Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Балмұздақты дайындауға арналған желінің құрамына кіретін, балмұздаққа арналған экструдер мен таяқша тегістегіштен, булағыштармен жарақтандырылған (тоңазытқыш қондырғысыз), балмұздақты қатыруға арналған тез мұздатқыш туннельден, балмұздақты глазурлеу жүйесінен және операцияларды ретімен орындайтын орау автоматынан тұратын, 1 және 6 Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидаларына сәйкес балмұздақты дайындауға арналған желінің құрамына кіретін басқа технологиялық жабдықтан бөлек жеткізілетін жабдық Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8438 90 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Т. Саркисян |