Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Жуу құралдарын, балауыз сұйықтықты пайдалана отырып немесе онсыз (таңдап алынған және ақысы төленген режимге байланысты) көлік құралдарын жоғары қысымды сумен қолмен жууға арналған, бірнеше орынға есептелген және жоғары қысымды сорғыдан, су қыздыратын қазаннан, су тазарту және дайындау жүйесінен, химиялық заттарды мөлшерлеу жүйесінен, қатуға қарсы жүйеден, шашыратқыш пистолеттері бар құбыршектер жиынтығынан және басқарушы компьютерден (жуу бағдарламасын таңдауға мүмкіндік беретін) тұратын, өзіне-өзі қызмет көрсететін кешенді жуғыш сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8424 30 010 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
К. Минасян |