Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол және әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымдары мен форматтарын қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 тамыздағы № 12 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 11-тармағына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге 2016 жылғы 1 қазаннан бастап, бірақ ерте дегенде 2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Киім заттары, киімге керек-жарақтар және табиғи теріден жасалған өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды жүргізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісім күшіне енген күннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматын (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат ұсыну кезіндегі электрондық өзара іс-қимыл туралы" № 27 ұсынымына қосымша) және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматын (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 12 сәуірдегі "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат ұсыну кезіндегі электрондық өзара іс-қимыл туралы" № 5 ұсынымына қосымша) қосымшаға сәйкес өзгерістерді ескере отырып қолдануды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық
комиссияның Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
К. Минасян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 2 тамыздағы
№ 12 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол және әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымдары мен форматтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматында (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 27 ұсынымына қосымша):

      а) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құжаттардың электрондық нысандарының тізбесі

Құжаттың коды

Құжатт"ың атауы

XML-құжат

Атаулар кеңістігі

1006209E

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат

PIRWInformationCU

urn:customs.ru:Information:CustomsDocuments:PIRWInformationCU:5.11.0";

      б) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат

      Атаулар кеңістігі: urn:customs.ru:Information:CustomsDocuments:PIRWInformationCU:5.11.0

      Атаулар кеңістігінің префиксі: PIRWCU

      Нұсқа: 5.11.0.0

      Импортталатын атаулар кеңістігі:

      cat_ru: urn:customs.ru:CommonAggregateTypes:5.10.0

      clt_ru: urn:customs.ru:CommonLeafTypes:5.10.0

      catESAD_cu: urn:customs.ru:CUESADCommonAggregateTypesCust:5.11.0

      cltESAD_cu: urn:customs.ru:CUESADCommonLeafTypes:5.10.0

      CategoryCust: urn:customs.ru:Categories:3.0.0".

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматында (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 5 ұсынымына қосымша):

      а) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құжаттардың электрондық нысандарының тізбесі

Құжаттың коды

Құжаттың атауы

XML-құжат

Атаулар кеңістігі

3006801E

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат

PIAirInformationCU

urn:customs.ru:Information:CustomsDocuments:PIAirInformationCU:5.11.0";

      б) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат

      Атаулар кеңісті: urn:customs.ru: Information:CustomsDocuments:

      PIAirInformationCU:5.11.0

      Атаулар кеңістігінің префиксі: pia

      Нұсқа: 5.11.0.0

      Импортталатын атаулар кеңістігі:

      CategoryCust: urn:customs.ru:Categories:3.0.0

      clt_ru: urn:customs.ru:CommonLeafTypes:5.10.0

      cat_ru: urn:customs.ru:CommonAggregateTypes:5.10.0

      cltESAD_cu: urn:customs.ru:CUESADCommonLeafTypes:5.10.0

      catESAD_cu: urn:customs.ru:CUESADCommonAggregateTypesCust:5.11.0".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады