Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Құрамында еритін және ерімейтін тағамдық талшықтар бар, химиялық тәсілдерді (мысалы сілтілік ағарту) және механикалық тәсілдерді (мысалы ұсақтау, елеу, іріктеу) қолдана отырып, бидайдың вегетативтік (сабақ) бөлігінен алынған, тамақ өнеркәсібінің түрлі салаларында функционалдық қоспалар ретінде пайдаланылатын бидай жасұнығы (тағамдық талшықтар) сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.
2. Құрамында еритін және ерімейтін тағамдық талшықтар бар, химиялық және физикалық тәсілдерді (мысалы қышқылдарды, сілтілерді қолдана отырып экстракциялау, декантациялау) және механикалық тәсілдерді (мысалы ұсақтау, елеу, іріктеу) қолдана отырып, ақуыз бен крахмалды жартылай жою арқылы асбұршақ тұқымынан алынған, тамақ өнеркәсібінің түрлі салаларында функционалдық қоспалар ретінде пайдаланылатын асбұршақ жасұнығы (тағамдық талшықтар) сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.
3. Құрамында еритін және ерімейтін тағамдық талшықтар бар, химиялық тәсілмен (мысалы қышқылдарды, сілтілерді қолдана отырып экстракциялау) кейіннен механикалық тәсілдерді (мысалы ұсақтау, елеу, іріктеу) қолдана отырып, одан ақуызды жартылай жою арқылы майбұршақтарды қайта өңдеудің майсыздандырылған қалдығынан алынған, тамақ өнеркәсібінің түрлі салаларында функционалдық қоспалар ретінде пайдаланылатын майбұршақ жасұнығы (тағамдық талшықтар) сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |