Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығы жұмыс істеуінің шеңберінде тосқауылдарды, алып қоюларды және шектеулерді жою жөніндегі жұмысының барысы туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы тосқауылдарды жою жөніндегі жұмысының барысы туралы ақпаратын ескере отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі жұмысты жалғастырсын;

      Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырыстарында жыл сайын баяндап отырсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады