Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағына және 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша биметалды жылыту радиаторларының сыныптамасы туралы" № 164 шешімінің 1-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:
"қорытпасымен" деген сөзден кейін "құйылып" деген сөзбен толықтырылсын;
"Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1-негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7616 тауар позициясында сыныпталады" деген сөздер "сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7616 99 100 2 кіші қосалқы позициясында сыныпталады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |