Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес балмұздақ дайындауға арналған желінің құрамына кіретін жабдықтарды сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 12 ақпандағы № 24 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Балмұздақты дайындауға арналған желінің құрамына кіретін, балмұздаққа арналған экструдер мен таяқша тегістегіштен, булағыштармен жарақтандырылған (тоңазытқыш қондырғысыз), балмұздақты қатыруға арналған тез мұздатқыш туннельден, балмұздақты глазурлеу жүйесінен және операцияларды ретімен орындайтын орау автоматынан тұратын, 1 және 6 Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидаларына сәйкес балмұздақты дайындауға арналған желінің құрамына кіретін басқа технологиялық жабдықтан бөлек жеткізілетін жабдық Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8438 90 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады