Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 54 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ереженің 8-тармағының "а" тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышы бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышы Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 2 сәуірдегі
№ 54 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының СЫНЫПТАУЫШЫ

I. Сыныптауыштан егжей-тегжейлі мәліметтер

      1. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышынан (бұдан әрі – сыныптауыш) сыныптауыш бөлімдерінің кодтары мен атаулары, топтардың, кіші топтардың және шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары түрлерінің кодтары мен атаулары бөлігіндегі егжей-тегжейлі мәліметтер 1-кестеде келтірілген.

      1-кесте


Бөлімнің коды мен атауы

Топтың коды мен атауы

Кіші топтың коды мен атауы

Түрдің коды мен атауы

Ұйымдық-құқықтық нысанның коды

Ұйымдық-құқықтық нысанның атауы

1

2

3

4

5

6

AM

Армения Республикасында шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары

AM1000000

коммерциялық ұйым

AM1010000

шаруашылық серіктестік

AM1010100

толық серіктестік

AM1010200

коммандиттік серіктестік

AM1020000

шаруашылық қоғам

AM1020100

жауапкершілігі шектеулі қоғам

AM1020200

қосымша жауапкершілігі бар қоғам

AM1020300

акционерлік қоғам

AM1020301

ашық акционерлік қоғам

AM1020302

жабық акционерлік қоғам

AM1030000

дара кәсіпкер

AM2000000

кооператив

AM2010000

коммерциялық кооператив

AM2020000

коммерциялық емес кооператив

AM3000000

коммерциялық емес ұйым

AM3010000

қоғамдық бірлестік

AM3020000

қор

AM3030000

мемлекеттік ұйым


AM9000000

Армения Республикасында шаруашылық жүргізудің өзге ұйымдық-құқықтық нысаны

BY

Беларусь Республикасында шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары

BY1000000

коммерциялық ұйым

BY1010000

шаруашылық серіктестік (қоғам)

BY1010100

толық серіктестік

BY1010200

коммандиттік серіктестік

BY1010300

акционерлік қоғам

BY1010301

ашық акционерлік қоғам

BY1010302

жабық акционерлік қоғам

BY1010400

жауапкершілігі шектеулі қоғам

BY1010500

қосымша жауапкершілігі бар қоғам

BY1020000

өндірістік кооператив

BY1030000

унитарлық кәсіпорын

BY1030100

шаруашылық жүргізу құқығына негізделген унитарлық кәсіпорын

BY1030200

жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық) унитарлық кәсіпорын

BY1040000

коммерциялық ұйым болып табылатын мемлекеттік бірлестік

BY1050000

арендалық кәсіпорын

BY1060000

шаруа (фермер) қожалығы

BY2000000

коммерциялық емес ұйым

BY2010000

тұтынушылар кооперативі

BY2020000

қоғамдық, діни ұйым (бірлестік)

BY2020100

қоғамдық ұйым (бірлестік)

BY2020200

діни ұйым (бірлестік)

BY2030000

республикалық мемлекеттік-қоғамдық бірлестік

BY2040000

қор

BY2050000

мекеме

BY2060000

заңды тұлғалардың және (немесе) дара кәсіпкерлердің бірлестігі

BY2060100

қоғамдастық

BY2060200

одақ

BY2070000

коммерциялық емес ұйым болып табылатын мемлекеттік бірлестік

BY2999999

өзге коммерциялық емес ұйым

BY3000000

заңды тұлға ұйымдастырмай құрылған субъект

BY3010000

дара кәсіпкер

BY3020000

Беларусь Республикасының аумағында әрекет ететін шетелдік ұйымның (Беларусь Республикасының шегінен тыс тіркелген және орналасқан заңды тұлғаның) өкілдігі

BY3999999

басқа топтамаларға қосылмаған, заңды тұлға ұйымдастырмай құрылған өзге субъект

KZ

Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары

KZ1000000

мемлекеттік кәсіпорын

KZ1010000

шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын

KZ1020000

жедел басқару құқығындағы (қазыналық) мемлекеттік кәсіпорын

KZ2000000

шаруашылық серіктестік

KZ2010000

толық серіктестік

KZ2020000

коммандиттік серіктестік

KZ2030000

жауапкершілігі шектеулі серіктестік

KZ2040000

қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

KZ3000000

акционерлік қоғам

KZ4000000

өндірістік кооператив

KZ5000000

мекеме

KZ6000000

қоғамдық бірлестік

KZ7000000

тұтынушылар кооперативі

KZ8000000

қор

KZ9000000

діни бірлестік

KZ0000000

қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі

KG

Қырғыз Республикасында шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары

KG1000000

коммерциялық ұйым

KG1010000

мемлекеттік кәсіпорын

KG1020000

муниципалдық (коммуналдық) кәсіпорын

KG1030000

шаруашылық серіктестік және қоғам

KG1030100

ашық акционерлік қоғам

KG1030200

жабық акционерлік қоғам

KG1030300

жауапкершілігі шектеулі қоғам

KG1030400

қосымша жауапкершілігі бар қоғам

KG1030500

коммандиттік серіктестік

KG1030600

толық серіктестік

KG1040000

коммерциялық ұйым ретіндегі кооператив

KG1050000

ауыл шаруашылығы кооперативі

KG1060000

коммерциялық ұйым ретіндегі қаржы кооперативі (кредиттік одақ)

KG1070000

шаруа (фермер) қожалығы (заңды тұлға ұйымдастырылған)

KG2000000

коммерциялық емес ұйым

KG2010000

мекеме

KG2020000

қоғамдық бірлестік және діни ұйым

KG2030000

коммерциялық емес ұйым ретіндегі кооператив

KG2040000

қоғамдық қор

KG2050000

заңды тұлғалар бірлестігі (қоғамдастық, одақ)

KG2060000

коммерциялық емес ұйым ретіндегі қаржы кооперативі (кредиттік одақ)

KG2070000

Орталық банк

KG2080000

адвокатура

KG3000000

дара кәсіпкер

KG3010000

шаруа (фермер) қожалығы (заңды тұлға ұйымдастырылмаған)

KG4000000

заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі

KG4010000

заңды тұлғаның филиалы

KG4020000

заңды тұлғаның өкілдігі

KG9000000

басқа топтамаларға қосылмаған өзге ұйымдық-құқықтық нысан

RU

Ресей Федерациясында шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары

RU1000000

коммерциялық корпоративтік ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары

RU1010000

шаруашылық серіктестік

RU1010100

толық серіктестік

RU1010200

сенімдегі серіктестік (коммандиттік серіктестік)

RU1020000

шаруашылық қоғам

RU01020100

акционерлік қоғам

RU01020101

жария акционерлік қоғам

RU01020102

жария емес акционерлік қоғам

RU1020200

жауапкершілігі шектеулі қоғам

RU1030000

шаруашылық серіктестік

RU1040000

өндірістік кооператив (артель)

RU1040100

ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі

RU1040200

өндірістік кооператив (ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінен басқа)

RU1050000

шаруа (фермер) қожалығы

RU1999999

коммерциялық ұйым болып табылатын өзге заңды тұлға

RU2000000

коммерциялық емес корпоративтік ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары

RU2010000

тұтынушылар кооперативі

RU2010400

кредиттік тұтынушылар кооперативі

RU2010500

азаматтардың кредиттік тұтынушылар кооперативі

RU2010600

екінші деңгейдегі кредиттік кооператив

RU2019999

тұтынушылар кооперативінің өзге нысаны

RU2020000

қоғамдық ұйым

RU2060000

қоғамдастық (одақ)

RU2060100

Ресей Федерациясы субъектілерінің экономикалық өзара іс-қимыл қоғамдастығы (одағы)

RU2060200

Ресей Федерациясы субъектілерінің муниципалдық құрылымдарының кеңесі

RU2060300

кредиттік кооперативтер одағы (қоғамдастығы)

RU2060400

кооперативтер одағы (қоғамдастығы)

RU2060500

қоғамдық бірлестіктер одағы (қоғамдастығы)

RU2060600

тұтынушылар қоғамдарының одағы

RU2060700

сауда-өнеркәсіптік палата

RU2060800

шаруа қожалықтарының бірлестігі

RU2069999

өзге қоғамдастық (одақ)

RU2999999

коммерциялық емес корпоративтік ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың өзге ұйымдық-құқықтық нысаны

RU3000000

заңды тұлға құқығынсыз құрылған ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандары


RU3000100

заңды тұлғаның өкілдігі

RU3000200

заңды тұлғаның филиалы

RU3000300

заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі

RU3000400

заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесі

RU3009999

заңды тұлға құқығынсыз құрылған ұйымдардың өзге ұйымдық-құқықтық нысаны

RU4000000

қызметін Ресей Федерациясының аумағында жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандары


RU4000100

үкіметаралық халықаралық ұйым

RU4000200

үкіметтік емес халықаралық ұйым

RU5000000

азаматтардың (жеке тұлғалардың) қызметі үшін ұйымдық-құқықтық нысандар

RU5010000

азаматтардың коммерциялық қызметі үшін ұйымдық-құқықтық нысандар

RU5010100

шаруа (фермер) қожалығының басшысы

RU5010200

дара кәсіпкер

RU5020000

азаматтардың кәсіпкерлікке жатқызылмаған қызметі үшін ұйымдық-құқықтық нысандар

RU6000000

коммерциялық унитарлық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары

RU6010000

унитарлық кәсіпорын

RU6010100

жедел басқару құқығына негізделген унитарлық кәсіпорын (қазыналық кәсіпорындар)

RU6010101

федералдық қазыналық кәсіпорын

RU6010102

Ресей Федерациясы субъектісінің қазыналық кәсіпорны

RU6010103

муниципалдық қазыналық кәсіпорын

RU6010200

шаруашылық жүргізу құқығына негізделген унитарлық кәсіпорын

RU6010201

федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорын

RU6010202

Ресей Федерациясы субъектісінің мемлекеттік унитарлық кәсіпорны

RU6010203

муниципалдық унитарлық кәсіпорын

RU7000000

коммерциялық емес унитарлық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары


RU7000100

қор

RU7010200

жария-құқықтық компания

RU7010201

мемлекеттік корпорация

RU7010202

мемлекеттік компания

RU7010203

шетелдік коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымның бөлімшесі

RU7020000

мекеме

RU7020100

Ресей Федерациясы құрған мекеме

RU7020101

федералдық мемлекеттік автономдық мекеме

RU7020102

федералдық мемлекеттік бюджеттік мекеме

RU7020103

федералдық мемлекеттік қазыналық мекеме

RU7020200

Ресей Федерациясының субъектісі құрған мекеме

RU7020201

Ресей Федерациясы субъектісінің мемлекеттік автономдық мекемесі

RU7020202

Ресей Федерациясы субъектісінің мемлекеттік бюджеттік мекемесі

RU7020203

Ресей Федерациясы субъектісінің мемлекеттік қазыналық мекемесі

RU7020300

мемлекеттік ғылым академиясы

RU7020400

муниципалдық құрылым құрған мекеме (муниципалдық мекеме)

RU7020401

муниципалдық автономдық мекеме

RU7020402

муниципалдық бюджеттік мекеме

RU7020403

Муниципалдық қазыналық мекеме

RU7020500

жеке мекеме

RU7020501

қайырымдылық мекемесі

RU7020502

қоғамдық мекеме

RU7999999

коммерциялық емес унитарлық кәсіпорындар болып табылатын заңды тұлғалардың өзге ұйымдық-құқықтық нысаны

      2. Сыныптауыштан шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдық-құқықтық нысанын шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесі бойынша сипаттайтын қосымша белгілер бөлігіндегі егжей-тегжейлі мәліметтер, капиталға қатысу нысандары және басқару нысандары (1 – 3-фасеттер) тиісінше 2 – 4-кестелерде келтірілген.

      2-кесте

1-фасет. Шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесі

Коды

Атауы

1

заңды тұлға

2

жеке тұлға

5

жергілікті бірлік

6

заңды тұлға (еншілес шаруашылық қоғам)

7

заңды тұлға (тәуелді шаруашылық қоғам)

      3-кесте

2-фасет. Капиталға қатысу нысандары

Коды

Атауы

3

ТМД елдерінің шетелдік қатысуы

4

ТМД-дан тыс елдердің шетелдік қатысуы

5

ТМД елдерінің және ТМД-дан тыс елдердің шетелдік қатысуы

6

ТМД елдерінің шетелдік жеке, заңды тұлғасы, ұйымы

7

ТМД-дан тыс елдердің шетелдік жеке, заңды тұлғасы, ұйымы

8

ТМД елдерінің және ТМД-дан тыс елдердің шетелдік жеке, заңды тұлғасы, ұйымы

9

халықаралық ұйым

      4-кесте

3-фасет. Басқару нысандары

Коды

Атауы

1

Холдинг

2

Концерн

3

Корпорация

      3. 2 – 4-кестелерде айқындалған белгілер сыныптауыштың "KG" ("Қырғыз Республикасында шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары") бөлімінде көзделген позициялар үшін шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының қосымша сипаттамаларын кодтау үшін қолданылуы мүмкін.

II. Сыныптауыштың паспорты

Р/с №

Элементтің белгіленімі

Сипаты

1

2

3

1

Коды

2049

2

Типі

2 – сыныптауыш

3

Атауы

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышы

4

Аббревиатурасы

КОПФ

5

Белгіленімі

ЕК 049-2019

6

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қабылданғаны туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 жылғы № шешімі

7

Анықтамалық (сыныптауыш) қолданысқа енгізілетін (қолданыла бастайтын) күн

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 жылғы № шешімі күшіне енген күннен бастап

8

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуын тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы аяқталатын күн

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Тағайындалуы

сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары туралы мәліметтерді сыныптауға және кодтауға арналған

12

Аннотация (қолданылу саласы)

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде зияткерлік меншік, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, техникалық реттеу және тауарлардың сыртқы саудасы салаларында және басқа да салаларда жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

13

Түйін сөздер

ұйымдық-құқықтық нысан, ҰҚН, шаруашылық жүргізу нысаны

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

барлық салалар

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауды пайдалану

2 – сыныптауышты әзірлеген кезде халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштар қолданылған жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) бар-жоғы

1 – сыныптауыштың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары бар.
1 – ОКРБ 019-2013. "Ұйымдық-құқықтық нысандар" Беларусь Республикасының жалпымемлекеттік сыныптауышы (Беларусь Республикасының Мемлекеттік стандарттау комитетінің 2013 жылғы 28 қазандағы № 55 қаулысымен бекітілген).
1 – Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының мемлекеттік сыныптауышы.
1 – ГК 004-1997. "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандары" Қырғыз Республикасының мемлекеттік сыныптауышы.
1 – ОК028-2012. Ұйымдық-құқықтық нысандардың жалпыресейлік сыныптауышы (Федералдық техникалық реттеу және метрология агенттігінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 505-ст бұйрығымен бекітілген)

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

4 – аралас сыныптау әдісі.
Объектілерді сыныптаған кезде сыныптаудың иерархиялық (сыныптау сатыларының саны – 4) және фасеттік әдістерінің үйлесімі пайдаланылады

18

Жүргізу әдістемесі

1 – қосымшаға сәйкес тәртіппен анықтамалықты (сыныптауышты) орталықтандырылған жүргізу рәсімі

19

Құрылымы

сыныптауыштың құрылымы туралы ақпарат осы сыныптауыштың ІІІ бөлімінде келтірілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

осы сыныптауыштан мәліметтер ашық қол жеткізуге болатын ақпаратқа жатады

21

Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі

осы сыныптауыштың деректерін қайта қарауды жылына 1 реттен сиретпей жүргізу қажет

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме

анықтамалықтан (сыныптауыштан) егжей-тегжейлі мәліметтер осы сыныптауыштың І бөлімінде келтірілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді беру тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

III. Сыныптауыштың құрылымын сипаттау

      4. Осы бөлімде сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы, соның ішінде деректемелер мәндерінің салалары мен оларды қалыптастыру қағидалары айқындалады.

      5. Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы 5-кестеде келтірілген, онда мынадай жолдар (графалар) қалыптастырылады:

      "деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің сөзбен сипатталуы;

      "көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілік (опциялылық) және деректемелердің ықтимал қайталану саны).

      6. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет (n > 1) қайталануы тиіс;

      1..* – деректеме міндетті, шексіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет (n > 1) қайталануы тиіс;

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы және m реттен артық қайталанбауы (n > 1, m > n) тиіс;

      0..1 – деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опциялы, шексіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опциялы, m реттен артық (m > 1) қайталанбауы тиіс.

      5-кесте

Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышы бөлімінің коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы. Шаблон: [A-Z]{2}

мүше мемлекеттің альфа-2 коды ISO 3166-1 стандартына сәйкес қалыптастырылады

1

1.2 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышы бөлімінің атауы

символдар жолы
Ең аз ұзындығы: 1
Ең көп ұзындығы: 300

ISO 3166-1 стандартына сәйкес орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

1

1.3 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің сыныптауыш бөліміне қосылған ұйымдық-құқықтық нысандары туралы мәліметтер

салынған деректемелер салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.3.1 Топ коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: [A-Z]{2}[0-9]{7}

кодтаудың дәйекті әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады

1

1.3.2 Топтың атауы

символдар жолы
Ең аз ұзындығы: 1
Ең көп ұзындығы: 4000

орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

1

1.3.3 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің сыныптауыш тобына қосылған ұйымдық-құқықтық нысандары туралы мәліметтер

салынған деректемелер салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.3.3.1 Кіші топ коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: [A-Z]{2}[0-9]{7}

кодтаудың дәйекті әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады

0..1

1.3.3.2 Кіші топтың атауы

символдар жолы
Ең аз ұзындығы: 1
Ең көп ұзындығы: 4000

орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

0..1

1.3.3.3 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының түрі туралы мәліметтер

салынған деректемелер салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..*

1.3.3.3.1 Түр коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: [A-Z]{2}[0-9]{7}

кодтаудың дәйекті әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады

1

1.3.3.3.2 Түрдің атауы

символдар жолы
Ең аз ұзындығы: 1
Ең көп ұзындығы: 4000

орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

1

1.3.3.3.3 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысандары туралы мәліметтер

салынған деректемелер салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..*

*.1 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: [A-Z]{2}[0-9]{7}

кодтаудың дәйекті әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады

1

*.2 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының атауы

символдар жолы
Ең аз ұзындығы: 1
Ең көп ұзындығы: 4000

орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

1

*.7 Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы туралы мәліметтер

салынған деректемелер салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

*.1 Қолданысы басталатын күн

МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы басталатын күнге сәйкес келеді

1

*.2 Басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

*.2.1 Актінің түрі

қалыпқа келтірілген символдар жолы. Шаблон: \d{5}

халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актіні кодпен белгілеу

1

*.2.2 Актінің нөмірі

символдар жолы
Ең аз ұзындығы: 1
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.2.3 Актінің күні

МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актіні қабылдаған күніне сәйкес келеді

1

*.3 Қолданысы аяқталатын күн

МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы аяқталатын күнге сәйкес келеді (қолданысының соңғы күні)

0..1

*.4 Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы қолданысының аяқталатын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

*.4.1 Актінің түрі

қалыпқа келтірілген символдар жолы. Шаблон: \d{5}

халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актіні кодпен белгілеу

1

*.4.2 Актінің нөмірі

символдар жолы
Ең аз ұзындығы: 1
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.4.3 Актінің күні

МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актіні қабылдаған күніне сәйкес келеді

1

  Еуразиялық экономикалық
одақ шеңберінде шаруашылық
жүргізудің ұйымдық-құқықтық
нысандарының сыныптауышына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышын жүргізу және қолдану ТӘРТІБІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы" 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешіміне және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды әзірлеу, жүргізу және қолдану әдіснамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 121 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышын (бұдан әрі – сыныптауыш) жүргізу мен қолдану ерекшеліктерін айқындау, сондай-ақ оны әзірлеу мен жүргізу кезінде сыныптау мен кодтау әдістерін қолдану ерекшелігінің сипаты мен анықтамасын нақтылау мақсатында әзірленді.

      2. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "ұлттық сыныптауыш" – шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актісімен бекітілген сыныптауышы;

      "жалпылама тізбе" – Еуразиялық экономикалық одақта шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының осы мүше мемлекеттің ұлттық сыныптауышын және (немесе) заңнамасын талдау нәтижелері бойынша қалыптастырылған тізбесі;

      "өтпелі кесте" – ұлттық сыныптауыштағы сыныптау объектілері (позициялар) мен сыныптауыштағы сыныптау объектілері (позициялар) арасындағы сәйкестікті белгілейтін кесте.

      Осы Тәртіпте пайдаланылатын өзге ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін қалыптастыру және дамыту мәселелеріне қатысты актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.

II. Сыныптау әдісі

      3. Ұйымдық-құқықтық нысандарды сыныптау мақсаттары үшін аралас әдіс пайдаланылады.

      4. Сыныптау мынадай сыныптау белгілерін қолдану негізінде жүзеге асырылады:

      1) өңірлік белгі (Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) коды);

      2) шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының тобы;

      3) шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының кіші тобы;

      4) шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының түрі;

      5) шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны.

      5. "Өңірлік белгі (мүше мемлекеттің коды)" сыныптау белгісі сыныптауыштың бөлімін айқындайды және заңнамасында шаруашылық жүргізудің сыныптауышқа енгізілген ұйымдық-құқықтық нысаны белгіленген мүше мемлекетке сәйкес келеді.

      6. "Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының тобы" сыныптау белгісі шаруашылық жүргізудің тиісті жалпылама тізбеге енгізілген ұйымдық-құқықтық нысанының тобын айқындайды.

      7. "Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының кіші тобы" сыныптау белгісі шаруашылық жүргізудің тиісті жалпылама тізбеге енгізілген ұйымдық-құқықтық нысанының кіші тобын айқындайды.

      8. "Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының түрі" сыныптау белгісі шаруашылық жүргізудің тиісті жалпылама тізбеге енгізілген ұйымдық-құқықтық нысанының түрін айқындайды.

      9. "Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны" сыныптау белгісі шаруашылық жүргізудің тиісті жалпылама тізбеге енгізілген ұйымдық-құқықтық нысанын айқындайды.

      10. Сыныптауыштың "KG" ("Қырғыз Республикасында шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары") бөліміне қосылған шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары үшін анықтамалық ақпарат ретінде қосымша мынадай сипаттамалардың мәндері белгіленуі мүмкін:

      шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесі;

      капиталға қатысу нысаны;

      басқару нысаны.

III. Кодтау әдісі

      11. Сыныптау объектілерін кодтау үшін дәйекті әдіс пайдаланылады.

      12. Сыныптау объектісінің коды 9 разрядтан тұрады, мұнда:

      1-ші және 2-ші разрядтар ISO 3166-1 стандартына сәйкес мүше мемлекеттің 2 әріпті кодын қамтиды;

      3-ші разряд Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының топ-кодтарын қамтиды;

      4-ші және 5-ші разрядтар шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының кіші тобының 2 мәнді цифрлық кодын қамтиды;

      6-шы және 7-ші разрядтар шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны түрінің кодын қамтиды;

      8-ші және 9-шы разрядтар шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының 2 мәнді цифрлық кодын қамтиды және кодтаудың дәйекті әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады.

      13. Осы Тәртіптің 10-тармағына сәйкес қосымша анықтамалық ақпарат ретінде көрсетілген объектілер дәйекті әдісті пайдалану негізінде кодталады.

      Қырғыз Республикасы үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесінің коды сыныптауыштың І бөлімінің 2-кестесіне сәйкес белгіленеді.

      Қырғыз Республикасы үшін капиталға қатысу нысанының коды сыныптауыштың І бөлімінің 3-кестесіне сәйкес белгіленеді.

      Қырғыз Республикасы үшін шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару нысанының коды сыныптауыштың І бөлімінің 4-кестесіне сәйкес белгіленеді.

      14. Жалпылама тізбеге қосылған сыныптау объектісін кодтау жөніндегі операцияларды орындау кезінде:

      1) қосылатын сыныптау объектісінің сыныптауыштың белгілі бір бөліміне тиесілілігін белгілеу;

      2) мүше мемлекеттің заңнамасын талдау негізінде:

      сыныптау объектісінің осы Тәртіптің 1-кестесіне сәйкес айқындалған шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары топтарының біріне тиесілілігін;

      сыныптау объектісінің шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының кіші топтарының біріне тиесілілігін (бар болса);

      сыныптау объектісінің шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары түрлерінің біріне тиесілілігін (бар болса);

      сыныптау объектісінің шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының біріне тиесілілігін (бар болса) белгілеу;

      3) зияткерлік меншік, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, техникалық реттеу және тауарлардың сыртқы саудасы салаларында кеңінен қолданылмайтын шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарын шаруашылық жүргізудің өзге ұйымдық-құқықтық нысанының тиісті позициясына немесе неғұрлым жоғары деңгейдегі позицияға қосу;

      4) 1 – 3-қадамда белгіленген сәйкестіктерді ескере отырып, дәйекті әдісті қолдану арқылы сыныптау объектісін кодтауды жүргізу қажет.

      1-кесте

Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптау топтары

Мүше мемлекеттің атауы

Сыныптау топтары

атауы

коды

Армения Республикасы

коммерциялық ұйым

1

кооператив

2

коммерциялық емес ұйым

3

Армения Республикасының басқа топтамаларға қосылмаған шаруашылық жүргізудің өзге ұйымдық-құқықтық нысаны

9

Беларусь Республикасы

коммерциялық ұйым

1

коммерциялық емес ұйым

2

заңды тұлға ұйымдастырмай құрылған субъект

3

Қазақстан Республикасы

мемлекеттік кәсіпорын

1

шаруашылық серіктестік

2

акционерлік қоғам

3

өндірістік кооператив

4

мекеме

5

қоғамдық бірлестік

6

тұтынушылар кооперативі

7

қор

8

діни бірлестік

9

қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі

0

Қырғыз Республикасы

коммерциялық ұйым

1

коммерциялық емес ұйым

2

дара кәсіпкер

3

заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшесі

4

Қырғыз Республикасының басқа топтамаларға қосылмаған шаруашылық жүргізудің өзге ұйымдық-құқықтық нысаны

9

Ресей Федерациясы

коммерциялық корпоративтік ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық нысандары

1

коммерциялық емес корпоративтік ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық нысандары

2

заңды тұлға құқығынсыз құрылған ұйымдардың шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық нысандары

3

қызметін Ресей Федерациясының аумағында жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық нысандары

4

азаматтардың (жеке тұлғалардың) шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық нысандары

5

коммерциялық унитарлық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық нысандары

6

коммерциялық емес унитарлық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық нысандары

7

      15. Жалпылама тізбеге енгізілген сыныптау объектілерін кодтау жөніндегі операцияларды орындау үлгілері осы Тәртіптің 2-кестесінде келтірілген.

      2-кесте

Сыныптау объектілерін кодтау жөніндегі операциялар (үлгілер)

Сыныптау объектісінің атауы

Өңірлік топ

Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының тобы

Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының кіші тобы

Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының түрі

Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны

Сыныптау объектісінің коды

ашық акционерлік қоғам

Армения Республикасы (АМ)

коммерциялық ұйым (код 1)

шаруашылық қоғам(код 02)

акционерлік қоғам (код 03)

ашық акционерлік қоғам (код 01)

AM1020301

толық серіктестік

Беларусь Республикасы (BY)

коммерциялық ұйым (код 1)

шаруашылық серіктестік (қоғам)(код 01)

толық серіктестік (код 01)

– (код 00)

BY1010100

шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын

Қазақстан Республикасы (KZ)

мемлекеттік кәсіпорын (код 1)

шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (код 01)

– (код 00)

– (код 00)

KZ1010000

жабық акционерлік қоғам

Қырғыз Республикасы (KG)

коммерциялық ұйым (код 1)

шаруашылық серіктестік және қоғам (код 03)

жабық акционерлік қоғам (02)

– (код 00)

KG1030200

дара кәсіпкер

Ресей Федерациясы (RU)

азаматтардың (жеке тұлғалардың) қызметі үшін ұйымдық-құқықтық нысандар (код 5)

азаматтардың коммерциялық қызметі үшін ұйымдық-құқықтық нысандар (код 01)

дара кәсіпкер (код 02)

– (код 00)

RU5010200

IV. Сыныптауышты жүргізу тәртібі

      16. Сыныптауышқа мына жағдайларда:

      Одақ құрамына жаңа мемлекет кірген кезде;

      мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары және (немесе) олардың сыныптауыштары өзгерген кезде өзгерістер енгізу жүзеге асырылады.

      17. Одақ құрамына жаңа мемлекет кірген кезде осы мемлекеттің заңнамасын талдауды ескере отырып, жалпылама тізбені қалыптастыру және оған қосылған сыныптау объектілерін осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес кодтауды қамтамасыз ету қажет.

      18. Мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары және (немесе) олардың сыныптауыштары өзгерген кезде Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) өзара іс-қимыл жасауға уәкілеттік берілген орган немесе мүше мемлекеттің ұлттық сыныптауышты жүргізуге жауапты органы (ұйымы) өзгерістер бекітілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде олар туралы Комиссияны хабардар етіп, мына мәліметтерді көрсетеді:

      шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарын және (немесе) олардың сыныптауыштарын өзгертуге негіз болған нормативтік құқықтық актінің деректемесі, мұндай акт күшіне енетін күн, сондай-ақ өзгерістердің мазмұны;

      ұлттық сыныптауыштағы (бар болса) қосылған, алып тасталған, өзгертілген позициялар;

      шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдық-құқықтық нысанын шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесі бойынша сипаттайтын қосымша белгілер, капиталға қатысу нысандары және басқару нысандары (бар болса).

      19. Комиссия мүше мемлекет заңнамасының өзгерістерін талдауды және ұсынылған мәліметтерді ескере отырып, жекелеген сыныптау объектілерін қосу, алып тастау, өзгерту бөлігінде жалпылама тізбеге, сондай-ақ қажет болса, сыныптауыштың І бөлімінің 24-бөлімдерінің кестелеріне сәйкес тізбелерге қажетті өзгерістер енгізеді.

      20. Жалпылама тізбе қалыптастырылғаннан (өзгертілгеннен) кейін жалпылама тізбеге жаңадан қосылған сыныптау объектілерін осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес кодтау жөніндегі операцияларды жүргізу, сондай-ақ сыныптауышқа және сыныптауышқа анықтамалық материалдар ретінде пайдаланылатын өтпелі кестеге тиісті өзгерістер енгізу қажет.

      21. Сыныптауышқа, соның ішінде уыштың І бөлімінің 2 – 4-бөлімдерінің кестелеріне сәйкес тізбелерге өзгерістер енгізілген кезде позициялардың бұрын белгіленген кодтарының өзгермеуі қамтамасыз етілуге тиіс.

V. Сыныптауышты қолдану ерекшеліктері

      22. Қырғыз Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері туралы мәліметтерді электронды түрде қалыптастырған кезде сыныптауыштың І бөлімінің 2-кестесіне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесінің кодын анықтамалық ақпарат ретінде көрсетуге болады. Бұл ретте шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесінің коды ұйымдық-құқықтық нысан кодының қосымша 10-шы разрядында көрсетілуге тиіс. Шаруашылық жүргізуші субъектінің азаматтық-құқықтық мәртебесінің коды көрсетілмейтін болса, 10-шы разрядта "0" цифры қойылады.

      23. Қырғыз Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері туралы мәліметтерді электронды түрде қалыптастырған кезде сыныптауыштың І бөлімінің 3-кестесіне сәйкес капиталға қатысу нысанының кодын анықтамалық ақпарат ретінде көрсетуге болады. Бұл ретте капиталға қатысу нысанының коды ұйымдық-құқықтық нысан кодының қосымша 11-ші разрядында көрсетілуге тиіс. Егер капиталға қатысу нысанының коды көрсетілмейтін болса, 11-ші разрядта "0" цифры қойылады.

      24. Қырғыз Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері туралы мәліметтерді электронды түрде қалыптастырған кезде сыныптауыштың І бөлімінің 4-кестесіне сәйкес басқару нысанының кодын анықтамалық ақпарат ретінде көрсетуге болады. Бұл ретте басқару нысанының коды ұйымдық-құқықтық нысан кодының қосымша 12-ші разрядында көрсетілуге тиіс. Егер басқару нысанының коды көрсетілмейтін болса, 12-ші разрядта "0" цифры қойылады.

      25. Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері туралы мәліметтерді электронды түрде қалыптастырған кездекодтың 10-шы – 12-ші разрядтарында "000" цифрлары қойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады