Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол және әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматын қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 1 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 3 қосымшасы) 11-тармағына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге 2017 жылғы 1 сәуірден бастап Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматын (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат ұсыну кезіндегі электрондық өзара іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 10 қарашадағы № 27 ұсынымына қосымша) және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматын (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат ұсыну кезіндегі электрондық өзара іс-қимыл туралы" 2016 жылғы 12 сәуірдегі ұсынымына қосымша) қолдануды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 16 қаңтардағы
№ 1 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол және әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматында (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 27 ұсынымына қосымша):

      а) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құжаттардың электрондық нысандарының тізбесі

Құжаттың коды

Құжаттың атауы

XML-құжат

Атаулар кеңістігі

1006209E

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат

PIRWInformationCU

urn:customs.ru:Information:CustomsDocuments:PIRWInformationCU:5.12.0";

      б) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат

      Атаулар кеңістігі:

      urn:customs.ru:Information:CustomsDocuments:PIRWInformationCU:5.12.0

      Атаулар кеңістігінің префиксі:

      PIRWCU

      Нұсқа:

      5.12.0.0

      Атаулардың импортталатын кеңістігі:

      cat_ru: urn:customs.ru:CommonAggregateTypes:5.10.0

      clt_ru: urn:customs.ru:CommonLeafTypes:5.10.0

      catESAD_cu: urn:customs.ru:CUESADCommonAggregateTypesCust:5.12.0

      cltESAD_cu: urn:customs.ru:CUESADCommonLeafTypes:5.12.0

      CategoryCust: urn:customs.ru:Categories:3.0.0".

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматында (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 5 ұсынымына қосымша):

      а) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құжаттардың электрондық нысандарының тізбесі

Құжаттың коды

Құжаттың атауы

XML-құжат

Атаулар кеңістігі

3006801E

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат

PIAirInformationCU

urn:customs.ru:Information:CustomsDocuments:PIAirInformationCU:5.12.0";

      б) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат

      Атаулар кеңістігі:

      urn:customs.ru:Information:CustomsDocuments:PIAirInformationCU:5.12.0

      Атаулар кеңістігінің префиксі:

      pia

      Нұсқа:

      5.12.0.0

      Атаулардың импортталатын кеңістігі:

      CategoryCust: urn:customs.ru:Categories:3.0.0

      clt_ru: urn:customs.ru:CommonLeafTypes:5.10.0

      cat_ru: urn:customs.ru:CommonAggregateTypes:5.10.0

      cltESAD_cu: urn:customs.ru:CUESADCommonLeafTypes:5.12.0

      catESAD_cu: urn:customs.ru:CUESADCommonAggregateTypesCust:5.12.0".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады