Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 4 қосымшаға өзгеріс енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 66 шешіміне ҚОСЫМША |
Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 4 қосымшаға енгізілетін ӨЗГЕРІС
Мынадай мазмұндағы III бөліммен толықтырылсын:
"III. Беларусь Республикасында тауарларды кедендік декларациялау кезінде көрсетілуге жататын мәліметтер**
4403 | өңделмеген ағаш материалдары | ағаш материалдарының атауы және сүрек түрлері (мысалы, қайың бөренесі, "Pinussylvestris L." кәдімгі қарағай баланстары) |
өңдеудің болуы (мысалы, қабығынан тазартылмаған, өңделмеген, қабығынан тазартылған) | ||
консервантпен өңдеудің болуы (мысалы, бояумен, улағыштармен, креозотпен немесе өзге де заттармен) | ||
ағаш материалдарының сорты | ||
ағаш материалдарының өлшемдері: | ||
ағаш материалдарының номиналды ұзындығы | ||
аралауға ең көп әдіпті ескере отырып, ағаш материалдарының ұзындығы (м) | ||
жоғарғы жағында және төменгі жағында диаметр (қалыңдық) диапазоны | ||
номиналды ұзындығын ескере отырып және қабығын есепке алмай, келісімшартта көрсетілген ағаш материалдарының көлемі (м3) | ||
нақты ұзындығын ескере отырып және қабығын есепке ала отырып, ағаш материалдарының көлемі (м3) | ||
4407 | ағаш материалдары | ағаш материалдарының атауы және сүрек түрлері |
өңдеу түрі (бойлай араланған немесе жарылған, сүргіленген немесе аршылған, жонылған немесе жонылмаған, тегістелген немесе тегістелмеген, тікенек қосылыстары бар немесе жоқ) | ||
ағаш материалдары сорты немесе сорттарының тобы | ||
номиналды өлшемдері (ұзындығы, ені, қалыңдығы) (мм) | ||
номиналды мөлшерден шекті ауытқулар (мм) | ||
кептіру шамасына арналған әдіптер (бар болса) (мм) | ||
номиналды мөлшерлерді ескере отырып, келісімшартта көрсетілген ағаш материалдарының көлемі (м3) | ||
шекті ауытқуларды және кептіруге арналған әдіптерді ескере отырып, ағаш материалдарының көлемі (м3)". |