Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ереженің 8-тармағының "а" тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышы бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышы Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 54 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының СЫНЫПТАУЫШЫ
I. Сыныптауыштан егжей-тегжейлі мәліметтер
1. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышынан (бұдан әрі – сыныптауыш) сыныптауыш бөлімдерінің кодтары мен атаулары, топтардың, кіші топтардың және шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары түрлерінің кодтары мен атаулары бөлігіндегі егжей-тегжейлі мәліметтер 1-кестеде келтірілген.
1-кесте
Бөлімнің коды мен атауы | Топтың коды мен атауы | Кіші топтың коды мен атауы | Түрдің коды мен атауы | Ұйымдық-құқықтық нысанның коды | Ұйымдық-құқықтық нысанның атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
AM | Армения Республикасында шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары | ||||
AM1000000 | коммерциялық ұйым | ||||
AM1010000 | шаруашылық серіктестік | ||||
AM1010100 | толық серіктестік | ||||
AM1010200 | коммандиттік серіктестік | ||||
AM1020000 | шаруашылық қоғам | ||||
AM1020100 | жауапкершілігі шектеулі қоғам | ||||
AM1020200 | қосымша жауапкершілігі бар қоғам | ||||
AM1020300 | акционерлік қоғам | ||||
AM1020301 | ашық акционерлік қоғам | ||||
AM1020302 | жабық акционерлік қоғам | ||||
AM1030000 | дара кәсіпкер | ||||
AM2000000 | кооператив | ||||
AM2010000 | коммерциялық кооператив | ||||
AM2020000 | коммерциялық емес кооператив | ||||
AM3000000 | коммерциялық емес ұйым | ||||
AM3010000 | қоғамдық бірлестік | ||||
AM3020000 | қор | ||||
AM3030000 | мемлекеттік ұйым | ||||
AM9000000 | Армения Республикасында шаруашылық жүргізудің өзге ұйымдық-құқықтық нысаны | ||||
BY | Беларусь Республикасында шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары | ||||
BY1000000 | коммерциялық ұйым | ||||
BY1010000 | шаруашылық серіктестік (қоғам) | ||||
BY1010100 | толық серіктестік | ||||
BY1010200 | коммандиттік серіктестік | ||||
BY1010300 | акционерлік қоғам | ||||
BY1010301 | ашық акционерлік қоғам | ||||
BY1010302 | жабық акционерлік қоғам | ||||
BY1010400 | жауапкершілігі шектеулі қоғам | ||||
BY1010500 | қосымша жауапкершілігі бар қоғам | ||||
BY1020000 | өндірістік кооператив | ||||
BY1030000 | унитарлық кәсіпорын | ||||
BY1030100 | шаруашылық жүргізу құқығына негізделген унитарлық кәсіпорын | ||||
BY1030200 | жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық) унитарлық кәсіпорын | ||||
BY1040000 | коммерциялық ұйым болып табылатын мемлекеттік бірлестік | ||||
BY1050000 | арендалық кәсіпорын | ||||
BY1060000 | шаруа (фермер) қожалығы | ||||
BY2000000 | коммерциялық емес ұйым | ||||
BY2010000 | тұтынушылар кооперативі | ||||
BY2020000 | қоғамдық, діни ұйым (бірлестік) | ||||
BY2020100 | қоғамдық ұйым (бірлестік) | ||||
BY2020200 | діни ұйым (бірлестік) | ||||
BY2030000 | республикалық мемлекеттік-қоғамдық бірлестік | ||||
BY2040000 | қор | ||||
BY2050000 | мекеме | ||||
BY2060000 | заңды тұлғалардың және (немесе) дара кәсіпкерлердің бірлестігі | ||||
BY2060100 | қоғамдастық | ||||
BY2060200 | одақ | ||||
BY2070000 | коммерциялық емес ұйым болып табылатын мемлекеттік бірлестік | ||||
BY2999999 | өзге коммерциялық емес ұйым | ||||
BY3000000 | заңды тұлға ұйымдастырмай құрылған субъект | ||||
BY3010000 | дара кәсіпкер | ||||
BY3020000 | Беларусь Республикасының аумағында әрекет ететін шетелдік ұйымның (Беларусь Республикасының шегінен тыс тіркелген және орналасқан заңды тұлғаның) өкілдігі | ||||
BY3999999 | басқа топтамаларға қосылмаған, заңды тұлға ұйымдастырмай құрылған өзге субъект | ||||
KZ | Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары | ||||
KZ1000000 | мемлекеттік кәсіпорын | ||||
KZ1010000 | шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын | ||||
KZ1020000 | жедел басқару құқығындағы (қазыналық) мемлекеттік кәсіпорын | ||||
KZ2000000 | шаруашылық серіктестік | ||||
KZ2010000 | толық серіктестік | ||||
KZ2020000 | коммандиттік серіктестік | ||||
KZ2030000 | жауапкершілігі шектеулі серіктестік | ||||
KZ2040000 | қосымша жауапкершілігі бар серіктестік | ||||
KZ3000000 | акционерлік қоғам | ||||
KZ4000000 | өндірістік кооператив | ||||
KZ5000000 | мекеме | ||||
KZ6000000 | қоғамдық бірлестік | ||||
KZ7000000 | тұтынушылар кооперативі | ||||
KZ8000000 | қор | ||||
KZ9000000 | діни бірлестік | ||||
KZ0000000 | қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі | ||||
KG | Қырғыз Республикасында шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары | ||||
KG1000000 | коммерциялық ұйым | ||||
KG1010000 | мемлекеттік кәсіпорын | ||||
KG1020000 | муниципалдық (коммуналдық) кәсіпорын | ||||
KG1030000 | шаруашылық серіктестік және қоғам | ||||
KG1030100 | ашық акционерлік қоғам | ||||
KG1030200 | жабық акционерлік қоғам | ||||
KG1030300 | жауапкершілігі шектеулі қоғам | ||||
KG1030400 | қосымша жауапкершілігі бар қоғам | ||||
KG1030500 | коммандиттік серіктестік | ||||
KG1030600 | толық серіктестік | ||||
KG1040000 | коммерциялық ұйым ретіндегі кооператив | ||||
KG1050000 | ауыл шаруашылығы кооперативі | ||||
KG1060000 | коммерциялық ұйым ретіндегі қаржы кооперативі (кредиттік одақ) | ||||
KG1070000 | шаруа (фермер) қожалығы (заңды тұлға ұйымдастырылған) | ||||
KG2000000 | коммерциялық емес ұйым | ||||
KG2010000 | мекеме | ||||
KG2020000 | қоғамдық бірлестік және діни ұйым | ||||
KG2030000 | коммерциялық емес ұйым ретіндегі кооператив | ||||
KG2040000 | қоғамдық қор | ||||
KG2050000 | заңды тұлғалар бірлестігі (қоғамдастық, одақ) | ||||
KG2060000 | коммерциялық емес ұйым ретіндегі қаржы кооперативі (кредиттік одақ) | ||||
KG2070000 | Орталық банк | ||||
KG2080000 | адвокатура | ||||
KG3000000 | дара кәсіпкер | ||||
KG3010000 | шаруа (фермер) қожалығы (заңды тұлға ұйымдастырылмаған) | ||||
KG4000000 | заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі | ||||
KG4010000 | заңды тұлғаның филиалы | ||||
KG4020000 | заңды тұлғаның өкілдігі | ||||
KG9000000 | басқа топтамаларға қосылмаған өзге ұйымдық-құқықтық нысан | ||||
RU | Ресей Федерациясында шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары | ||||
RU1000000 | коммерциялық корпоративтік ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары | ||||
RU1010000 | шаруашылық серіктестік | ||||
RU1010100 | толық серіктестік | ||||
RU1010200 | сенімдегі серіктестік (коммандиттік серіктестік) | ||||
RU1020000 | шаруашылық қоғам | ||||
RU01020100 | акционерлік қоғам | ||||
RU01020101 | жария акционерлік қоғам | ||||
RU01020102 | жария емес акционерлік қоғам | ||||
RU1020200 | жауапкершілігі шектеулі қоғам | ||||
RU1030000 | шаруашылық серіктестік | ||||
RU1040000 | өндірістік кооператив (артель) | ||||
RU1040100 | ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі | ||||
RU1040200 | өндірістік кооператив (ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінен басқа) | ||||
RU1050000 | шаруа (фермер) қожалығы | ||||
RU1999999 | коммерциялық ұйым болып табылатын өзге заңды тұлға | ||||
RU2000000 | коммерциялық емес корпоративтік ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары | ||||
RU2010000 | тұтынушылар кооперативі | ||||
RU2010400 | кредиттік тұтынушылар кооперативі | ||||
RU2010500 | азаматтардың кредиттік тұтынушылар кооперативі | ||||
RU2010600 | екінші деңгейдегі кредиттік кооператив | ||||
RU2019999 | тұтынушылар кооперативінің өзге нысаны | ||||
RU2020000 | қоғамдық ұйым | ||||
RU2060000 | қоғамдастық (одақ) | ||||
RU2060100 | Ресей Федерациясы субъектілерінің экономикалық өзара іс-қимыл қоғамдастығы (одағы) | ||||
RU2060200 | Ресей Федерациясы субъектілерінің муниципалдық құрылымдарының кеңесі | ||||
RU2060300 | кредиттік кооперативтер одағы (қоғамдастығы) | ||||
RU2060400 | кооперативтер одағы (қоғамдастығы) | ||||
RU2060500 | қоғамдық бірлестіктер одағы (қоғамдастығы) | ||||
RU2060600 | тұтынушылар қоғамдарының одағы | ||||
RU2060700 | сауда-өнеркәсіптік палата | ||||
RU2060800 | шаруа қожалықтарының бірлестігі | ||||
RU2069999 | өзге қоғамдастық (одақ) | ||||
RU2999999 | коммерциялық емес корпоративтік ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың өзге ұйымдық-құқықтық нысаны | ||||
RU3000000 | заңды тұлға құқығынсыз құрылған ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандары | ||||
RU3000100 | заңды тұлғаның өкілдігі | ||||
RU3000200 | заңды тұлғаның филиалы | ||||
RU3000300 | заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі | ||||
RU3000400 | заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесі | ||||
RU3009999 | заңды тұлға құқығынсыз құрылған ұйымдардың өзге ұйымдық-құқықтық нысаны | ||||
RU4000000 | қызметін Ресей Федерациясының аумағында жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандары | ||||
RU4000100 | үкіметаралық халықаралық ұйым | ||||
RU4000200 | үкіметтік емес халықаралық ұйым | ||||
RU5000000 | азаматтардың (жеке тұлғалардың) қызметі үшін ұйымдық-құқықтық нысандар | ||||
RU5010000 | азаматтардың коммерциялық қызметі үшін ұйымдық-құқықтық нысандар | ||||
RU5010100 | шаруа (фермер) қожалығының басшысы | ||||
RU5010200 | дара кәсіпкер | ||||
RU5020000 | азаматтардың кәсіпкерлікке жатқызылмаған қызметі үшін ұйымдық-құқықтық нысандар | ||||
RU6000000 | коммерциялық унитарлық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары | ||||
RU6010000 | унитарлық кәсіпорын | ||||
RU6010100 | жедел басқару құқығына негізделген унитарлық кәсіпорын (қазыналық кәсіпорындар) | ||||
RU6010101 | федералдық қазыналық кәсіпорын | ||||
RU6010102 | Ресей Федерациясы субъектісінің қазыналық кәсіпорны | ||||
RU6010103 | муниципалдық қазыналық кәсіпорын | ||||
RU6010200 | шаруашылық жүргізу құқығына негізделген унитарлық кәсіпорын | ||||
RU6010201 | федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорын | ||||
RU6010202 | Ресей Федерациясы субъектісінің мемлекеттік унитарлық кәсіпорны | ||||
RU6010203 | муниципалдық унитарлық кәсіпорын | ||||
RU7000000 | коммерциялық емес унитарлық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары | ||||
RU7000100 | қор | ||||
RU7010200 | жария-құқықтық компания | ||||
RU7010201 | мемлекеттік корпорация | ||||
RU7010202 | мемлекеттік компания | ||||
RU7010203 | шетелдік коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымның бөлімшесі | ||||
RU7020000 | мекеме | ||||
RU7020100 | Ресей Федерациясы құрған мекеме | ||||
RU7020101 | федералдық мемлекеттік автономдық мекеме | ||||
RU7020102 | федералдық мемлекеттік бюджеттік мекеме | ||||
RU7020103 | федералдық мемлекеттік қазыналық мекеме | ||||
RU7020200 | Ресей Федерациясының субъектісі құрған мекеме | ||||
RU7020201 | Ресей Федерациясы субъектісінің мемлекеттік автономдық мекемесі | ||||
RU7020202 | Ресей Федерациясы субъектісінің мемлекеттік бюджеттік мекемесі | ||||
RU7020203 | Ресей Федерациясы субъектісінің мемлекеттік қазыналық мекемесі | ||||
RU7020300 | мемлекеттік ғылым академиясы | ||||
RU7020400 | муниципалдық құрылым құрған мекеме (муниципалдық мекеме) | ||||
RU7020401 | муниципалдық автономдық мекеме | ||||
RU7020402 | муниципалдық бюджеттік мекеме | ||||
RU7020403 | Муниципалдық қазыналық мекеме | ||||
RU7020500 | жеке мекеме | ||||
RU7020501 | қайырымдылық мекемесі | ||||
RU7020502 | қоғамдық мекеме | ||||
RU7999999 | коммерциялық емес унитарлық кәсіпорындар болып табылатын заңды тұлғалардың өзге ұйымдық-құқықтық нысаны |
2. Сыныптауыштан шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдық-құқықтық нысанын шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесі бойынша сипаттайтын қосымша белгілер бөлігіндегі егжей-тегжейлі мәліметтер, капиталға қатысу нысандары және басқару нысандары (1 – 3-фасеттер) тиісінше 2 – 4-кестелерде келтірілген.
2-кесте
1-фасет. Шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесі
Коды | Атауы |
1 | заңды тұлға |
2 | жеке тұлға |
5 | жергілікті бірлік |
6 | заңды тұлға (еншілес шаруашылық қоғам) |
7 | заңды тұлға (тәуелді шаруашылық қоғам) |
3-кесте
2-фасет. Капиталға қатысу нысандары
Коды | Атауы |
3 | ТМД елдерінің шетелдік қатысуы |
4 | ТМД-дан тыс елдердің шетелдік қатысуы |
5 | ТМД елдерінің және ТМД-дан тыс елдердің шетелдік қатысуы |
6 | ТМД елдерінің шетелдік жеке, заңды тұлғасы, ұйымы |
7 | ТМД-дан тыс елдердің шетелдік жеке, заңды тұлғасы, ұйымы |
8 | ТМД елдерінің және ТМД-дан тыс елдердің шетелдік жеке, заңды тұлғасы, ұйымы |
9 | халықаралық ұйым |
4-кесте
3-фасет. Басқару нысандары
Коды | Атауы |
1 | Холдинг |
2 | Концерн |
3 | Корпорация |
3. 2 – 4-кестелерде айқындалған белгілер сыныптауыштың "KG" ("Қырғыз Республикасында шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары") бөлімінде көзделген позициялар үшін шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының қосымша сипаттамаларын кодтау үшін қолданылуы мүмкін.
II. Сыныптауыштың паспорты
Р/с № | Элементтің белгіленімі | Сипаты |
1 | 2 | 3 |
1 | Коды | 2049 |
2 | Типі | 2 – сыныптауыш |
3 | Атауы | Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышы |
4 | Аббревиатурасы | КОПФ |
5 | Белгіленімі | ЕК 049-2019 |
6 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қабылданғаны туралы актінің деректемелері | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 жылғы № шешімі |
7 | Анықтамалық (сыныптауыш) қолданысқа енгізілетін (қолданыла бастайтын) күн | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 жылғы № шешімі күшіне енген күннен бастап |
8 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуын тоқтату туралы актінің деректемелері | – |
9 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы аяқталатын күн | – |
10 | Оператор (операторлар) | Еуразиялық экономикалық комиссия |
11 | Тағайындалуы | сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары туралы мәліметтерді сыныптауға және кодтауға арналған |
12 | Аннотация (қолданылу саласы) | Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде зияткерлік меншік, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, техникалық реттеу және тауарлардың сыртқы саудасы салаларында және басқа да салаларда жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету |
13 | Түйін сөздер | ұйымдық-құқықтық нысан, ҰҚН, шаруашылық жүргізу нысаны |
14 | Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала | барлық салалар |
15 | Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауды пайдалану | 2 – сыныптауышты әзірлеген кезде халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштар қолданылған жоқ |
16 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) бар-жоғы |
1 – сыныптауыштың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары бар. |
17 | Жүйелеу (сыныптау) әдісі |
4 – аралас сыныптау әдісі. |
18 | Жүргізу әдістемесі | 1 – қосымшаға сәйкес тәртіппен анықтамалықты (сыныптауышты) орталықтандырылған жүргізу рәсімі |
19 | Құрылымы | сыныптауыштың құрылымы туралы ақпарат осы сыныптауыштың ІІІ бөлімінде келтірілген |
20 | Деректердің құпиялылық дәрежесі | осы сыныптауыштан мәліметтер ашық қол жеткізуге болатын ақпаратқа жатады |
21 | Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі | осы сыныптауыштың деректерін қайта қарауды жылына 1 реттен сиретпей жүргізу қажет |
22 | Өзгерістер | – |
23 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме | анықтамалықтан (сыныптауыштан) егжей-тегжейлі мәліметтер осы сыныптауыштың І бөлімінде келтірілген |
24 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді беру тәсілі | Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау |
III. Сыныптауыштың құрылымын сипаттау
4. Осы бөлімде сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы, соның ішінде деректемелер мәндерінің салалары мен оларды қалыптастыру қағидалары айқындалады.
5. Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы 5-кестеде келтірілген, онда мынадай жолдар (графалар) қалыптастырылады:
"деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің сөзбен сипатталуы;
"көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілік (опциялылық) және деректемелердің ықтимал қайталану саны).
6. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:
1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;
n – деректеме міндетті, n рет (n > 1) қайталануы тиіс;
1..* – деректеме міндетті, шексіз қайталануы мүмкін;
n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет (n > 1) қайталануы тиіс;
n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы және m реттен артық қайталанбауы (n > 1, m > n) тиіс;
0..1 – деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;
0..* – деректеме опциялы, шексіз қайталануы мүмкін;
0..m – деректеме опциялы, m реттен артық (m > 1) қайталанбауы тиіс.
5-кесте
Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы
Деректеменің атауы | Деректеме мәнінің саласы | Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары | Көпт. |
1. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.1 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышы бөлімінің коды | қалыпқа келтірілген символдар жолы. Шаблон: [A-Z]{2} | мүше мемлекеттің альфа-2 коды ISO 3166-1 стандартына сәйкес қалыптастырылады | 1 |
1.2 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышы бөлімінің атауы |
символдар жолы | ISO 3166-1 стандартына сәйкес орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады | 1 |
1.3 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің сыныптауыш бөліміне қосылған ұйымдық-құқықтық нысандары туралы мәліметтер | салынған деректемелер салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.3.1 Топ коды |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | кодтаудың дәйекті әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады | 1 |
1.3.2 Топтың атауы |
символдар жолы | орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады | 1 |
1.3.3 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің сыныптауыш тобына қосылған ұйымдық-құқықтық нысандары туралы мәліметтер | салынған деректемелер салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.3.3.1 Кіші топ коды |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | кодтаудың дәйекті әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады | 0..1 |
1.3.3.2 Кіші топтың атауы |
символдар жолы | орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады | 0..1 |
1.3.3.3 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының түрі туралы мәліметтер | салынған деректемелер салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 0..* |
1.3.3.3.1 Түр коды |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | кодтаудың дәйекті әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады | 1 |
1.3.3.3.2 Түрдің атауы |
символдар жолы | орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады | 1 |
1.3.3.3.3 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысандары туралы мәліметтер | салынған деректемелер салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 0..* |
*.1 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының коды |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | кодтаудың дәйекті әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады | 1 |
*.2 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының атауы |
символдар жолы | орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады | 1 |
*.7 Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы туралы мәліметтер | салынған деректемелер салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
*.1 Қолданысы басталатын күн | МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы басталатын күнге сәйкес келеді | 1 |
*.2 Басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | салынған деректемелер салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
*.2.1 Актінің түрі | қалыпқа келтірілген символдар жолы. Шаблон: \d{5} | халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актіні кодпен белгілеу | 1 |
*.2.2 Актінің нөмірі |
символдар жолы | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
*.2.3 Актінің күні | МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органының актіні қабылдаған күніне сәйкес келеді | 1 |
*.3 Қолданысы аяқталатын күн | МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы аяқталатын күнге сәйкес келеді (қолданысының соңғы күні) | 0..1 |
*.4 Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы қолданысының аяқталатын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | салынған деректемелер салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 0..1 |
*.4.1 Актінің түрі | қалыпқа келтірілген символдар жолы. Шаблон: \d{5} | халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актіні кодпен белгілеу | 1 |
*.4.2 Актінің нөмірі |
символдар жолы | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
*.4.3 Актінің күні | МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органының актіні қабылдаған күніне сәйкес келеді | 1 |
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышына ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышын жүргізу және қолдану ТӘРТІБІ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы" 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешіміне және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды әзірлеу, жүргізу және қолдану әдіснамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 121 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышын (бұдан әрі – сыныптауыш) жүргізу мен қолдану ерекшеліктерін айқындау, сондай-ақ оны әзірлеу мен жүргізу кезінде сыныптау мен кодтау әдістерін қолдану ерекшелігінің сипаты мен анықтамасын нақтылау мақсатында әзірленді.
2. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
"ұлттық сыныптауыш" – шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актісімен бекітілген сыныптауышы;
"жалпылама тізбе" – Еуразиялық экономикалық одақта шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының осы мүше мемлекеттің ұлттық сыныптауышын және (немесе) заңнамасын талдау нәтижелері бойынша қалыптастырылған тізбесі;
"өтпелі кесте" – ұлттық сыныптауыштағы сыныптау объектілері (позициялар) мен сыныптауыштағы сыныптау объектілері (позициялар) арасындағы сәйкестікті белгілейтін кесте.
Осы Тәртіпте пайдаланылатын өзге ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін қалыптастыру және дамыту мәселелеріне қатысты актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.
II. Сыныптау әдісі
3. Ұйымдық-құқықтық нысандарды сыныптау мақсаттары үшін аралас әдіс пайдаланылады.
4. Сыныптау мынадай сыныптау белгілерін қолдану негізінде жүзеге асырылады:
1) өңірлік белгі (Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) коды);
2) шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының тобы;
3) шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының кіші тобы;
4) шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының түрі;
5) шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны.
5. "Өңірлік белгі (мүше мемлекеттің коды)" сыныптау белгісі сыныптауыштың бөлімін айқындайды және заңнамасында шаруашылық жүргізудің сыныптауышқа енгізілген ұйымдық-құқықтық нысаны белгіленген мүше мемлекетке сәйкес келеді.
6. "Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының тобы" сыныптау белгісі шаруашылық жүргізудің тиісті жалпылама тізбеге енгізілген ұйымдық-құқықтық нысанының тобын айқындайды.
7. "Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының кіші тобы" сыныптау белгісі шаруашылық жүргізудің тиісті жалпылама тізбеге енгізілген ұйымдық-құқықтық нысанының кіші тобын айқындайды.
8. "Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының түрі" сыныптау белгісі шаруашылық жүргізудің тиісті жалпылама тізбеге енгізілген ұйымдық-құқықтық нысанының түрін айқындайды.
9. "Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны" сыныптау белгісі шаруашылық жүргізудің тиісті жалпылама тізбеге енгізілген ұйымдық-құқықтық нысанын айқындайды.
10. Сыныптауыштың "KG" ("Қырғыз Республикасында шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары") бөліміне қосылған шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары үшін анықтамалық ақпарат ретінде қосымша мынадай сипаттамалардың мәндері белгіленуі мүмкін:
шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесі;
капиталға қатысу нысаны;
басқару нысаны.
III. Кодтау әдісі
11. Сыныптау объектілерін кодтау үшін дәйекті әдіс пайдаланылады.
12. Сыныптау объектісінің коды 9 разрядтан тұрады, мұнда:
1-ші және 2-ші разрядтар ISO 3166-1 стандартына сәйкес мүше мемлекеттің 2 әріпті кодын қамтиды;
3-ші разряд Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының топ-кодтарын қамтиды;
4-ші және 5-ші разрядтар шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының кіші тобының 2 мәнді цифрлық кодын қамтиды;
6-шы және 7-ші разрядтар шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны түрінің кодын қамтиды;
8-ші және 9-шы разрядтар шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының 2 мәнді цифрлық кодын қамтиды және кодтаудың дәйекті әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады.
13. Осы Тәртіптің 10-тармағына сәйкес қосымша анықтамалық ақпарат ретінде көрсетілген объектілер дәйекті әдісті пайдалану негізінде кодталады.
Қырғыз Республикасы үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесінің коды сыныптауыштың І бөлімінің 2-кестесіне сәйкес белгіленеді.
Қырғыз Республикасы үшін капиталға қатысу нысанының коды сыныптауыштың І бөлімінің 3-кестесіне сәйкес белгіленеді.
Қырғыз Республикасы үшін шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару нысанының коды сыныптауыштың І бөлімінің 4-кестесіне сәйкес белгіленеді.
14. Жалпылама тізбеге қосылған сыныптау объектісін кодтау жөніндегі операцияларды орындау кезінде:
1) қосылатын сыныптау объектісінің сыныптауыштың белгілі бір бөліміне тиесілілігін белгілеу;
2) мүше мемлекеттің заңнамасын талдау негізінде:
сыныптау объектісінің осы Тәртіптің 1-кестесіне сәйкес айқындалған шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары топтарының біріне тиесілілігін;
сыныптау объектісінің шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының кіші топтарының біріне тиесілілігін (бар болса);
сыныптау объектісінің шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары түрлерінің біріне тиесілілігін (бар болса);
сыныптау объектісінің шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының біріне тиесілілігін (бар болса) белгілеу;
3) зияткерлік меншік, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, техникалық реттеу және тауарлардың сыртқы саудасы салаларында кеңінен қолданылмайтын шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарын шаруашылық жүргізудің өзге ұйымдық-құқықтық нысанының тиісті позициясына немесе неғұрлым жоғары деңгейдегі позицияға қосу;
4) 1 – 3-қадамда белгіленген сәйкестіктерді ескере отырып, дәйекті әдісті қолдану арқылы сыныптау объектісін кодтауды жүргізу қажет.
1-кесте
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптау топтары
Мүше мемлекеттің атауы | Сыныптау топтары | |
атауы | коды | |
Армения Республикасы | коммерциялық ұйым | 1 |
кооператив | 2 | |
коммерциялық емес ұйым | 3 | |
Армения Республикасының басқа топтамаларға қосылмаған шаруашылық жүргізудің өзге ұйымдық-құқықтық нысаны | 9 | |
Беларусь Республикасы | коммерциялық ұйым | 1 |
коммерциялық емес ұйым | 2 | |
заңды тұлға ұйымдастырмай құрылған субъект | 3 | |
Қазақстан Республикасы | мемлекеттік кәсіпорын | 1 |
шаруашылық серіктестік | 2 | |
акционерлік қоғам | 3 | |
өндірістік кооператив | 4 | |
мекеме | 5 | |
қоғамдық бірлестік | 6 | |
тұтынушылар кооперативі | 7 | |
қор | 8 | |
діни бірлестік | 9 | |
қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі | 0 | |
Қырғыз Республикасы | коммерциялық ұйым | 1 |
коммерциялық емес ұйым | 2 | |
дара кәсіпкер | 3 | |
заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшесі | 4 | |
Қырғыз Республикасының басқа топтамаларға қосылмаған шаруашылық жүргізудің өзге ұйымдық-құқықтық нысаны | 9 | |
Ресей Федерациясы | коммерциялық корпоративтік ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық нысандары | 1 |
коммерциялық емес корпоративтік ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық нысандары | 2 | |
заңды тұлға құқығынсыз құрылған ұйымдардың шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық нысандары | 3 | |
қызметін Ресей Федерациясының аумағында жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық нысандары | 4 | |
азаматтардың (жеке тұлғалардың) шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық нысандары | 5 | |
коммерциялық унитарлық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық нысандары | 6 | |
коммерциялық емес унитарлық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық нысандары | 7 |
15. Жалпылама тізбеге енгізілген сыныптау объектілерін кодтау жөніндегі операцияларды орындау үлгілері осы Тәртіптің 2-кестесінде келтірілген.
2-кесте
Сыныптау объектілерін кодтау жөніндегі операциялар (үлгілер)
Сыныптау объектісінің атауы | Өңірлік топ | Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының тобы | Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының кіші тобы | Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының түрі | Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны | Сыныптау объектісінің коды |
ашық акционерлік қоғам | Армения Республикасы (АМ) | коммерциялық ұйым (код 1) | шаруашылық қоғам(код 02) | акционерлік қоғам (код 03) | ашық акционерлік қоғам (код 01) | AM1020301 |
толық серіктестік | Беларусь Республикасы (BY) | коммерциялық ұйым (код 1) | шаруашылық серіктестік (қоғам)(код 01) | толық серіктестік (код 01) | – (код 00) | BY1010100 |
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын | Қазақстан Республикасы (KZ) | мемлекеттік кәсіпорын (код 1) | шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (код 01) | – (код 00) | – (код 00) | KZ1010000 |
жабық акционерлік қоғам | Қырғыз Республикасы (KG) | коммерциялық ұйым (код 1) | шаруашылық серіктестік және қоғам (код 03) | жабық акционерлік қоғам (02) | – (код 00) | KG1030200 |
дара кәсіпкер | Ресей Федерациясы (RU) | азаматтардың (жеке тұлғалардың) қызметі үшін ұйымдық-құқықтық нысандар (код 5) | азаматтардың коммерциялық қызметі үшін ұйымдық-құқықтық нысандар (код 01) | дара кәсіпкер (код 02) | – (код 00) | RU5010200 |
IV. Сыныптауышты жүргізу тәртібі
16. Сыныптауышқа мына жағдайларда:
Одақ құрамына жаңа мемлекет кірген кезде;
мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары және (немесе) олардың сыныптауыштары өзгерген кезде өзгерістер енгізу жүзеге асырылады.
17. Одақ құрамына жаңа мемлекет кірген кезде осы мемлекеттің заңнамасын талдауды ескере отырып, жалпылама тізбені қалыптастыру және оған қосылған сыныптау объектілерін осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес кодтауды қамтамасыз ету қажет.
18. Мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары және (немесе) олардың сыныптауыштары өзгерген кезде Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) өзара іс-қимыл жасауға уәкілеттік берілген орган немесе мүше мемлекеттің ұлттық сыныптауышты жүргізуге жауапты органы (ұйымы) өзгерістер бекітілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде олар туралы Комиссияны хабардар етіп, мына мәліметтерді көрсетеді:
шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарын және (немесе) олардың сыныптауыштарын өзгертуге негіз болған нормативтік құқықтық актінің деректемесі, мұндай акт күшіне енетін күн, сондай-ақ өзгерістердің мазмұны;
ұлттық сыныптауыштағы (бар болса) қосылған, алып тасталған, өзгертілген позициялар;
шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдық-құқықтық нысанын шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесі бойынша сипаттайтын қосымша белгілер, капиталға қатысу нысандары және басқару нысандары (бар болса).
19. Комиссия мүше мемлекет заңнамасының өзгерістерін талдауды және ұсынылған мәліметтерді ескере отырып, жекелеген сыныптау объектілерін қосу, алып тастау, өзгерту бөлігінде жалпылама тізбеге, сондай-ақ қажет болса, сыныптауыштың І бөлімінің 2 – 4-бөлімдерінің кестелеріне сәйкес тізбелерге қажетті өзгерістер енгізеді.
20. Жалпылама тізбе қалыптастырылғаннан (өзгертілгеннен) кейін жалпылама тізбеге жаңадан қосылған сыныптау объектілерін осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес кодтау жөніндегі операцияларды жүргізу, сондай-ақ сыныптауышқа және сыныптауышқа анықтамалық материалдар ретінде пайдаланылатын өтпелі кестеге тиісті өзгерістер енгізу қажет.
21. Сыныптауышқа, соның ішінде уыштың І бөлімінің 2 – 4-бөлімдерінің кестелеріне сәйкес тізбелерге өзгерістер енгізілген кезде позициялардың бұрын белгіленген кодтарының өзгермеуі қамтамасыз етілуге тиіс.
V. Сыныптауышты қолдану ерекшеліктері
22. Қырғыз Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері туралы мәліметтерді электронды түрде қалыптастырған кезде сыныптауыштың І бөлімінің 2-кестесіне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесінің кодын анықтамалық ақпарат ретінде көрсетуге болады. Бұл ретте шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесінің коды ұйымдық-құқықтық нысан кодының қосымша 10-шы разрядында көрсетілуге тиіс. Шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесінің коды көрсетілмейтін болса, 10-шы разрядта "0" цифры қойылады.
23. Қырғыз Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері туралы мәліметтерді электронды түрде қалыптастырған кезде сыныптауыштың І бөлімінің 3-кестесіне сәйкес капиталға қатысу нысанының кодын анықтамалық ақпарат ретінде көрсетуге болады. Бұл ретте капиталға қатысу нысанының коды ұйымдық-құқықтық нысан кодының қосымша 11-ші разрядында көрсетілуге тиіс. Егер капиталға қатысу нысанының коды көрсетілмейтін болса, 11-ші разрядта "0" цифры қойылады.
24. Қырғыз Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері туралы мәліметтерді электронды түрде қалыптастырған кезде сыныптауыштың І бөлімінің 4-кестесіне сәйкес басқару нысанының кодын анықтамалық ақпарат ретінде көрсетуге болады. Бұл ретте басқару нысанының коды ұйымдық-құқықтық нысан кодының қосымша 12-ші разрядында көрсетілуге тиіс. Егер басқару нысанының коды көрсетілмейтін болса, 12-ші разрядта "0" цифры қойылады.
25. Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері туралы мәліметтерді электронды түрде қалыптастырған кездекодтың 10-шы – 12-ші разрядтарында "000" цифрлары қойылады.