Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Гигиеналық мақсатқа арналған, су ағысының бағыттары мен типін реттеудің бір немесе бірнеше режимі бар, хромдалған жабындысы бар пластиктен әзірленген корпустан және себезгі дискісінен тұратын себезгі су сепкіші, сондай-ақ бекіткіш бұйымдарды қамтитын, бөлшек саудаға арналған жиынтық түрінде ұсынылған себезгі жиынтығы сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1, 3 (б) және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3924 90 000 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Гигиеналық мақсатқа арналған, су ағысының бағыттары мен типін реттеудің бір немесе бірнеше режимі бар, хромдалған жабындысы бар пластиктен әзірленген корпустан және себезгі дискісінен тұратын себезгі су сепкіші, сондай-ақ шланг, шлангі ұстағыш, себезгі су сепкішіне арналған штанг, сабын салғыш, бекіткіш бұйымдарды қамтитын, бөлшек саудаға арналған жиынтық түрінде ұсынылған себезгі жиынтығы сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1, 3 (б) және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3924 90 000 қосалқы позициясында сыныпталады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |