Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы тосқауылдарды жою жөніндегі жұмысының барысы туралы ақпаратын ескере отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырыстарында жыл сайын баяндап отырсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |