Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 164 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 4 маусымдағы № 91 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағына және 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша биметалды жылыту радиаторларының сыныптамасы туралы" № 164 шешімінің 1-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "қорытпасымен" деген сөзден кейін "құйылып" деген сөзбен толықтырылсын;

      "Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1-негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7616 тауар позициясында сыныпталады" деген сөздер "сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7616 99 100 2 кіші қосалқы позициясында сыныпталады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады