Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 4 қосымшаға өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 66 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 4 қосымшаға өзгеріс енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2019 жылғы 16 сәуірдегі
№ 66 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 4 қосымшаға енгізілетін ӨЗГЕРІС

      Мынадай мазмұндағы III бөліммен толықтырылсын:

      "III. Беларусь Республикасында тауарларды кедендік декларациялау кезінде көрсетілуге жататын мәліметтер**

4403
(
4403 41 000 0,
4403 49-дан басқа)

өңделмеген ағаш материалдары

ағаш материалдарының атауы және сүрек түрлері (мысалы, қайың бөренесі, "Pinussylvestris L." кәдімгі қарағай баланстары)

өңдеудің болуы (мысалы, қабығынан тазартылмаған, өңделмеген, қабығынан тазартылған)

консервантпен өңдеудің болуы (мысалы, бояумен, улағыштармен, креозотпен немесе өзге де заттармен)

ағаш материалдарының сорты

ағаш материалдарының өлшемдері:

ағаш материалдарының номиналды ұзындығы

аралауға ең көп әдіпті ескере отырып, ағаш материалдарының ұзындығы (м)

жоғарғы жағында және төменгі жағында диаметр (қалыңдық) диапазоны

номиналды ұзындығын ескере отырып және қабығын есепке алмай, келісімшартта көрсетілген ағаш материалдарының көлемі (м3)

нақты ұзындығын ескере отырып және қабығын есепке ала отырып, ағаш материалдарының көлемі (м3)

4407
(4407 21,
4407 22,
4407 25,
4407 26,
4407 27,
4407 28,
4407 29-дан басқа)

ағаш материалдары

ағаш материалдарының атауы және сүрек түрлері

өңдеу түрі (бойлай араланған немесе жарылған, сүргіленген немесе аршылған, жонылған немесе жонылмаған, тегістелген немесе тегістелмеген, тікенек қосылыстары бар немесе жоқ)

ағаш материалдары сорты немесе сорттарының тобы

номиналды өлшемдері (ұзындығы, ені, қалыңдығы) (мм)

номиналды мөлшерден шекті ауытқулар (мм)

кептіру шамасына арналған әдіптер (бар болса) (мм)

номиналды мөлшерлерді ескере отырып, келісімшартта көрсетілген ағаш материалдарының көлемі (м3)

шекті ауытқуларды және кептіруге арналған әдіптерді ескере отырып, ағаш материалдарының көлемі (м3)".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады