Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 14-бабына сәйкес және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді жүйелеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. 2019 жылғы 1 шілдеден бастап:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат ұсыну кезіндегі электрондық өзара іс-қимыл туралы" № 27 ұсынымы;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 қаңтардағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматын қолдану туралы" № 1 ұсынымы;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 12 сәуірдегі "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат ұсыну кезіндегі электрондық өзара іс-қимыл туралы" № 5 ұсынымы;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 тамыздағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол және әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымдары мен форматтарын қолдану туралы" № 12 ұсынымы;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 16 қаңтардағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол және әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматын қолдану туралы" № 1 ұсынымы қолданылмайды деп белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |