Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына және 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
Жемшөп тасығыш-жартылай тіркеме:
жануарларға арналған жемшөпті және ауыл шаруашылық жүктерін қаптамасыз (сусымалы күйде) автопойыз құрамында тасу үшін арналған;
мал шаруашылығы кешені ғимаратының шегінде жануарларға жемшөптерді (ауыл шаруашылық жүктерін) әзірлеу, тасымалдау және тарату үшін арналмаған;
автомобиль (ершікті) тартқышпен қосу үшін тартқыш-ілініс құрылғысымен жабдықталған жартылай тіркеме түрінде ұсынылған;
жоғары бөлігінде сол арқылы тиеу жүргізілетін метал қақпақтармен жабылатын люктері бар, бөліктерге бөлінген, цилиндрлік пішіндегі метал ыдыс (цистерна) орнатылған шассиден тұратын:
ыдыстың төменгі бөлігінде тасымалданатын жемшөптерді және қаптамасыз (сусымалы күйде) ауыл шаруашылық жүктерін түсіру үшін арналған, тік, жоғарғы (сыртқы) және артқы (жылжымалы) иірмекпен біртіндеп жалғанатын, көлденең иірмекпен (қалақтары бар бұранда түріндегі) жабдықталған;
- сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8716 31 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Кеден одағы Комиссиясының "Өзі түсіретін жемшөп тасығыш-жартылай тіркемені сыныптау туралы" 2011 жылғы 2 наурыздағы № 556 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |