізгі механизмі ретінде трансшекаралық сенім кеңістігін айқындайтын Трансшекаралық өзара іс-қимыл тұжырымдамасы қабылданды.
2018 – 2019 жылдары ЕАЭО ақпаратын криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарын жасау тұжырымдамасы, бірқатар құралдар үшін ақпарат қауіпсіздігі қатерлерінің модельдері, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге арналған 8 техникалық тапсырма әзірленді.
Ішкі нарықтағы кедергілермен жұмыс
1. 2019 жылдың аяғындағы жағдай бойынша кедергілер тізілімінде 18 тосқауыл, 38 шектеу және 14 алып қоюлар бар.
Комиссия анықталған кедергілерді жою бойынша белсенді жұмыс жүргізуде:
Алқада тосқауылдарды жою мәселелері 77 рет талқыланды, оларды жою қажеттігі туралы мүше мемлекеттерге 22 хабарлама жіберу туралы шешімдер қабылданды;
кедергілерді жою туралы мәселе ЕҮАК-те ауық-ауық талқылау үшін жоғары деңгейге шығарылды, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі 2018 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары ("жол картасы") қабылданды;
кедергілермен байланысты мәселелерді Комиссия Кеңесінің әрбір отырысында талқылау туралы шешім қабылданды.
Осының, сондай-ақ Одақ органдары актілерінің орындалуына тиімді мониторинг жасауға, мүше мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимылы мен олардың арасындағы дауларды шешуге бағытталған Комиссия күш-жігерінің арқасында 51 кедергі жойылды, олардың ішінде 39 тосқауыл, 7 шектеу және 5 алып қою бар.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі 2018 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының ("жол картасының") 19-тармағын іске асыру шеңберінде дайындалған Одақ шеңберінде қымбат бағалы металдармен және қымбат бағалы тастармен операцияларды жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы келісімге 2019 жылғы 25 қазанда ЕҮАК отырысының қорытындылары бойынша қол қойылды.
Осы Келісімді қабылдау зергерлік бұйымдардың сынамалық таңбаларын өзара тануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сол арқылы ішкі нарықтағы тағы бір кедергі жойылатын болады.
Өнеркәсіптік кешен
1. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық құру тұжырымдамасы туралы" 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 1 шешіміне сәйкес Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық құрылды.
Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық – бұл барлық мүше мемлекеттердің коммерциялық ұйымдары қатысатын, мәні бойынша инжиниринг саласындағы құзырет орталықтары болып табылатын желілік құрылым.
2. 16 еуразиялық технологиялық платформа бекітілді.
Олар өнеркәсіпшілерді, ғылым мен бизнесті Одақ шеңберіндегі бірыңғай алаңға біріктіретін инновациялық кооперациялық жобаларды іздеу жөніндегі құрылымдар.
Технологиялық платформалар ғарыштық және геоақпараттық технологияларды дамытуды, биомедицина мен биотехнологияны, суперкомпьютерлерді, фотониканы, электр энергетикасын, қатты пайдалы қазбалар өндіру технологиясы мен экологияны, тамақ және өңдеу өнеркәсібін және т.б. қоса алғанда, бірқатар перспективалық бағыттар бойынша табысты жұмыс істейді.
Мүше мемлекеттер Комиссияның үйлестіруі жағдайында "Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәсекеге қабілеттілік өнімдері" технологиялық платформасы бойынша өзара іс-қимылда барынша көзге көрінерліктей алға жылжыды. ЖЕЭК мүше мемлекеттерге осы платформаның базасында ұлттық ғарыштық жүйелерді интеграциялау, ғарыш аппараттарын жобалау және жасау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаның жобасын әзірлеуді тапсырды.
3. Мүше мемлекеттердің үкімет басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды Комиссиямен ерікті түрде келісуінің және Комиссияның олардың берілуіне байланысты талқылаулар өткізуінің тәртібі туралы келісім күшіне енді.
Осы Келісімді Комиссияның тиімді іске асыруы үшін 9 акт қабылданды және осылайша, Одақта өнеркәсіптік субсидиялар беру саласын толық нормативтік қамтамасыз ету жасалды. Өнеркәсіптік субсидияларды ерікті түрде келісудің іске қосылған механизмі мүше мемлекеттерге басқа мүше мемлекеттер тарапынан өтемақы шараларының енгізілуінен қорғалуы құқығын пайдалануға мүмкіндік береді.
4. Комиссияның бастамасы бойынша және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 9 тапсырмасы бойынша жаңа институт – "еуразиялық компаниялар" құру туралы мәселе пысықталуда.
Қазіргі кезде Комиссияда осындай институт құрудың орындылығын пысықтау бөлігінде ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу жоспарлануда.
5. Комиссия, оның ішінде зергерлік брендтерді ілгерілету механизмдерін әзірлеуді көздейтін зергерлік өнімдерді үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.
6. Комиссия еуразиялық өнеркәсіптік тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету, үшінші елдердің нарықтарында бірлескен өнеркәсіптік инфрақұрылым құру жөніндегі шараларды белсенді түрде қабылдауда.
Мүше мемлекеттер өндірушілерінің Египет Араб Республикасының аумағында Ресей өнеркәсіптік аймағын құруға қатысуы пилоттық жоба ретінде пысықталуда.
Мүше мемлекеттер өндірушілерінің осы жобаға қатысуы – ол мүше мемлекеттер өндірушілерінің бір-бірімен ғана емес, сонымен бірге Египеттің және Африка өңірі мен Таяу Шығыстың басқа да елдеріндегі әріптестерімен өнеркәсіптік кооперациясының жаңа мүмкіндіктері. Бірлескен өнеркәсіптік аймақтар мүше мемлекеттер өндірушілерінің ең аз капитал салу арқылы сыртқы нарықтарға шығуына арналған базалық алаңға айналуы мүмкін.
Осы жоба сәтті іске асырылған жағдайда осы оң тәжірибені басқа да шет елдермен, бірінші кезекте еркін сауда аймағын құру туралы келісімдер жасасқан немесе жасалу жоспарланып отырған елдермен – Үндістанмен, Сингапурмен, Иранмен одан әрі проекциялауға болады.
7. Комиссия қолданбалы және іргелі зерттеулерді ескере отырып, технологиялық жаңғыртуды жеделдету және мүше мемлекеттер ұйымдарының инновациялық белсенділігін арттыру мақсатында мүше мемлекеттер ынтымақтастығы басым бағыттарының тізбесін айқындады (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 5 ұсынымы).
Бұл тізбе мүше мемлекеттер ынтымақтасатын экономиканың жаңа индустриялық құрылысының сыни технологияларының жиынтығын қамтиды. Одақ шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі элементі ғылыми-технологиялық болжаудың бірлескен жүйесін құру болып табылады.
8. Еуразиялық желілер: өнеркәсіптік кооперациялар мен субконтрактациялар, сондай-ақ технологиялар трансферін құрудың базалық тұжырымдамалары бекітілді.
Көрсетілген тұжырымдамаларда көзделген іс-шараларды іске асыру өнеркәсіптік кооперацияның еуразиялық цифрлық платформасының пилоттық нұсқасын – www.eurasianindustry.org ақпараттық ресурсын жасауға және 2018 жылғы қаңтарда іске қосуға мүмкіндік берді, оның құрамында өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактация сервисі, технологиялар трансфері, индустриялық-инновациялық инфрақұрылым объектілері, қаржы қызметтерінің, сертификаттау мен сынаудың, кеден және көлік қызметтерінің сервистері сияқты сегменттер қамтылады.
9. Комиссия Одақ аумағындағы импорт алмастыратын өндірістердің дамуын ынталандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Өнеркәсіптің басым салаларында кооперациядағы және импорт алмастырудағы интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобы ЕАЭО Индустрияландыру картасын және оның форматын дайындады және оны қалыптастыру жөніндегі тәсілдемелерді мақұлдады.
ЕАЭО Индустрияландыру картасы ЕАЭО деңгейінде импорт алмастыру жөніндегі жұмысты кешенді ұйымдастыруға, импорт алмастыру жөніндегі ұлттық жоспарларды біріктіруге, бірлескен бағдарламалар мен жобалар әзірлеуге және іске асыруға, Одақ деңгейінде импорт алмастыратын өндірістік тізбектер құруға, өндірістерді және тиісті мемлекеттік қолдауды қайталауды болдырмауға, бір-бірінің құзыретін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
10. Мүше мемлекеттерде электр қозғалтқышы бар моторлы көлік құралдарының жасалуын және пайдаланылуын ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жоспарда өндірушілер үшін, атап айтқанда, әкелінетін құрауыштарға кедендік әкелу бажын төмендету, жеңілдігі бар салық салу белгілеу, кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау көзделген.
Агроөнеркәсіптік кешен
1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісім күшіне енді. Келісім ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясын және тұқым шаруашылығын дамытуға ықпал ететін болады, ол өз кезегінде мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту үшін негізге айналады.
Келісімді іске асыру үшін бірқатар құжаттар қабылданды. Комиссия Алқасы бекіткен ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егістік (отырғызу) сапалары туралы мүше мемлекеттер өзара таныған құжаттар тізбесі басқа мүше мемлекеттерде берілген құжаттар болған жағдайда кез келген мүше мемлекетте тұқымдардың кедергісіз айналысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұқымдардың егістік (отырғызу) сапаларын қайталап тексеруге жұмсалатын кәсіпкерлердің қаржылық және уақытша шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
2. Сезімтал ауыл шаруашылығы тауарларының тізбесі бекітілді, оған мынадай 8 позиция енгізілді: ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, күріш, қант, темекі, мақта, майлы дақылдар тұқымдары мен оларды қайта өңдеу өнімдері, сондай-ақ көкөністер, жемістер, бақша дақылдары және оларды қайта өңдеу өнімдері.
Негізгі сезімтал тауарлар бойынша кешенді шолулар дайындалды, мемлекеттік билік органдарының, бизнес және ғылым өкілдерінің қатысуымен салалық консультациялар өткізілді, сондай-ақ Комиссия Алқасының өндірісті, өзара жеткізілімдерді дамыту, мамандануды тереңдету жөніндегі ұсынымдары қабылданды.
3. Ғылыми саладағы кооперацияны дамыту мақсатында аграрлық саланы жаңғырту және инновациялық дамыту үшін АӨК саласындағы бірлескен перспективалық жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік беретін АӨК-тегі ғылыми-инновациялық ынтымақтастық механизмдері қалыптастырылды.
Мүше мемлекеттердің АӨК-інде бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі бекітілді. Бұл құжат бірлескен зерттеулерге қойылатын талаптарды, оларды қаржыландыру көздері мен схемаларын, үйлестіруші мен тапсырыс берушілердің функцияларын айқындайды.
Бұдан басқа, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, аквамәдениет, ветеринария, биотехнология, сондай-ақ салалар экономикасы сияқты бағыттар бойынша мүше мемлекеттердің АӨК-сін дамыту үшін өзара мүддені білдіретін перспективалық ғылыми әзірленімдердің тізбесі қалыптастырылды.
4. ЕҮАК 2019 жылғы 25 қазандағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларына селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге қол қойылды.
Келісімді және оны іске асыруға арналған құжаттарды қабылдау өзара саудадағы бірқатар шектеулерді жоюға, жануарлардың генетикалық әлеуетін арттыруға ықпал ететін Одақ шеңберіндегі асылдандыру жұмысын үйлестіруге, импортқа тәуелділікті азайтуға және асыл тұқымды өнімнің өзара жеткізілімдері көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
5. Агроөнеркәсіптік кешенде болжам жасаудың әдіснамалық базасы әзірленді, және ЕҮАК жыл сайын ЕАЭО агроөнеркәсіптік кешенін даму болжамдарын, сондай-ақ негізгі 17 ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша сұраныс пен ұсыныстың еуразиялық болжамдық баланстарын қабылдайды.
Болжамдық баланстар агроөнеркәсіптік кешенді, өзара және сыртқы сауданы дамыту перспективалары бойынша жүйелі құжат болып табылады. Болжамдарды негізге ала отырып, импорт алмастыру мен жаңа өндірістер құру әлеуетін көруге болады, бұл бизнес үшін өте маңызды.
6. Одақ туралы шарттың ережелеріне сәйкес Комиссия төмендегілерді айқындайтын ауыл шаруашылығы субсидиялары саласындағы мынадай актілерді:
мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы тауарларымен өзара саудасына жалған әсер ететін мемлекеттік қолдау шараларының рұқсат етілген деңгейін есептеудің бірыңғай әдіснамасын;
мүше мемлекеттер Комиссияға және бір-біріне жіберетін ағымдағы жылы жоспарланатын және есепті жылы ұсынылған ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы хабарламалардың бірыңғай нысандарын;
ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мәселелерін қоса алғанда, келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясатты іске асырумен байланысты даулар бойынша келіссөздер мен консультациялар ұйымдастыру және жүргізу тәртібін;
мүше мемлекет ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласындағы міндеттемелерін бұзған жағдайда өтемақы төлеу тәртібін;
мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу туралы ережені;
ауыл шаруашылығы азық-түлігі нарығын мемлекеттік реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шараларының тиімділігін бағалаудың бірыңғай әдіснамасын қабылдады, ол пайдаланыла отырып талдау жұмысы жүргізілді және мүше мемлекеттерге тиісті ұсынымдар дайындалды.
7. Қалыптастырылатын бірыңғай цифрлық қолтаңба сегменттерінің бірі болып табылатын агроөнеркәсіптік кешеннің кіші жүйесі әзірленді және пайдалануға енгізілді.
АӨК кіші жүйесінің мақсаты өндіріс, сауда, өнімді ішкі пайдалану туралы ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау болып табылады, ол Одақтың ауыл шаруашылығы азық-түлігі нарығын интерактивтік режимде талдауға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ өндірілген өнімнің ықтимал нарықтары бойынша жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.
Макроэкономика және статистика
1. Мүше мемлекеттер экономикаларының теңгермелі дамуына қол жеткізу мақсатында мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимылын әзірлеуді және іске асыруды көздейтін келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу механизмі қалыптастырылып, іске қосылды. Негізгі экономикалық көрсеткіштердің, ұлттық экономикалардың даму деңгейі мен серпінінің конвергенциясы байқалады. Инфляция деңгейі бойынша ұлттық нысаналы бағдарлар бір-біріне жақындады, бұл ретте Одақтағы инфляция қарқынының айырмашылығы 2 еседен астамға азайды. Одақ туралы шартта белгіленген, экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын көрсеткіштерді сақтауда елеулі прогреске қол жеткізілді.
2. Стратегиялық және тактикалық жоспарлаудың тиімді жүйесі құрылды. Мүше мемлекеттердің бәсекелік артықшылықтарын пайдалану және Одақтың интеграциялық әлеуеті есебінен синергетикалық тиімділікке қол жеткізуді мақсат еткен ЕАЭО-ның 2030 жылға дейінгі экономикалық дамуының негізгі бағыттары бекітілді.
3. Макроэкономикалық сын-тегеуріндер мен тәуекелдерге уақтылы ден қоюға арналған іс-қимыл тәртібі қалыптастырылды. Комиссия макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау үшін мүше мемлекеттердің экономикалық дамуы тұрақтылығын айқындайтын көрсеткіштерге тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Мүше мемлекеттердің экономикаларын тұрақтандыруға бағытталған ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу үшін уәкілетті органдармен консультациялар жүргізіледі. 2016 – 2019 жылдар аралығында мүше мемлекеттер үшін осы мәселе бойынша 13 ұсыным қабылданды.
4. Статистика саласында интеграцияны дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы іске асырылуда, ол Комиссия қызметінің бүкіл бағыттары бойынша құқықтық негіздерді, статистикалық әдіснаманы, көрсеткіштер жүйесі мен автоматтандырылған жинау процестерін, деректерді өңдеу мен таратуды қамтитын ЕАЭО статистикалық жүйесінің қалыптасу кезеңін аяқтауға мүмкіндік берді.
Статистикалық деректерді тарату жақсарды. Комиссияның сайтында ЕАЭО статистикасының барлық бөлімдері бойынша динамикалық қатарлар мен электрондық статистикалық жарияланымдар ұсынылған, есепті кезең ішінде олардың саны 183-тен 253 атауға дейін ұлғайды.
5. Doing Business рейтингіндегі ЕАЭО орны 2018 жылғы 35-тен 2019 жылы 31-орынға дейін өзгерді.
Экономика және қаржы саясаты
1. ЖЕЭК шешімімен Қызметтер көрсету саудасын реттеу, құру және оның қызметі қағидалары бекітілді. Ол ішкі және сыртқы тосқауылдарды жоюға және жаңаларының пайда болуына жол бермеуге, реттеу тиімділігін арттыруға, кәсіпкерлікті жүргізуге арналған жағдайларды жақсартуға мүмкіндік берді.
2. ЖЕЭК шешімімен қызметтер секторлары бойынша ырықтандырудың 18 жоспары бекітілді. Қазіргі кезде 10 ырықтандыру жоспары орындалды, ал қалғандарының іске асыру мерзімі кешірек. Нәтижесінде қызметтердің бірыңғай нарығы режимі қызметтердің 53 секторында қолданылады, бұл мүше мемлекеттерде көрсетілетін қызметтер көлемінің 55 % астамын құрайды.
3. Реттеу әсерін бағалау (бұдан әрі – РӘБ) рәсімі жүргізілді және Комиссия шешімдерінің 193 жобасына қорытындылар дайындалды.
РӘБ рәсімі мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтары үшін маңызды Одақтың техникалық регламенттерінің және оларға өзгерістердің жобалары сияқты Комиссия шешімдерінің жобалары санатына қолданылады.
РӘБ рәсімін Комиссияның тиісті департаменттерінің бастамасы бойынша да, сондай-ақ мүше мемлекеттердің бастамасы бойынша да кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына әсер ететін ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттардың жобаларына қатысты жүргізу мүмкіндігі көзделген.
Комиссия қабылдаған 3 шешімге қатысты іс жүзіндегі әсерді бағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді – техникалық реттеу саласында 2 шешім және карантиндік фитосанитариялық шаралар саласында 1 шешім.
4. 2019 жылғы 27 мамырда күшіне енген, авторлық және аралас құқықтарды ұжымдық басқарудың келісілген тәртібін және мүше мемлекеттердің заңнамасын бірқатар ережелер бойынша үйлестіруді көздейтін Авторлық және аралас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісім жасалды, ол авторлық және аралас құқықтарды ұжымдық басқару бойынша құқық иеленушілер мен ұйымдардың арасындағы құқықтық қатынастардың сенімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
5. Мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету үшін қажетті Одақ органдарының актілері бекітілді.
Комиссияның, өтініш берушілердің және мүше мемлекеттердің орталық кеден органдарының арасындағы электрондық құжат айналымын қамтамасыз ететін ортақ ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
6. Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары өтетін орындардың атаулары туралы шарт қабылданды. Бұл құжат тіркеу рәсімін оңайлатады және жеделдетеді, артық әкімшілік тосқауылдарды жояды.
7. Капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін қаржы нарықтарында жағдайлар жасау мақсатында ақпаратпен, оның ішінде қаржы саласындағы құпия ақпаратпен алмасу туралы келісім күшіне енді.
8. Одақтың ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы бекітілді, ол:
ЕАЭО ортақ қаржы нарығын реттейтін халықаралық келісімдердің жобаларын дайындау жөніндегі жұмысты жүйелендіруге;
ортақ қаржы нарығын қалыптастыруға ықпал ететін мерзімді, механизмдер мен құралдарды, сондай-ақ оны құрудан күтілетін нәтижелерді қоса алғанда, ЕАЭО ортақ қаржы нарығын қалыптастыру бойынша Одақ туралы шартта қойылған міндеттерді нақтылауға;
ортақ қаржы нарығының инфрақұрылымын құру бағытын айқындауға арналған.
Мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен азаматтары үшін қаржы қызметтерінің қол жетімділігін, сапасын арттыру және олардың жиынтығын ұлғайту, қаржы секторында бәсекелестікті дамыту, қаржылық тұрақтылық үшін тәуекелдерді азайту Одақтың ортақ қаржы нарығын құрудың нәтижесі болады.
9. 2018 жылғы 6 қарашада Мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімге қол қойылды.
10. Кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін белгілеу жөніндегі жұмыстың шеңберінде Комиссия нормативтерді есептеу әдістемесінің нұсқаларын ұсынды, 2019 жылғы 1 қазандағы ЖЕЭК отырысында Одақ туралы шартқа тиісті өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.
11. Темекі өніміне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісім мақұлданды.
Алкоголь өніміне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісім әзірленді.
Осы келісімдерді қабылдау көрсетілген акциздік өнімнің Одақ аумағындағы айналымын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
12. Мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім мақұлданды, оған сәйкес мүше мемлекеттердің азаматтары кез келген мүше мемлекетте алынған еңбек өтілі кезеңі үшін зейнетақы есептеу кепілдігіне ие болады.
Бәсекелестікті қорғау және бәсеке саясаты
1. Комиссияның мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарымен Бәсеке және монополияға қарсы реттеу блогының қоғамдық қабылдау форматындағы өзара іс-қимыл механизмі құрылды, онда Одақтағы бәсекелестікті қорғаудың құқықтық негіздері талқыланады, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қорғау мәселелері бойынша Комиссияға өтініш жасау қағидалары түсіндіріледі.
Одақтың, мүше мемлекеттердің бизнес-қауымдастықтары мен монополияға қарсы органдарының сайттарында ЕАЭО-ның ортақ нарықтарында бәсекелестікті қорғаудың құқықтық негіздері түсіндірілетін "Ақ кітап" материалдар жинағының электрондық нұсқасы, сондай-ақ "Еуразиялық экономикалық одақтағы бәсекелестік құқығы" атты оқу құралы орналастырылған.
2. Комиссия жалпы бәсекелестік қағидаларын бұзушылықтардың белгілерін жою және айыппұл санкцияларын қолданбай трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікті қамтамасыз ету (ұсыныстар беру) механизмін іске асыруды жалғастырды. Ұсыныстардың 13 жобасы әзірленіп, талқыланды.
Комиссия қорғау шараларының Одақтың тиісті тауар нарықтарындағы бәсекелестікке әсері салдарларына бағалау жүргізу кезінде мүше мемлекеттердің бәсекелік (монополияға қарсы) органдарымен, сондай-ақ Комиссияның сауда жөніндегі блогымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекітті және іске асыруда.
Ұсынылатын қорғау шараларының бәсекелестікке әсері салдарларына 9 бағалау жүргізді. Бұдан басқа, демпингке қарсы шаралардың қолданысы кезеңінде ыстықтай илемделген болат бұрыштар мен тұтас илемделген болат доңғалақтар нарықтарына тұрақты түрде баға мониторингі жүргізіледі.
2019 жылы Комиссия бәсекелестікке қарсы келісімдер жасасқаны және іске асырғаны үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) мен лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.
3. Одақ туралы шартқа оларды ықтимал құқық бұзушыларға қатысы бойынша монополияға қарсы реттеудің алдын алу шаралары ретінде қолдану мақсатында ескерту және сақтандыру құралдарын енгізу бөлігінде түзетулер әзірленді.
4. БҰҰ ЮНКТАД бәсекелестік жөніндегі бөлімшесі ЕАЭО құқығына бәсекелестік бөлігінде сараптамалық шолу жүргізді, оның нәтижелері БҰҰ ЮНКТАД Үкіметаралық бәсекелестік жөніндегі сарапшылар тобының 18-ші сессиясында ұсынылды. Оның қорытындылары бойынша алынған ұсынымдар ЕАЭО құқығын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.
Техникалық реттеу және СФС-шаралары
1. Мүше мемлекеттер азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мүше мемлекеттердің арасындағы саудада техникалық тосқауылдарды жою мақсатында 2016 жылдан бастап ЕАЭО 12 техникалық регламенті (бұдан әрі – ЕАЭО ТР) қабылданды, 18 ЕАЭО ТР өзгерістер енгізілді. Нарыққа қатысушыларды жаңа жағдайларға бейімдеу мақсатында 11 ЕАЭО ТР үшін өтпелі кезеңдер белгіленді.
Соның нәтижесінде қазіргі кезде Одақтың аумағында Одақ шеңберінде айналатын барлық өнімнің 85 %-ына бірыңғай талаптар белгілейтін 48 техникалық регламент қолданылады.
2. Техникалық регламенттердің талаптарын орындау үшін 8 ЕАЭО ТР бойынша стандарттар тізбелері бекітілді, 26 ЕАЭО ТР бойынша стандарттар тізбелері өзекті етілді. Дайындалатын өнімнің жоғары техникалық деңгейін қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 9 ЕАЭО ТР іске асыру үшін мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарламалар бекітілді, 11 бағдарламаға өзгерістер енгізілді.
3. Одақтың қабылданған техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін олардың шеңберінде барлық мүше мемлекеттерде айналысқа шығарылатын өнімнің сәйкестігіне сертификаттау және декларациялау жүргізуге бірыңғай тәсілдемені қамтамасыз етуге, көрсетілген өнімнің сәйкестігіне бағалау жүргізу кезінде мүше мемлекеттерде тең емес шарттарды болдырмауға мүмкіндік беретін сәйкестікті бағалаудың типтік схемалары әзірленіп, бекітілді.
4. Қауіпті өнімді айналысқа шығарудың алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарымен, соның ішінде кеден органдарымен өзара іс-қимыл тәртібін белгілейтін, сондай-ақ қауіпті өнім туралы ақпараттандыру жөніндегі пилоттық жобаның іске асырылуын қамтамасыз ететін Комиссия ұсынымдары қабылданды.
Мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдемелері туралы келісімнің және Одақтың техникалық регламенттерінде оған қойылатын талаптар белгіленбеген өнімнің Одақ шеңберінде айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімнің жобалары дайындалды.
5. Стандарттау және аккредиттеу салаларындағы интеграцияны дамыту мәселелерін келісуге арналған қосымша алаңдар болып табылатын мүше мемлекеттердің көрсетілген салалардағы органдары басшыларының кеңесі құрылып, жұмысын сәтті бастады.
Мүше мемлекеттердің Стандарттау жөніндегі мемлекеттік (ұлттық) органдарының басшылары кеңесінің қызметі Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын іске асыруға арналған мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу мен қолданудың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға бағдарланған.
Мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдары басшыларының кеңесі мүше мемлекеттерде нәтижелердің сенімділігін арттыру, сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың негізсіз берілуі мүмкіндігін болдырмау үшін аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласында бірыңғай тәсілдемелердің қолданылуын қамтамасыз етеді.
6. Одақ туралы шарттың техникалық реттеу мен стандарттауға қатысты ережелеріне өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Мұндай жұмыс техникалық реттеу саласында анықталған проблемалық мәселелерді шешу мақсатында ұйымдастырылады.
Стандарттау жөніндегі жұмыстардың ерекше өзектілігін ескере отырып, Одақ туралы шартқа 10, оның ішінде Комиссияға осы жұмыстарды жалпы үйлестіру жөніндегі құзырет беретін түзетулер келісілді, ол осы саладағы жүйелі жұмысты жолға қоюға мүмкіндік береді.
7. Аккредиттеу саласында Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу арқылы Комиссияға мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдарының өзара салыстырмалы бағалаулар жүргізу тәртібін бекіту үшін өкілеттіктер берілді (түзету 2019 жылғы 1 қазанда қол қойылған Хаттамаға енгізілді).
8. Одақ органдарының Көлік құралдары мен өздігінен жүретін машиналар паспортының бірыңғай нысандарын енгізу туралы келісімді іске асыру үшін қажетті актілері қабылданды. Көлік құралдарының электрондық паспорттарын (КҚП) және өздігінен жүретін машиналардың электрондық паспорттарын (ӨМП) енгізу көлік техникасының Одақ аумағындағы еркін айналысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Электрондық КҚП көшу 2020 жылғы 1 қарашадан, электрондық ӨМП көшу – 2021 жылғы 1 қарашадан бастап жоспарлануда (қағаз жеткізгіштерді де, электрондық жеткізгіштерді де қолдануға болады).
9. Дәрілік заттар (ДЗ) мен медициналық бұйымдардың (МБ) ортақ нарықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ДЗ бойынша 24 акт және МБ бойынша 13 акт қабылданды. ДЗ мен МБ әзірлеудің, өндірудің және сапасын қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін реттеу үшін үшінші деңгейдегі 30 астам акт қабылданды. Нәтижесінде жаңа қағидалар бойынша Одақ аумағында бірнеше препарат тіркеліп те үлгірді.
10. Негізгі сауда әріптестермен сауданы дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық тосқауылдарды жоюдың тәртібі мен шарттары туралы келісімнің жобасы дайындалды.
11. Санитариялық, карантиндік фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану саласында келісілген саясатты іске асыру үшін Одақ органдарының 83 актісі (оның ішінде Комиссия Алқасының 54 актісі, Комиссия Кеңесінің 28 актісі және ЖЕЭК 1 шешімі) қабылданды.
Одақ аумағында қауіпсіз өнімнің еркін айналысын қамтамасыз ету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығын, ветеринариялық және карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздігін қолдау мақсатында Одақ аумағында өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай талаптарды, бақылауға (қадағалауға) жататын өнімнің (тауарлардың) бірыңғай тізбесін, Одақ аумағында және Одақтың кедендік шекарасында қызметтің әрбір бағыты бойынша өнімді (тауарларды) қадағалау туралы құжаттар мен ереженің бірыңғай нысандарын қамтитын санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар саласындағы құқықтық база қалыптастырылды.
12. Тұтынушылырдың құқықтарын қорғау саласындағы келісілген саясатты іске асыру үшін Комиссия Алқасының 10 актісі қабылданды.
Мүше мемлекеттердің азаматтары үшін олардың тұтынушылар ретіндегі құқықтарын қорғау бойынша тең жағдайлар жасау мақсатында ұлттық реттеудің тегерімсіздігін жою бойынша және Комиссияның тиісті ұсынымдарын қабылдау арқылы мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық дамуда.
Кедендік реттеу
1. 2016 жылдан бергі кезең ішінде Одақ органдарының кедендік рәсімдерді оңайлатуға және жеделдетуге және мүше мемлекеттерде бір үлгідегі құқық қолдану практикасын қамтамасыз етуге бағытталған 277 актісі қабылданды, олардың үштен біріне жуығы ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасын бір үлгіде қолдануды қамтамасыз етуге бағытталды.
2. Комиссия ЕАЭО Кеден кодексінің ережелерін дамыту үшін актілер дайындауды жүзеге асырады. Осыған байланысты ЕАЭО Кеден кодексінде белгіленген жаңа тәсілдемелер, соның ішінде кедендік рәсімдерді оңайлатуға және жеделдетуге және мүше мемлекеттерде бір үлгідегі құқық қолдану практикасын қамтамасыз етуге, мүше мемлекеттердің кеден органдары мен СЭҚ қатысушылардың арасында электрондық құжат айналымын құруға және дамытуға, сондай-ақ электрондық кеден құжаттарының құрылымын біріздендіру үшін құқықтық және техникалық платформалар жасауға бағытталған ұлттық деңгейден ұлтүстілік деңгейге берілген мәселелер бойынша тәсілдемелер қолдануды қамтамасыз ететін 107 акт қабылданды.
2019 жылғы 1 шілдеден бастап көліктің барлық түрлері бойынша алдын ала ақпараттандырумен байланысты кедендік операциялар жүргізуді регламенттейтін Комиссия Алқасының 11 шешімі күшіне енді, оларды әзірлеу және қабылдау алдын ала ақпараттандыру институты тәсілдемелерінің түбегейлі өзгеруімен түсіндіріледі, ол ЕАЭО Кеден кодексінде көрініс тапты.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды бақылап отыру механизмі туралы келісімге қол қойылды. Осы Келісімнің мақсаты Одақта кедендік баждар мен салықтар төлеуден жалтарудың әртүрлі схемаларын пайдалануды болдырмайтын және үшінші елдерден әкелінетін тауарларға қатысты тең бәсекелік шарттарды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады.
Одақтың кедендік аумағына әкелінетін шетелдік тауарлардың жекелеген санаттарын құжаттамалық есепке алу, сондай-ақ олармен жасалатын одан арғы шаруашылық операцияларын есепке алу бақылап отыру механизмінің негізіне жатады. Оны практикалық іске асыру мүше мемлекеттердің әрқайсысында бақылап отыру үшін қажетті мәліметтерді жинақтайтын және олармен алмасуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе құру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
4. ЕҮАК бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес Одақта "бірыңғай терезе" механизмін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мүше мемлекеттерде "бірыңғай терезе" жүйесін біріздендіру мақсатында Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" ұлттық механизмі эталондық моделінің сипаттамасы бекітілді. Осы құжаттың негізінде мүше мемлекеттер өздерінің "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың ұлттық тұжырымдамалары мен бағдарламаларын дайындайды және пысықтайды.
Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, ішкі нарықты қорғау
1. Комиссия кедендік-тарифтік реттеу саласында мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерді орындауына және мүше мемлекеттер субъектілерінің шаруашылық қызметті жүргізу шарттарын жақсартуға бағытталған 170 астам акт қабылдады.
2. Тарифтік емес реттеу саласында тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу және әкету рәсімдерін оңайлатуға бағытталған 20 астам акт қабылданды, мүше мемлекеттердің арасында 3 халықаралық шартқа қол қойылды.
3. Мүше мемлекеттердің өнім өндірушілерін үшінші елдерден келетін жосықсыз импорттан қорғау мақсатында қорғау шараларын енгізудің алдында 26 тергеп-тексеру жүргізілді. 2016 – 2019 жылдары басталған 19 рәсім аяқталды. Қазіргі кезде Одақ 18 демпингке қарсы шараларды қолдануда.
4. Одақ нарығын контрафактілік, заңсыз өнімдерден қорғау мақсатында, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау саласында келісілген және үйлестірілген саясат жүргізу мақсатында 2018 жылғы 2 ақпанда Одақтың аумағында таңбалауды енгізу туралы шешім қабылдау механизмін белгілейтін және Комиссия мен мүше мемлекеттердің таңбалау саласындағы өкілеттіктерін айқындайтын Еуразиялық экономикалық одақта сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау туралы келісімге қол қойылды.
Аяқ киімді таңбалауды іске қосу туралы және сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесін жоспарланып отырған кеңейту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қарастырылып отырған тауарларға дәрілік препараттар, темекі өнімдері және мүше мемлекеттердің оларға қатысты таңбалау енгізу ниеті бар бірқатар басқа да тауарлар жатады.
Энергетика, көлік және инфрақұрылым
1. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы және Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасы бекітілді.
Мүше мемлекеттердің басшылары Одақ туралы шартқа (Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы Хаттама нысанындағы халықаралық шартқа қол қойды, ол Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының құқықтық негіздерін, онда электр энергиясымен сауда жасау тәсілдерін, Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының қатысушылары мен инфрақұрылымдық ұйымдарын айқындауды және т.б. қамтиды.
Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін актілер қабылдау мерзімін белгілеу мақсатында Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспарыныцң жобасы дайындалды.
2. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы, Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасы және Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру шеңберінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының электрондық нысанда ақпарат беру тәртібі бекітілді.
3. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы, Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру бағдарламасы және Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру шеңберінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының электрондық нысанда ақпарат беру тәртібі бекітілді.
4. Мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен оларды іске асыру кезеңдері және Мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен оларды іске асыру кезеңдерін іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарлары ("жол карталары") бекітілді.
5. Кемелердің ішкі су жолдарымен жүзуіне өзара қол жеткізудің оңайлатылған механизмі көзделетін Кеме қатынасы туралы келісімге қол қойылды. Осындай қол жеткізу алу рәсімі 60 күннен 10 күнге дейін – 6 есе қысқарады.
Кеме құжаттарын және капитан мен кемелер экипаждары мүшелерінің біліктілік құжаттарын өзара тану туралы мәселелер шешілуде.
6. Мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі шараларды жүзеге асырудың дәйектілігін айқындау бойынша іс-шаралар жоспары ("жол картасы") бекітілді.
7. Көлік саясатын іске асыру мақсатында ЖЕЭК шешімімен Одақтың қосымша органы – Мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесі құрылды. Сол арқылы көлік саласындағы перспективалық интеграциялық шешімдер дайындау және көлік органдарының бірлескен даму бойынша келісілген шешімдерді қабылдауы үшін шоғырландырылған әкімшілік институты қалыптастырылды.
II. Интеграцияның негізгі проблемалары және олардың себептері Көлік
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 13 шешімімен Мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында автомобильмен жүк тасымалдарын орындауын кезең-кезеңмен ырықтандырудың 2016 – 2025 жылдардағы кезеңге арналған бағдарламасы бекітілді.
Мүше мемлекеттердің Бағдарламаны іске асыру барысы туралы мәселе ЕҮАК отырысында қаралды, оның қорытындылары бойынша "Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 13 шешімін іске асыру туралы" 2018 жылғы 2 ақпандағы № 6 өкім қабылданды. Көрсетілген өкімге сәйкес Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының үкіметтеріне күнтізбелік 180 күннің ішінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 13 шешімін іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.
Сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 7 өкімі қабылданды, оған сәйкес Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының үкіметтері Бағдарламаның ІІ кезеңінде көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз етуі қажет.
Қазіргі кезде Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Қырғыз Республикасы өздерінің заңнамасына тасымалдаушылардың жүктердің каботаждық автомобиль тасымалдарын орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша іс-шаралар жүргізді және Бағдарламаны іске асыруға дайындығын растады.
Ресей Федерациясы (Ресей көлікмині) жобалары Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Мемлекеттік Думасында жатқан тиісті федералдық заңдар қабылданғаннан кейін Бағдарламаны іске асыруға кірісуге дайындығы туралы Комиссияны хабардар етті.
Ресей Федерациясының Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті іс-шараларды орындауын жеделдету мақсатында Комиссия Ресей Федерациясының Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының атына Мемлекеттік Думаның заң жобаларын қарауды жеделдетуге жәрдемдесу туралы және осы заң жобалары бойынша жұмысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі туралы Комиссияны хабардар ету туралы хат жолдады.
Осы уақытқа дейін Комиссияда Ресей Федерациясының Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының көрсетілген заң жобаларын қарауы нәтижелері туралы ақпарат жоқ.
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
1. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында сезімтал тауарлардың тізбесі және Сезімтал тауарларға қатысты консультациялар өткізу және өзара ақпараттандыру тәртібі бекітілді. Бұл құжаттар мүше мемлекеттердің өнім өндірушілері арасындағы бәсекелестікті азайту мақсатында әзірленді.
Тәртіпте мүше мемлекеттер алдын ала хабардар етуді ведомствоішілік немесе ведомствоаралық келісудің жүргізілуіне қарай құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ олар туралы белгіленген нысандағы ақпаратты Комиссияға жіберу арқылы қамтамасыз етеді деп белгіленген.
Сонымен бірге Комиссия жүргізетін мониторингтің нәтижелері Тәртіпті мүше мемлекеттердің орындамайтынын көрсетеді, ал ол басқа мүше мемлекеттердің тауар өндірушілерінің мүдделеріне қысым жасауға әкеп соқтыруы мүмкін.
Бұл мәселе Комиссияның жанындағы Өнеркәсіп жөніндегі консультациялық комитеттің отырыстарында бірнеше мәрте қаралды.
Бұдан басқа, мүше мемлекеттердің Тәртіпті орындауы мақсатында Комиссияның мынадай актілері қабылданды:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 8 қарашадағы № 141 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 92 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 65 шешімі.
2. Комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қойма куәліктерін шығару (беру), айналысы және өтеу қағидалары туралы келісімнің жобасы мақұлданды және 2018 жылғы 14 сәуірге дейінгі мерзімде мемлекетішілік келісуге жіберілді.
Алайда соның ішінде Қырғыз Республикасында қойма куәліктерін реттеудің нормативтік базасының қалыптастырылуымен және Ресей тарапы ұсынған Келісімнің жаңа редакциядағы жобасымен түсіндірілетін мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының Келісім жобасының ережелері бойынша тұжырымдамалық жаңа ұсыныстарына байланысты Келісім жобасының келісілген ережелерін әзірлеу қосымша уақытты талап етеді.
Экономика және қаржы саясаты
1. Алкоголь өнімінің еркін айналысы проблемаларын шешу және Одақ шеңберінде ортақ алкоголь нарығын қалыптастыру үшін акциздердің мөлшерлерін жақындастыруда да, сондай-ақ қамтамасыз ету төлемі мен арнайы импорттаушыларды қысқартуды қоса алғанда, шектеулер, алып қолар және өзге де кедергілер енгізуге жол бермеу бойынша міндеттемелер қабылдауды да қамтамасыз ету қажет.
2. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 17 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар ("жол картасы") жоспарының 22-тармағына сәйкес, Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан үшінші елдерге әкету кезінде кедендік әкету баждарының сомаларын төлеу, есепке алу және қайта төлеу тәртібі туралы келісімнің жобасын әзірледі.
Көрсетілген Келісім жобасы пысықталды (оның ережелерінің Комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі отырысында талқыланғаны ескеріле отырып) және мүше мемлекеттерге жіберілді.
Ресей Федерациясы Келісім жобасында әкетілетін тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселесін нормативтік реттеу қажеттігі туралы Комиссияны хабардар етті. Комиссия Ресей Федерациясына шығарылған елді айқындау мәселелері тікелей Келісімнің өзінің мәні болып табылмайтынын хабарлады. Екінші жағынан, тауарлардың шығарылуын растау қағидаларын айқындамай осы Келісімді қабылдау мүмкін болмайды. Тиісті қағидалар қазіргі кезде әзірленіп жатқан Одақтың аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылуын растаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімде белгіленетін болады деп күтілуде. Сонымен бірге, қазіргі кезде мүше мемлекеттердің осы Келісім бойынша да бәтуаластығы болмай отыр.
3. Сондай-ақ бірыңғай қызметтер нарығының жұмыс істеуіне, сондай-ақ Одақ туралы шарттың режимдік ережелері бойынша көрсетілетін қызметтермен өзара саудаға мониторинг жүргізу үшін қажетті статистикалық деректердің болмауына байланысты туындаған проблемалар да шешуді қажет етеді. Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың 7-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметтер секторлары Негізгі өнімдердің халықаралық сыныптауышы (СРС) негізінде сыныпталады. Көрсетілген сыныптауыш бойынша мүше мемлекеттер ДСҰ алдында өздеріне міндеттемелер алды. Сол уақытта Негізгі өнімдердің халықаралық сыныптауышы (СРС) негізінде ұлттық статистика жүргізілмейді, ал ол бірыңғай қызметтер нарығының көлемін, сондай-ақ мүше мемлекеттердің арасындағы қызметтермен өзара сауданы бағалауды қиындатады.
Нәтижесінде Комиссия Одақ органдарына бірыңғай қызметтер нарығының көлемі туралы, сондай-ақ Одақ туралы шарттың режимдік ережелері бойынша қызметтермен өзара сауданың жай-күйі туралы сенімді мөлшерлік ақпарат бере алмайды.
4. Мүше мемлекеттердің құзыретті органдары ЕАЭО шеңберінде трафик өткізу жөніндегі қызметтерге қатысты баға белгілеудің бірыңғай тәсілдемесінің қолданылу саласы туралы мәселе бойынша әртүрлі позицияны (дауыстық трафикке ғана немесе трафиктің барлық түрлеріне қолданылады) иеленеді. Бірыңғай тәсілдеменің трафиктің барлық түрлеріне қолданылуы нарыққа қатысушылар арасында трафик өткізу жөніндегі қызметтерге қатысты баға белгілеудің бәсекелік нарықтық қағидаттарын қолдануға мүмкіндік береді.
5. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 6 тапсырмасының 2-тармағымен Комиссияға және мүше мемлекеттерге 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Одақ туралы шартқа бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағының аумағына импортталған тауарларға межелі елде салынатын қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеу мүмкіндігі көзделетін өзгерістер дайындауды қамтамасыз ету тапсырылған болатын.
Келісу қорытындылары бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың жобасы туралы" 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 35 өкімі қабылданды, оған сәйкес Хаттаманың жобасы мақұлданды және мемлекетішілік келісу жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жіберілді.
Хаттамада шектері Одақ кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара түйісетін Ресей Федерациясының ерекше экономикалық аймақтарының аумағына ЕАЭО тауарларын әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу қажеттігінің болмауы көзделеді. Егер әкелінген тауарлар олар есепке қабылданған күннен бастап күнтізбелік 180 күннің ішінде сатылмаса, онда осы тауарлар бойынша ҚҚС төлеуді жүргізу қажет. Осындай өзгерістер енгізу ЕАЭО және үшінші елдердің тауарларын осындай аймақтарға әкелу кезінде ҚҚС алу шарттарын теңестіруге мүмкіндік береді.
6. Қазіргі кезде қызметтердің бірыңғай нарықтары жұмыс істейтін бірқатар секторлардың айқындалғанына қарамастан, мүше мемлекеттердің заңнамасында кейбір секторлар бойынша Одақ актілерінің ережелері имплемантацияланбайды, ол бірыңғай нарықтың қағидалары бойынша қызметтер көрсету саласында құқық қолдануды қиындатуы мүмкін.
7. Мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының арасында әкімшілік ынтымақтастықты ұйымдастыру бөлігінде, ырықтандыру жоспарларында көрсетілген мерзімдерге қарамастан, кинематография жөніндегі қызметтер секторы бойынша, туризм жөніндегі қызметтер секторы бойынша, метеорология жөніндегі қызметтер секторы бойынша, мүлікті бағалау жөніндегі қызметтер секторы бойынша, құрылыс және инженерлік қызметтер жөніндегі қызметтер секторы бойынша әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімдердің жобалары бойынша ведомствоішілік келісімдер жалғасуда.
8. Мүше мемлекеттердің арасындағы ішкі саудада валюталық реттеу (валюталық бақылау) шаралары сақталады, ол мүше мемлекеттер кәсіпорындарының транзакциялық шығындарын ұлғайтады.
9. Кейбір мүше мемлекеттерде мүше мемлекеттердің азаматтары үшін банк қызметтерін көрсетуде шектеулер бар. Атап айтқанда, кредит алу мүмкіндігі жоқ. Осы мәселені шешу мүше мемлекеттер азаматтарының интеграцияның оң әсерлерін сезінуін жақсартуға мүмкіндік берер еді.
Еңбек көші-қоны
1. Еңбекке орналасу мемлекетінде мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне және олардың отбасы мүшелеріне міндетті медициналық сақтандыру беру мүше мемлекеттердің барлығында бірдей іске асырылмайды.
Армения Республикасы мен Беларусь Республикасында міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жоқ.
Армения Республикасында қазіргі кезде міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің тұжырымдамасы әзірленуде, оны 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасында міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істейді, бұл ретте жеке тұлғалардың, оның ішінде мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелерінің осы жүйеден медициналық көмек алу құқығы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап іске асырылады.
Қырғыз Республикасының заңнамасында мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелерінің міндетті медициналық сақтандыру жүйесі шеңберіндегі құқықтарын қамтамасыз ету бойынша нормалар көзделген.
Мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелерін еңбекке орналасу мемлекетінде медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселесін реттеу жөніндегі жұмыс тобы құрылған.
Ресей Федерациясы еңбекке орналасу мемлекетінің аумағында мүше мемлекеттер еңбекшілерінің отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсетуді қаржылық қамтамасыз ету бөлігінде теңбе-теңдік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізуді ұсынды.
2. Еңбекке орналасу мемлекетіне өту бөлігінде ғылыми дәрежелері және ғылыми атақтары туралы құжаттарды тану рәсімін алып тастауды Одақ құқығынан алып тастау қажеттігі бар.
Бұл мәселе ЕҮАК-тің 2019 жылғы 1 ақпандағы отырысында талқыланды.
Комиссия талқылау қорытындылары бойынша мүше мемлекеттерде берілген ғылыми дәрежелер (атақтар) туралы құжаттарды ұлттық тану (нострификация) рәсімдерін жүргізбестен автоматты түрде (тікелей) тануды көздейтін келісім жобасын әзірледі.
Қазіргі кезде осы келісіммен мүше мемлекеттерде аттестациялық процесс өткізу тәртібіне қойылатын ең аз талаптар белгілеу мәселесі бойынша мүше мемлекеттердің арасында келіспеушіліктер сақталып отыр (Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы қолдайды, Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы қарсы).
Бұдан басқа, мынадай мәселелер бойынша ымыраға қол жеткізілмеді:
келісімнің қолданысын академиялық танусыз еңбек көші-қоны саласымен ғана шектеу (Қазақстан Республикасының ұстанымы);
ғылыми атақтары туралы құжаттарды танымай, ғылыми дәрежелері туралы құжаттарды ғана тану (Беларусь Республикасының ұстанымы).
3. Мүше мемлекеттер азаматтарының басқа мүше мемлекеттің аумағында жүргізуші ретіндегі еңбек қызметін жүзеге асыруға кедергісіз қол жетімділік жоқ.
Қазіргі кезде жүргізушілер Одақ шеңберінде еңбекке орналасу кезінде ұлттық жүргізушілік куәліктерінің қолданысын шектеу Армения Республикасының азаматтарына қатысты Ресей Федерациясында ғана қолданылады. Комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 21 маусымдағы отырысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Ресей Федерациясы Комиссияға Ресей Федерациясы Ішкі істер минситрлігінің Ресей Федерациясы Үкіметінің қарауына көрсетілген шектеуді жоюға бағытталған федералдық заң жобасын енгізгенін хабарлады.
Бұл мәселе Комиссия Кеңесінің отырыстарында (2019 жылғы 8 тамызда және 9 қыркүйекте) бірнеше рет талқыланды. Мүше мемлекеттер әлі қол жеткізілмеген ымыра бойынша тәсілдемелерді пысықтады.
Техникалық реттеу және СФС-шаралары
1. Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарының орындалуына және оларға өзгерістер енгізуге жүргізілген мониторинг қорытындылары Одақтың іс жүзінде барлық техникалық регламенттері (олардағы өзгерістер) бойынша әзірлеушілердің дайындау және келісу мерзімдерін 2 жылға және одан да көп мерзімге кешіктіргенін куәландырады: жоспардың І бөлімі (Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу) 48% орындалды, жоспардың ІІ бөлімі (Одақтың техникалық регламенттеріне өзгерістер) 30% орындалды.
Жоспарда белгіленген мерзімдердің бұзылуына әсер ететін негізгі себептер ретінде құжаттардың бірінші редакцияларының уақтылы дайындалмауын, жария талқылау қорытындылары бойынша ұзақ пысықталғанын, мемлекетішілік келісу рәсімінің созылғанын атап өткен маңызды.
2. Мүше мемлекеттерде, оның ішінде мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүргізу шеңберінде Одақтың техникалық регламенттерін әртүрлі түсіндіру және қолдану практикасы сақталуда, ол мүше мемлекеттердің арасындағы саудада кедергі тудырады және бұл Одақ актілерін түсіндіруге және қолдануға арналған бірыңғай механизмнің болмауына байланысты.
3. Мүше мемлекеттерде Одақ құқығының сақталуын қамтамасыз етудің тиімді механизмі, Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мониторинг және бақылау жоқ, ол ұлттық деңгейде сәйкестікті бағалауға қосымша талаптар мен рәсімдер белгілеуге әкеп соқтырады.
4. Техникалық реттеу саласындағы талаптардың және ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар саласындағы талаптардың аражігін дәл ажырату жоқ, ол бір саладағы бұзушылық кезінде екінші саладағы өкілеттіктерді негізсіз қолдануға әкеп соқтырады және көптеген тыйым салулар мен шектеулердің негізі болып табылады.
5. Уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруға және өзара жеткізілімдерге негізсіз тыйым салулардың санын азайтуға мүмкіндік беретін қауіпті өнім туралы хабарлау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру созылуда. Пилоттық жобаны тестілеуге мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының барлығы бірдей қатысқан жоқ.
6. Мүше мемлекеттерде Одақ туралы шартта көзделген мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдарының қолданылатын рәсімдердің тең мәнділігіне қол жеткізу мақсатында өзара салыстырмалы бағалауды жүзеге асыру міндеттемесін іске асыруға арналған құқықтық база жасалмаған. Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 1 қазанда қол қойылған Хаттамамен Комиссияға өзара салыстырмалы бағалауларын жүргізу тәртібін бекіту үшін өкілеттіктер берілген. Мүмкіндігінше қысқа мерзімде көрсетілген тәртіпті бекіту және өзара салыстырмалы бағалаулар жүргізу жұмысын ұйымдастыру қажет.
7. Мүше мемлекеттердің ЕАЭО ТР талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу саласындағы заңнамаларын үйлестіруді қамтамасыз ету туралы Одақ туралы шарттың нормасы іске асырылмады. Комиссия көрсетілген мәселе бойынша жеке халықаралық шарт әзірлеу үшін Одақ туралы шартқа түзету дайындады.
8. Мүше мемлекеттерге импорт өнімін әкелу кезінде, оның ішінде шетелдік дайындаушылардың сериялық шығарылатын өніміне қатысты техникалық реттеу шараларының сақталғанын растаумен байланысты мәселелер шешілмеді. Одақтың кедендік аумағында сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімді Одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібін жаңа редакцияда қабылдау қажет.
9. Қауіпсіздігі тиісті түрде расталмаған қауіпті өнімді немесе негізсіз берілген сәйкестігін бағалау туралы құжаттары бар өнімді айналымға және Одақтағы айналымға шығарудың алдын алу мақсатында, сондай-ақ сәйкестікті бағалау жөніндегі жосықсыз органдарға қатысты шара қолдану кезіндегі мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау органдарының өзара, соның ішінде кеден органдарымен және аккредиттеу жөніндегі органдармен үйлестірілген өзара іс-қимылы жолға қойылмаған.
Бұдан басқа, осы органдар тарапынан аккредиттеу процесіне де, сонымен бірге сәйкестікті бағалау процесіне де сенімсіздік бар, ол өз кезегінде тауарлардың қозғалысы үшін кедергі тудырады.
10. Одақ туралы шартта СФС-шаралары саласында келісілген саясат жүргізу көзделген, ол талаптарды ұлтүстілік те, сондай-ақ ұлттық та бақылауды қолдануды көздейді және мүше мемлекеттердің арасында СФС-шаралар қолдану саласындағы интеграция процесін жалғастыруды тежейді, өзара сауда кезінде, бақылау-қадағалау іс-шаралары мен мүше мемлекеттер ұзақ уақыт бойы ымыраға келе алмай жүрген даулы жағдайлар кезінде тосқауылдардың туындауына алғышарттар жасайды.
11. Одақ құқығында "уақытша санитариялық шаралар", "уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар" және "уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар" деген терминдердің айқындамасы және оларды енгізу негіздемесі жоқ, ол мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына осы терминдердің түсіндірмесін әртүрлі қабылдауға мүмкіндік береді және соның салдарынан тауарлардың Одақтың ішкі нарығындағы қозғалысы үшін кедергілер туындауы мүмкін.
12. Одақ құқығында Одақ құқығына кіретін СФС-шаралары саласындағы актілердің талаптарын бір және сол бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік қалыптастырудың бірыңғай қағидаттары мен тәсілдемелері жоқ.
13. Одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 58 шешімімен бекітілген Актілер мен халықаралық шарттарды әзірлеудің жұмыс жоспарымен санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар бойынша 17 акт әзірлеу және оларды Комиссия органдарының қабылдауы жоспарланған, олардың ішінен 5 акт мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының арасында ымыраның болмауына байланысты қабылданбады:
ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық заттардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы айналымын реттеу қағидалары (акт жобасын шешім қабылдайтын органға ұсыну мерзімі, жұмыс жоспарына сәйкес – 2015 жылғы 31 желтоқсан);
ветеринариялық мақсаттағы дезинфекциялық, дезинсекциялық және дезакаризациялық заттардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы айналымын реттеу қағидалары (акт жобасын шешім қабылдайтын органға ұсыну мерзімі, жұмыс жоспарына сәйкес – 2015 жылғы 31 желтоқсан);
ветеринариялық дәрілік заттардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы айналымын реттеу қағидалары (акт жобасын шешім қабылдайтын органға ұсыну мерзімі, жұмыс жоспарына сәйкес – 2015 жылғы 31 желтоқсан);
азықтық қоспалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы айналымын реттеу қағидалары (акт жобасын шешім қабылдайтын органға ұсыну мерзімі, жұмыс жоспарына сәйкес – 2015 жылғы 31 желтоқсан);
жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдерді сәйкестендіру, тіркеу және бақылап отыру жөніндегі келісілген тәсілдемелер туралы ереже (акт жобасын шешім қабылдайтын органға ұсыну мерзімі, жұмыс жоспарына сәйкес – 2015 жылғы 31 желтоқсан).
Кедендік-тарифтік реттеу және ішкі нарықты қорғау
1. Одақ туралы шартқа сәйкес бірыңғай кеден аумағында үшінші елдермен тауарлардың сыртқы саудасын реттеудің бірыңғай шаралары, оның ішінде ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі, Комиссия Кеңесінің шешімдерімен Одақ деңгейінде белгіленетін тарифтік жеңілдіктер мен преференциялардың бірыңғай жүйесі қолданылады. Одақ құқығымен тарифтік жеңілдіктерді ұлттық деңгейде пайдалану ерекшеліктерін белгілеу (бірақ өз бетімен белгілеу емес) жол берілетін жағдайларда тарифтік жеңілдіктерді бір үлгіде қолданудың да міндеттілігі болжанады.
Соған қарамастан қазіргі кезде Одақ туралы шартта, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және оларды орындау үшін қабылданған Одақ органдарының актілерінде көзделген ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінен алынатындардың саны көп. Осыған байланысты, мүше мемлекеттердің аумағына кедендік әкелу баждарының төмендетілген ставкалары бойынша әкелінетін тауарлар басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкетілмейді не қосымша кедендік әкелу баждарының төленуі шартымен ғана әкетілуі мүмкін, бұл тауарлардың еркін қозғалысы үшін кедергілер тудыруға ықпал етеді.
2. Одақ аумағына жекелеген тауарларды әкелу шарттары мен режимдерін талдау тарифтік жеңілдіктерді пайдаланумен байланысты бірқатар проблемаларды анықтады. Тарифтердің әртүрлі деңгейлері тауарлардың еркін қозғалысы үшін кедергілер тудыруға ықпал етеді. Ұлттық деңгейдегі құқық қолдану практикасында да айырмашылықтар бар.
Мүше мемлекеттер қызметтің басым түрлеріндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер қолданудың бірыңғай қағидаларын мынадай жағдайларда әзірлеу қажеттігі туралы уағдаласты (Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7.1.11-тармағы):
инвестициялық жоба шеңберінде әкелінетін тауарлар инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде мүше мемлекеттердің аумақтарында ғана пайдалану үшін әкелінетін технологиялық жабдық (осындай жабдықтың құрауыштары немесе қосалқы бөлшектері) не шикізат және материалдар болып табылады;
инвестициялық жоба шеңберінде әкелінетін шикізат және материалдар мүше мемлекеттерде өндірілмейді немесе инвестициялық жобаны іске асыру үшін жеткіліксіз мөлшерде өндіріледі не іске асырылатын инвестициялық жобаның техникалық сипаттамаларына сәйкес келмейді.
Бұл ретте қызметтің басым түрлеріндегі (экономика секторларындағы) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдік қолдану тәртібінің жобасы бойынша ымыраның болмауы мүше мемлекеттерге осы тарифтік жеңілдікті бір үлгіде қолдануға, сондай-ақ Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7.1.11-тармағында көзделген жеңілдікті қолданудың заңдылығын бір мәнді бағалауға мүмкіндік бермейді.
3. Берілген жеңілдіктердің көлемі туралы ақпараттың болмауына байланысты Комиссия Одақ туралы шартқа сәйкес осындай өкілеттіктердің болмауына, сондай-ақ осындай өкілеттіктерді жүзеге асыру міндеттілігіне Одақ Сотының тікелей нұсқауына қарамастан, кедендік әкелу баждарын төлеуден босату берілген жағдайда, мүше мемлекеттердегі құқық қолдану практикасын қадағалап отыру мүмкіндігінен айырылады.
4. Одақтың тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы елдердің (дамушы немесе мейілінше төмен дамыған елдердің) тізбелеріне бұрынғысынша енгізілген көптеген елдердің даму көрсеткіштерінің мүше мемлекеттердің экономикалық даму көрсеткіштерінен асып кетуіне және оларды Дүниежүзілік банктің сыныптауы бойынша жоғары кіріс деңгейі бар немесе орташадан жоғары кіріс деңгейі бар елдерге жатқызуға мүмкіндік беретіндігіне байланысты осындай тізбелерді қайта қарау бұрыннан пісіп-жетілген жеке мәселе болып табылады.
Комиссияның бағалауы бойынша 2018 жылы дамушы және мейілінше төмен дамыған елдерге берілген тарифтік преференциялардың көлемі 135 млн. АҚШ долларын құрады.
5. Қазіргі кезде қорғау шаралары жүйесінде негізгі сын-тегеуріндердің бірі вето механизмі болып табылады, өйткені ол тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін, тергеп-тексеруге қатысушылар бейресми рәсімге сәйкес өз мүдделерін қорғау және іс барысына ықпал ету мүмкіндігінен айырылған кезде іске қосылады.
Комиссия Алқасы қабылдаған шешім күшіне енбейді және практика көрсеткендей, жосықсыз баға бәсекелестігі фактісі және салаға келтірілген тиісті залал расталған кездегі кезеңде қорғау шарасының енгізілуі күтіліп, тауарды демпингтік бағалар бойынша жаппай әкелу тәуекелдері туындайды.
Осылайша, Одақтың өнім өндірушілерінің шетелдік жосықсыз бәсекелестіктен тиімді қорғануға өз құқығын іске асыру мүмкіндігі жойылады. Тауар нарығында бизнес пен мүше мемлекеттердің мүдделеріне теріс әсер ететін белгісіздік туындайды.
Сауда саясаты
ЕАЭО бірыңғай сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру бөлігінде сыртқы сауданы реттеу шараларын қолдануға қатыстыларға да, сондай-ақ үшінші елдермен сауда режимдерін белгілеу (халықаралық шарттар жасасу жолымен) бөлігінде де белгілі бір проблемалар бар.
Осы проблемалардың негізі – жалпы және келісілген экономикалық саясаттарды қалыптастырудың бірыңғай қағидаттарына көшудің аяқталмағандығы.
Осындай қиындықтардың мысалы ретінде мыналарды келтіруге болады:
1. Қызметтер және үшінші елдермен инвестициялар бойынша келіссөздерді үйлестірудің пәрменді механизмі жоқ.
Мүше мемлекеттер осы саладағы ұлттық құзыреттің сақталуына және заңнамада сақталып қалған айырмашылықтарға сілтеме жасай отырып, үшінші елдермен келіссөздер жүргізу кезінде өз позицияларын үйлестіру мүмкіндігін тиісті дәрежеде пайдаланбайды.
Өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін қызметтер саласында аса белсенді сауда саясатын қалыптастыру қажеттігі көрінеді.
2. Мүше мемлекеттерде нарыққа қол жетімділікті реттеу және қорғау шаралары мен тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелерінде позициялар бірлігі жоқ.
Мүше мемлекеттер әртүрлі экономикалық мүдделерді, сондай-ақ бұған дейін қалыптасқан құқық қолдану практикасын басшылыққа ала отырып, Одақ құқығын дамыту мәселелері бойынша ішкі нарықты қорғау шаралары, тарифтік емес реттеу, кедендік-тарифтік реттеу шаралары қолданысының тиімділігін арттыруға бағытталған әртүрлі позицияны иеленеді.
3. Мүше мемлекеттерде бірыңғай өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік саясаттың болмауы ЕАЭО сауда саясатының негізі ретінде жалпыодақтық сауда-экономикалық мүдделерді қабылдауды қиындатады. Бұл мүше мемлекеттер өнімінің экспортын ілгерілетуге арналған бірыңғай сауда саясатының әлеуетін іске асыруды тежейді.
Кедендік реттеу
1. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 17 өкімімен Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар ("жол картасы") жоспары бекітілді, онда техникалық құралдарды пайдаланып және мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелерін үйлестіре отырып Одақтың кедендік аумағы бойынша тауарлар транзитінің бірыңғай жүйесін құруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу және бекіту көзделген.
Кейбір мүше мемлекеттер транзиттік тасымалдар кезінде электрондық навигациялық пломбаларды қолдану бойынша эксперименттер жүргізіп те үлгірді және кеден органдары пломбалар транзиттік тасымалдарды бақылауды және жол бойында жүктің сақталуын қамтамасыз етеді деп есептейді.
Алайда осы технологияны практикалық қолдануды бастауға әлі ерте, өйткені Беларусь Республикасынан басқа мүше мемлекеттерде осы пломбаларды пайдалану тәртібі айқындалмаған, тауарлардың транзиттік тасымалдарын навигациялық пломбаларды пайдаланып қадағалау жүйесінің ұлттық операторлары айқындалмаған.
2. Одақтың Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) мүшесі болып табылмайтындығына, ДКҰ әзірлейтін халықаралық стандарттарға өз ұсыныстарын толыққанды енгізуге және өзінің кедендік реттеу саласындағы озық практикасын таратуға мүмкіндік бермейтін бақылаушы мәртебесін ғана иеленетіндігіне байланысты Одақтың мүдделерін білдіруге және еуразиялық интеграциялық жобаның маңызын арттыруға мүмкіндік беретін ДКҰ-мен жүйелі өзара іс-қимыл қиындайды.
Осыған байланысты Одақтың ДКҰ мүшесі мәртебесін алуға және Одақтың ДКҰ-ның негізгі құжаттарына, соның ішінде Кедендік рәсімдерді оңайлату және үйлестіру туралы конвенцияға, қауіпсіздік пен халықаралық сауданы оңайлату негіздемелік стандарттарына, трансшекаралық электрондық сауда негіздемелік стандарттарына қосылу мүмкіндігін пысықтауға бағытталған мүше мемлекеттермен бірлескен әрекеттер жүргізуді еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжат жобасында көздеу ұсынылды.
3. Мүше мемлекеттердің бірі реттеудің бір жақты шараларын қолданатын тауарларға қатысты бақылаудың жалпы қағидалары жоқ, ол Одақтың ішкі нарығында кедергі тудырады.
Одақтың цифрлық күн тәртібі
Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың бірінші кезеңінің аяқталуының қорытындылары бойынша цифрлық жобаларды іске қосу үшін қажетті нормативтік құқықтық база дайындалды. Осындай бірқатар жобаларды іске қосу мақұлданды және олар бойынша жұмыс басталуда.
Өзінің табиғаты бойынша күрделі және бөлінген болып табылатын бірлескен жобаларды Одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде іске асыру тәжірибесі жобалық менеджменттің механизмдері мен құралдарын (мамандандырылған ақпараттық жүйелерді) одан әрі дамыту, соның ішінде бағдарламалар мен қоржындарды басқару, сондай-ақ архитектураны басқару қажеттігін көрсетті.
Одақ деңгейінде цифрлық платформалар мен экожүйелер құрудың ауқымды жобаларын іске асыру үшін Комиссияның сараптау ресурстарының жетіспеуі шектеу болып табылады.
Әрбір мүше мемлекет өзінің бірегей бәсекелік артықшылықтары мен құзыреттерін иеленеді. Құзыреттер орталықтарының желісін дамыту, мүше мемлекеттердің және Комиссияның сарапшыларын, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру үшін, соның ішінде уәждеудің икемді жүйелерін қолдану мүмкіндігімен келісімшарт негізінде өзге де сарапшыларды тарту мүмкіндігін қамтамасыз ететін механизмдер әзірлеу қажет.
Оқыту бағдарламаларын әзірлеу, Одақ шеңберіндегі күрделі бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша тәжірибе, білім және құзыреттер беру қажет.
Бірлескен жобалау қызметін іске асыру шеңберінде шешімдерді жедел қабылдауға және келісу кезеңдерін қысқартуға арналған өкілеттіктерді қамтамасыз ететін механизмдер әзірлеу, сондай-ақ тәуекел-тәбет деңгейін арттыру қажет, өйткені бүкіл жобалау қызметі белгісіздікпен жұмыс істеуге және тәуекелдерді басқаруға негізделген. Ағымдағы жағдайларда жобалау қызметі – ол даму мен трансформация үшін мүмкіндіктерге қарағанда, қателесу құқығы болмайтын жоғары дәрежедегі тәуекелдер.
Күрделі цифрлық жобаларды, жаңа бизнес-модельдер мен цифрлық активтерді бағалау проблемасы өзекті.
Цифрлық күн тәртібі жобаларын қаржыландыру Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге Комиссия көздеген Одақ бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жобалық және венчурлық қаржыландырудың әртүрлі механизмдерін (оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, гранттар), консорциумдар механизмін, жобаларды үшінші тараптармен, оның ішінде халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп іске асыруға қатысу мүмкіндіктерін одан әрі дамыту қажет.
Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі
Ортақ прецестерді іске асыру кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимылды талап ететін реттеудің әртүрлі салалары бойынша қолданбалы жобаларды іске асыру кезінде қиындықтар туындайды.
Технологиялық құжаттарды келісудің ұзақ мерзімдері, мүше мемлекеттердің өздерінің ақпараттық жүйелерін пысықтау, оларды ұлттық сегменттерге қосу, ақпараттық өзара іс-қимылды тестілеуге қатысу бойынша жеткіліксіз белсенділігі байқалады.
Құқықтық реттеу тұрғысынан алғанда жалпы процестерді іске асыру жөніндегі жұмыстарды реттеу бойынша қажетті актілер қабылданды: ЕАЭО шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру тәртібі бекітілді, ұлттық сегментке типтік жеке техникалық тапсырма және ұлттық сегменттің тапсырыс берушісі туралы типтік ереже туралы Комиссияның ұсынымдары қабылданды.
Комиссия мүше мемлекеттердегі ведомстволық ақпараттық жүйелерді пысықтау (әзірлеу) кезінде шығындарды қысқартуға мүмкіндік беретін жалпы процестердің шеңберінде (технологиялық құжаттар) деректермен электрондық алмасудың барынша егжей-тегжейлі ерекшелігін әзірлейді және бекітеді. Мүдделі мүше мемлекеттерге Комиссияның интеграциялық сегменті құрамынан (жалпы процестерді базалық іске асыру компоненттері) жалпы процестерге жедел қосылу үшін пайдаланылуы мүмкін бағдарламалық қамтамасыз етуді өтеусіз беру практикасы енгізілді және пысықталды.
Соған қарамастан мынадай негізгі проблемалардың өзектілігі сақталады:
технологиялық құжаттарды келісудің ұзақ мерзімі;
ақпараттық жүйелерді пысықтаудың ұзақ мерзімі;
ұлттық сегментке қосудың ұзақ мерзімі.
Қолданбалы жобалардың орындалуын үйлестіру жеткіліксіз дәрежеде жүзеге асырылады. Бұл әсіресе бірнеше уәкілетті орган қатысатын кешенді жалпы процестерді іске асыру кезінде маңызды. Осындай үйлестірушінің функцияларын ұлттық сегменттің тапсырыс берушісі орындайды деп болжанған болатын. Алайда барлық мүше мемлекеттерде ұлттық сегменттердің тапсырыс берушілері негізінен техникалық проблемаларды шешетін жағдай байқалады.
Комиссия қазіргі кезде уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің технологиялық құжаттарды бекіту кезінде белгіленген мерзімде ақпараттық өзара іс-қимылға дайын болмауы жағдайында мүше мемлекеттердің базалық іске асыру компоненттерін пайдалануының міндеттілігін Одақ құқығында бекіту туралы мәселе қаралуы мүмкін деп пайымдайды.
Жалпы процестерге жеткілікті түрде белсенді қосылмаудың себептерінің бірі интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттерін дамытатын тиісті қаржыландырумен және ресурстармен қамтамасыз етілген жекелеген бағдарламаларының мүше мемлекеттерде болмауы болып табылады. Мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттеріндегі жалпы процестерді іске асыру тәртібін олардың заңнамаларының ерекшеліктерін ескеретін қосымша регламенттеу талап етіледі.
Ішкі нарықтағы кедергілермен жұмыс
1. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "2017-2018 жылдардағы Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыстың барысы туралы" 2018 жылғы 27 қарашадағы № 19 өкіміне және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі тосқауылдарды жою жөніндегі жұмысының барысы туралы" 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 5 өкіміне сәйкес Комиссия Алқасы мүше мемлекеттерді хабардар ете отырып, Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелердің орындалуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды. Қазіргі кезде мүше мемлекеттер 22 шешімнің мынадай мәселелер бойынша 10 актісін орындамады:
басқа мүше мемлекеттердің аумағында Қазақстан Республикасынан көмір сатқан кезде экспортқа арналған ренталық салық алу (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 163 шешімі);
мүше мемлекеттерден Ресей Федерациясына бұқаралық ақпарат құралдарында, тамақ өнімінің көрмелерінде және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында шараптың және шымырлағыш шараптың (шампанның) жарнамасына тыйым салу (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153 шешімі);
арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында арнайы инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде өндірілген дайын өнімнің құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды Одақ аумағына шығару кезінде оларға қатысты Қазақстан Республикасының тарифтік жеңілдіктер беруі (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 105 шешімі);
Ресей Федерациясынан Беларусь Республикасының аумағына мал шаруашылығы өнімдерін әкелу үшін ветеринариялық рұқсаттар беруді және ветеринариялық сертификаттарды қайта ресімдеуді көздейтін шектеулерді Беларусь Республикасының енгізуі (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 190 шешімі). Беларусь Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 190 шешімі ішінара орындалды деп есептейді;
Армения Республикасында мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде орыс тіліндегі ақпарат жоқ (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 195 шешімі);
Қырғыз Республикасының аумағына, оның ішінде мүше мемлекеттердің аумақтарынан әкелінетін тауарларға "бақылау бағаларының ең төменгі деңгейі" механизмін белгілеу (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 12 наурыздағы № 29 шешімі);
Ресей Федерациясының спорт ойындарына арналған мүкәммалдың, сейфтердің, жабылатын құрылғылардың және күннен қорғайтын көзілдіріктердің сәйкестігін міндетті растау бойынша міндетті талаптар белгілеуі (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 31 шешімі);
электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында Армения Республикасында өндірілген коньяк үшін басқа мүше мемлекеттердегі ұқсас өнімге қарағанда жарнаманы орналастырудың неғұрлым қолайлы шарттарын беру (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 4 маусымдағы № 85 шешімі);
Одақтың техникалық регламенттерінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын тамақ өнімін тасымалдау кезінде Ресей Федерациясының қосымша талаптар қолдануы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 118 шешімі);
легионер-спортшылардың еңбек қызметін жүзеге асыруы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 47 шешімін Ресей Федерациясын қоспағанда, барлық мүше мемлекеттер орындады).
2. Одақ құқығымен үшінші елдермен саудада (Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттама (Одақ туралы шартқа № 7 қосымша)) көрсетілген Хаттаманың VII және VIII бөлімдерінде белгіленген негіздемелер бойынша ерекше жағдайларда тарифтік емес реттеудің уақытша шараларын енгізу рәсімі регламенттелген (мүше мемлекеттер мен Комиссияны шараны енгізу, оның қолданылу мерзімі туралы алдын ала хабардар ету қажеттігі белгіленген, Комиссия әрекетінің тәртібі және т.б. регламенттелген).
Бұл ретте Одақ туралы шарттың 29-бабына сәйкес мүше мемлекеттерге қажет болған жағдайда тауарлармен өзара саудада шектеулер қолдану құқығы берілген:
адамның өмірі мен денсаулығын сақтау;
қоғамдық моральды және құқықтық тәртіпті қорғау;
қоршаған ортаны қорғау;
жануарлар мен өсімдіктерді, мәдени құндылықтарды қорғау;
халықаралық міндеттемелерді орындау;
елдің қорғанысын және мүше мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ішкі нарықта көрсетілген шектеулерді енгізу рәсімі Одақ құқығында регламенттелмеген. Қазіргі кезде жекелеген мүше мемлекеттердің тауарлармен өзара саудада шектеулер енгізуі мәселесі бойынша мүше мемлекеттер мен бизнес-қоғамдастықтардың Одақ туралы шарттың 29-бабына сілтеме жасаған өтініштері Комиссияның қарауында жатыр.
3. Қазіргі кезде алып қоюлар мен шектеулерді жоюдың тиімділігі мүше мемлекеттердің арасында қарама-қайшылықтардың болуына байланысты барынша деңгейде қамтамасыз етілмейді. Алып қоюлар мен шектеулерді жою Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында ("жол картасында") көзделген іс-шаралардың толық және уақтылы орындалуымен қамтамасыз етіледі.
Сол кезде 2019 жылғы қазандағы жағдай бойынша көрсетілген жоспарға енгізілген 17 алып қою мен шектеулердің 3 ғана жойылған.
4. Зерттеулерді, сынақтарды, өлшемдерді, сараптамаларды, талдауларды және осыған ұқсас рәсімдерді жүргізудің, әртүрлі мүше мемлекеттердің зертханаларында алынған нәтижелер әртүрлі болған, оларды өзара тану болмаған жағдайда және өзге де ұқсас жағдайларда келіспеушіліктерді реттеу мен даулы мәселелерді шешу механизмін енгізудің бір үлгілілігін қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді шешу талап етіледі.
Осындай механизмнің болмауы Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде ғылыми және техникалық білімдерді қолдануды талап ететін даулы мәселелерді шешуге кедергі келтіреді.
Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу
1. Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттамада (Одақ туралы шартқа №25 қосымша) бір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес дайындалған электрондық цифрлық қолтаңбаны басқа мүше мемлекеттің өзара тануы арқылы электрондық форматта жүргізілетін сатып алуға қатысуға мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілері мен өнім берушілерінің кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету көзделген.
Бүгінгі таңда электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) өзара тану Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының арасында қамтамасыз етілген.
Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының арасында ЭЦҚ өзара тану мәселесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 17 желтоқсандағы № 302 шешімімен бекітілген электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану мәселесі жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде пысықтау сатысында тұр.
Сондай-ақ Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының басқа мүше мемлекеттермен ЭЦҚ өзара тану мәселесі де тиісті жоспарлардың шеңберінде пысықтау сатысында тұр.
Мүше мемлекеттерде берілген ЭЦҚ-мен жұмыс істеу үшін Армения Республикасының электрондық сауда алаңын бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтау бойынша туындаған мәселелерге байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 78 өкімімен бекітілген Электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тануды қамтамасыз ету үшін Армения Республикасы мен Ресей Федерациясының электрондық сауда алаңдары ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктерін бағалау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
2. Мемлекеттік сатып алу саласында бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп алып қоюларды белгілеу механизмін айқындауды, ұлттық режимнен алып тастаулардың қайталаушылығын қоса алғанда, Одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.
Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүргізу кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу механизмін пысықтау туралы мәселе Комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 8 тамыздағы отырысында қаралды және тиісті тапсырма қабылданды. Тапсырмаға Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы қол қойды, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қол қоюда жатыр.
3. Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің банктері берген банк кепілдіктерін тану механизмі туралы мәселе де пысықталуда.
Осы мәселе бойынша Комиссия халықаралық шарттың жобасын дайындады, ол қазіргі кезде мүше мемлекеттердің сарапшыларымен келісілуде.
Өтпелі кезеңде Комиссия Кеңесі Ресей Федерациясының заңнамасына Ресей рейтингтік агенттіктері беретін кредиттік рейтингті Еуразиялық даму банкі мен Мемлекетаралық банк алғаннан кейін мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде көрсетілген қаржы институттары беретін кепілдіктерді тану мүмкіндігіне жол берілетін өзгерістер енгізу туралы бастамамен Ресей Федерациясының Үкіметіне өтініш жасады.
III. Одақ актілерінің орындалу барысы туралы
ЖЕЭК мүшелерінің 2019 жылғы 29 мамырдағы отырыста сөз сөйлеулерінің барысында тұтастай Одақтың жұмыс істеуіне және жеке алғанда Одақ органдарының жұмысына мониторинг жүргізу міндеті қалыптастырылды.
Жүргізілген мониторингтің шеңберінде мынадай бағыттар бойынша 32 акт мерзімінде орындалмады:
ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 2 акт:
1) Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын іске асыру туралы" 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 2 шешімімен мүше мемлекеттерге бір ай мерзімде:
жобаны іске асыруға жауапты уәкілетті органдарды (ұйымдарды) айқындау және олар туралы Комиссияны хабардар ету;
жобаны үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін кандидатураларды Комиссияға ұсыну;
Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі ұлттық компоненттерінің операторларын айқындау және олар туралы Комиссияны хабардар ету" тапсырылды.
Көрсетілген жұмыс тобының құрамына енгізу үшін кандидатуралар бойынша, сондай-ақ жобаны іске асыру жөніндегі ұлттық компоненттің операторы туралы ақпарат Қырғыз Республикасынан келіп түскен жоқ;
2) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптар туралы" 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 96 шешімімен мүше мемлекеттердің үкіметтеріне көрсетілген Шешім күшіне енген күннен бастап бір ай мерзімде Комиссияға электрондық түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы компоненттерінің трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру жөніндегі комиссияның құрамына қосу үшін уәкілетті органдар мен ұйымдар басшыларының орынбасарлары (тиісті дербес бөлімшелердің бастықтары не олардың орынбасарлары) деңгейінде кандидатура ұсыну тапсырылды.
Комиссияда мемлекетаралық комиссияның құрамына енгізілетін кандидатуралар туралы Қазақстан Республикасынан түскен ақпарат жоқ;
интеграция және макроэкономика – 1 акт:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 7 өкімімен 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы (Комиссия қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша) 2019 жылғы 25 ақпанға дейін мерзімде мемлекетішілік келісу үшін мүше мемлекеттерге жіберілді.
Ресей Федерациясы бірыңғай келісілген позицияны ұсынбады. 2019 жылғы 16 қыркүйекте Ресей Федерациясының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі келіп түскен ұсыныстар туралы Комиссияның пікірін білдіруі өтінішімен көрсетілген Хаттама жобасының жекелеген ережелерін түзету туралы Ресей Федерациясы атқарушы билік органдарының ұсыныстары туралы ақпаратты Комиссияға жіберді. 2019 жылғы 10 қазанда Комиссияның тиісті ұстанымы Министрліктің атына жіберілді;
бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу – 2 акт:
1) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 18 өкімімен 2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпиялы ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткендігі үшін жауапкершілік туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы (Армения Республикасының Құпиялы ақпаратты қорғау тәртібі туралы келісімге қосылуына байланысты) 2017 жылғы 10 шілдеге дейінгі мерзімде қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жіберілді.
Қазақстан Республикасы орындамады:
2) 2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпиялы ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткендігі үшін жауапкершілік туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталмады. Хаттамаға 2018 жылғы 3 желтоқсанда қол қойылды.
Армения Республикасы мен Қазақстан Республикасы орындамады;
кедендік ынтымақтастық – 6 акт:
1) Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 6 тапсырмасы: 1-тармақтың 1.1-тармақшасына сәйкес "Комиссия мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп 2018 жылғы 1 шілдеге дейін осындай өзгерістерді енгізу туралы хаттамаға қол қою қажеттігін негізге ала отырып, басқа мүше мемлекеттерге ... Одақ туралы шартқа, Одақтың құқығын құрайтын, БКТ-ден ерекше кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану мәселелерін реттейтін, БКТ-мен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының мейілінше төмен ставкалары қолданылатын тауарларды шығару мүмкіндігін қамтамасыз ететін басқа да халықаралық шарттарға өзгерістер дайындауды қамтамасыз етсін". Орындау мерзімі – 2018 жылғы 1 шілде.
Комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі отырысындағы талқылаулардың қорытындылары бойынша мүше мемлекеттерде келіспеушіліктер болды. Осы мәселе бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды бақылап отыру механизмі туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталмады. Келісімге 2019 жылғы 29 мамырда қол қойылды.
Барлық мүше мемлекеттер ратификациялаған жоқ;
3) 2019 жылғы 29 мамырда қол қойылған 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталмады (жеке багажы кедендік тексеруге жатпайтын Армения Республикасы азаматтары тізбесінің өзгерістері).
Ресей Федерациясы ғана ратификациялады;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың және Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымал көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталмады. Келісімге 2019 жылғы 6 маусымда қол қойылды.
Ресей Федерациясы ғана ратификациялады;
5) 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі шарттар мен өтпелі ережелер туралы хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталмады (өтпелі кезең 24-тен 48 айға дейін ұзартылды, осы мерзім ішінде Одақ құқығына сәйкес өткізу пункттерін жайластыру көзделеді). Хаттамаға 2018 жылғы 14 мамырда қол қойылды.
Қазақстан Республикасы ратификацияламады;
6) 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі шарттар мен өтпелі ережелер туралы хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталмады (өтпелі кезең 48-ден 72 айға дейін ұзартылды, осы мерзім ішінде Одақ құқығына сәйкес өткізу пункттерін жайластыру көзделеді). Хаттамаға 2019 жылғы 29 мамырда қол қойылды.
Ресей Федерациясы ғана ратификациялады;
өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен – 1 акт:
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің аумақтарында "моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру" ұғымын қолдану шарттары туралы" 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешімімен мыналар тапсырылды:
"1. Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер:
...4) бір мүше мемлекеттің аумағында жасалған моторлы көлік құралдары шанағын дәнекерлеу және сырлау жөніндегі технологиялық операциялардың жүзеге асырылуы және моторлы көлік құралдары өндірісін мүше мемлекеттердің аумақтарында локализациялау деңгейінің Шешім күшіне енген күннен бастап кемінде 30 пайызға жетуі шартымен, ал 2018 жылғы 1 шелдеден бастап – моторлы көлік құралдары өндірісін локализациялау деңгейі кемінде 50 пайызға жеткен кезде басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында еркаін айналымда болуы белгіленетін ережелерді заңнамаға бекітуді қамтамасыз етсін;".
Ресей Федерациясынан локализациялаудың қол жеткізілген деңгейін растау мақсатында балдық жүйені қолдану мүмкіндігі туралы ұсыныс алынды. Көрсетілген ұсыныстар мүше мемлекеттердің атына жіберілді және 2019 жылғы 24 қыркүйекте болып өткен кеңес барысында талқыланды.
Осы ұсынысты қарау барысында мүше мемлекеттердің сарапшылары көрсетілген Шешімнің қолданыстағы редакциядағы ережелерін іске асырумен байланысты тәуекелдер мен проблемалардың, оның ішінде "өнеркәсіптік құрастыру" режимінде жасалған моторлы көлік құралдарының Одақ аумағында еркін айналысын бұғаттау тәуекелдерінің жоқтығын көрсетті, осыған байланысты осы кезеңде шешімнің ережелерін өзгеріссіз қалдыруды және Шешімге сәйкес белгіленген "моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру" ұғымымен айқындалғандай моторлы көлік құралдарын жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізілімін және Шешімде белгіленген талаптар сақтала отырып, мүше мемлекеттердің автоөндірушілерінің және олар өндіретін көлік құралдары модельдерінің есебінен қалыптастырылатын моторлы көлік құралдары модельдерінің тізілімін толықтыру бойынша жұмысты қалпына келтіруді шешті.
Мүше мемлекеттердің сарапшылары "моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру" ұғымын қолдану шарттарын уақтылы үйлестіру (ЖЕЭК осы Шешімді қабылдауы арқылы) мүше мемлекеттерді автомобиль жасау саласындағы тиімді жұмысты белгіленген мерзімде жүргізуге ынталандырды деп атап көрсетті, соның нәтижесінде Одақтың аумағында "өнеркәсіптік құрастыру" режимінде өндірілетін көлік құралдарының айналысына шектеу енгізілмей, автоөнеркәсіптік құрастыру зауыттары ұйымдастырылды және дамуда.
Қазіргі кезде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің аумақтарында "моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру" ұғымын қолдану шарттары туралы" 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешімін іске асыру туралы" мәселе ЕҮАК кезекті отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жіберілді (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 14 тапсырмасының 2-тармағын орындау үшін);
сауда – 2 акт:
1) Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 6 тапсырмасы: 1-тармақтың 1.2-тармақшасына сәйкес "Комиссия Кеңесіне Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі күшіне енген күннен бастап 1 жылдан кешіктірмей Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі жобасының 136-бабы 4-тармағының 2-тармақшасы ережелерінің күші қолданылатын тауарлардың тізбесін (тізбелерін) айқындайтын шешім қабылдау тапсырылды (5 жыл өткеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алатын тауарларға қатысты)". Мерзімі – 2018 жылғы 31 желтоқсан.
Қырғыз Республикасы Комиссия Кеңесінің "Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күнінен бастап 5 жыл өткеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алатын тауарлардың тізбесі туралы" шешімінің жобасын қол қоймай қайтарды;
2) 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауданы жүзеге асыруы кезінде озонды бұзатын заттарды және құрамында солардың өнімдері бар заттарды тасымалдау және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталмады. Хаттамаға 2016 жылғы 12 тамызда қол қойылды.
Қырғыз Республикасы ратификацияламады;
экономика және қаржы саясаты – 7 акт:
1) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 27 өкімімен Валюталық құқық қатынастарын реттеудің келісілген тәсілдемелері және ырықтандыру шараларын қабылдау туралы келісімнің жобасы оған 2019 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жіберілді.
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы орындамады;
2) Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары шығарылатын орындардың атаулары туралы шартқа қол қойылмады.
Шартқа Қазақстан Республикасын қоспағанда, барлық мүше мемлекеттер қол қойды. Қазір Қазақстан Республикасында қол қоюда жатыр;
3) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 18 өкімімен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімнің жобасы оған 2019 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жіберілді.
Ресей Федерациясы орындамады;
4) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 35 өкімімен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма қол ақша қаражаттарын және (немесе) ақша құралдарын алып өту кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы келісімнің жобасы оған 2018 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жіберілді.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы орындамады;
5) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 26 өкімімен Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын жүргізу туралы келісімнің жобасы оған 2018 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жіберілді.
Қазақстан Республикасы орындамады;
6) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталмады. Келісімге 2018 жылғы 6 қарашада қол қойылды.
Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы ратификацияламады;
7) 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін қаржы нарықтарында жағдайлар жасау мақсатында ақпаратпен, оның ішінде қаржы саласындағы құпия ақпаратпен алмасу туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталмады. Хаттамаға 2018 жылғы 18 маусымда қол қойылды.
Армения Республикасы ратификацияламады;
энергетика және көлік – 4 акт, олар бойынша халықаралық актінің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталмады:
1) Кеме қатынасы туралы келісім. Келісімге 2019 жылғы 1 ақпанда қол қойылды.
Барлық мүше мемлекеттер ратификацияламады;
2) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер (ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) енгізу туралы хаттама. Хаттамаға 2019 жылғы 29 мамырда қол қойылды.
Барлық мүше мемлекеттер ратификацияламады;
3) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама, Шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты дайындалған (электр энергиясын мемлекетаралық беру әдіснамасын өзгерту бөлігінде). Хаттамаға 2019 жылғы 29 мамырда қол қойылды.
Барлық мүше мемлекеттер ратификацияламады;
4) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама, Шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты дайындалған (электр энергиясын мемлекетаралық беру әдіснамасын өзгерту бөлігінде). Хаттамаға 2019 жылғы 29 мамырда қол қойылды.
Барлық мүше мемлекеттер ратификацияламады;
техникалық реттеу – 5 акт:
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті туралы" 2017 жылғы 3 наурыздағы № 19 шешімімен Комиссияға мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп, Одақтың химиялық заттар мен қоспалар тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін және жаңа химиялық заттарды нотификациялау тәртібін олардың 2018 жылғы 1 желтоқсанға дейін күшіне енуін қамтамасыз ете отырып әзірлеу және бекіту тапсырылды.
Комиссия Кеңесінің тәртіптерді қабылдау туралы шешімінің жобасын Комиссия Аллқасының отырысында қарау келіп түскен ұсыныстарды қосымша пысықтау қажеттігі ескеріле отырып, оның ішінде осы тәртіптер қабылданғанға дейін техникалық регламентке химия өнімінің жекелеген санаттарын мемлекеттік тіркеу бөлігінде өзгеріс енгізу қажеттігі туралы Қазақстан Республикасының ұстанымы ескеріле отырып неғұрлым кешірек мерзімге ауыстырылды;
2) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 11 өкімімен Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімнің жобасы 2018 жылғы 13 қарашаға дейінгі мерзімде қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жіберілді.
Қазақстан Республикасы орындамады;
3) 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталмады. Хаттамаға 2018 жылғы 23 шілдеде қол қойылды.
Армения Республикасы мен Қазақстан Республикасы ратификацияламады;
4) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 29 ақпандағы № 14 өкімімен Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық тосқауылдарды жою тәртібі мен шарттары туралы келісімнің жобасы 2019 жылғы 2 қарашаға дейінгі мерзімде қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жіберілді.
Қазақстан Республикасы орындамады;
5) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 36 өкімімен Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамаларын үйлестіру мақсатында жүзеге асырудың қағидаттары мен тәсілдемелері туралы келісімнің жобасы 2019 жылғы 7 маусымға дейінгі мерзімде қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жіберілді.
Қазақстан Республикасы орындамады;
Дей тұрғанмен Қазақстан Республикасы мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуді 2020 жылдың басында аяқтауды жоспарлап отырғанын Комиссияға хабарлады;
құқықтық қамтамасыз ету – 2 акт:
1) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 192 өкімімен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы мемлекеттік құпияға (мемлекеттік құпияларға) жататын мәліметтерді қамтитын ақпаратпен алмасу тәртібі туралы келісімнің жобасы 2016 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жіберілді.
Қазіргі сәтте мемлекетішілік келісудің қорытындылары бойынша мүше мемлекеттердің сарапшылары деңгейінде Келісім жобасын пысықтау жүзеге асырылуда;
2) 2018 жылғы 14 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік келісу рәсімдері аяқталмады. Келісімге 2018 жылғы 14 мамырда қол қойылды.
Армения Республикасы ратификацияламады.