Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 23, 28 және 29-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ыстықтай илектелген прокатқа қатысты арнайы квота енгізу арқылы арнайы қорғау шарасын қолдану және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 137 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 8 қазандағы № 177 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 137 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 1-тармақтағы "қосымшаға сәйкес" деген сөздер "№ 1 қосымшаға сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 3-тармақтың екінші абзацындағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы бекітетін әдістемеге" деген сөздер "№ 2 қосымшаға орай тәртіпке" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Көрсетілген Шешімге қосымшаның нөмірлік тақырыбындағы "қосымша" деген сөз "№ 1 қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Мынадай мазмұндағы № 2 қосымшамен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 137 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Ыстықтай илектелген прокатқа қатысты арнайы квота нысанындағы арнайы қорғау шараларын қолдану ТӘРТІБІ I. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 23, 28 және 29-тармақтары негізінде әзірленді және ЕАЭО СЭҚ ТН 7208 10 000 0, 7208 25 000 0, 7208 26 000 0, 7208 27 000 0, 7208 36 000 0, 7208 37 000 0, 7208 38 000 0, 7208 39 000 0, 7208 40 000 0, 7208 51 200 1, 7208 51 200 9, 7208 51 910 0, 7208 51 980 0, 7208 52 100 0, 7208 52 910 0, 7208 52 990 0, 7208 53 100 0, 7208 53 900 0, 7208 54 000 0, 7208 90 200 0, 7208 90 800 0, 7211 13 000 0, 7211 14 000 0, 7211 19 000 0, 7225 30 100 0, 7225 30 300 0, 7225 30 900 0, 7225 40 120 1, 7225 40 120 9, 7225 40 150 1, 7225 40 150 9, 7225 40 400 0, 7225 40 600 0, 7225 40 900 0, 7226 91 200 0, 7226 91 910 0 және 7226 91 990 0 кодтарымен сыныпталатын, көміртекті және легирленген болаттан жасалған, қаңылтырдағы және орамадағы ыстықтай илектелген прокатқа қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 137 шешімімен белгіленген арнайы квота нысанындағы арнайы қорғау шараларын қолдану қағидаларын (бұдан әрі тиісінше – арнайы квота, тауар) айқындайды.
2. Арнайы квотаның қолданылу кезеңінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер, Одақ) тауарлар импортына лицензиялар беруге уәкілеттік берілген атқарушы билік органдары немесе мүше мемлекеттердің атқарушы билігінің өзге де уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті органдар) Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) көзделген тәртіппен сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында арнайы квота көлемдерін бөлуді және тауар импортына біржолғы лицензиялар беруді жүзеге асырады.
3. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлуге жататын арнайы квотаның көлемі (мүше мемлекет үшін арнайы квота көлемінің Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 137 шешіміне № 1 қосымшада белгіленгеннен пайызымен):
а) 2019 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңге – 20 пайызды;
б) 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 31 шілдені қоса алғандағы кезеңге - 50 пайызды;
в) 2020 жылғы 1 тамыздан бастап 2020 жылғы 30 қарашаны қоса алғандағы кезеңге - 30 пайызды құрайды.
4. Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) қосымшаның 9-тармағына сәйкес біржолғы лицензияның қолданылу мерзімі мынаны:
а) осы Тәртіптің 3-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген кезеңге қатысты – 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда немесе 2020 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы;
б) осы Тәртіптің 3-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген кезеңге қатысты – 2020 жылғы 31 шілдені қоса алғандағы;
в) осы Тәртіптің 3-тармағының "в" тармақшасында көрсетілген кезеңге қатысты – 2020 жылғы 30 қарашаны қоса алғандағы мерзімді құрайды.
5. Осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген тиісті кезеңге бөлуге жататын арнайы квота көлемінің 85 пайызын сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу осы Тәртіптің II бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген тиісті кезеңге бөлуге жататын арнайы квота көлемінің 15 пайызын сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу осы Тәртіптің III бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арнайы квота көлемінің бір бөлігін алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
а) осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген тиісті кезеңде Одақтың кедендік аумағына әкелуге болжанатын тауардың саны (килограммен), сондай-ақ осындай беру мерзімдері көрсетілген арнайы квота көлемінің бір бөлігін алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім);
б) өтінімде көрсетілген тауардың санын негіздейтін қол қойылған сыртқы сауда шартының (келісімшартының), қосымшалардың және (немесе) ерекшеліктердің және (немесе) оған толықтырулардың көшірмелері;
в) салық органында есепке қою туралы немесе мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың (егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, мәліметтердің) көшірмесі.
8. Сыртқы сауда қызметіне қатысушыға арнайы квота көлемінің бір бөлігін бөлуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
а) осы Тәртіптің 7-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтердің болуы;
б) осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген құжаттарды (мәліметтерді) толық көлемде ұсынбау;
в) осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше құжаттың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру;
г) осы Тәртіптің 9, 17, 26, 34 немесе 44-тармақтарында көзделген өтінімді беру мерзімінің өтуі.
II. Тарихи бөлу қағидаты
9. Осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген арнайы квота көлемінің бір бөлігін алу үшін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар уәкілетті органға осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген құжаттарды мынадай:
а) осы Тәртіптің 3-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген кезеңге арналған арнайы квота көлеміне қатысты - 2019 жылғы 12 қарашаны қоса алғандағы;
б) осы Тәртіптің 3-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген кезеңге арналған арнайы квота көлеміне қатысты - 2020 жылғы 10 ақпанды қоса алғандағы;
в) осы Тәртіптің 3-тармағының "в" тармақшасында көрсетілген кезеңге арналған арнайы квота көлеміне қатысты 2020 жылғы 10 маусымды қоса алғандағы мерзімдерде береді.
10. Осы Тәртіптің 9-тармағында көзделген өтінімдерді беру мерзімі өткенге дейін сыртқы сауда қызметіне қатысушы кері қайтарып алған өтінім берілмеген болып есептеледі.
11. Арнайы квотаның көлемін уәкілетті орган осы Тәртіптің 12-15- тармақтарына сәйкес осы Тәртіптің 9-тармағында көзделген өтінімдерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей өтінім берген сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөледі.
12. Егер осы Тәртіптің 9-тармағына сәйкес берілген барлық өтінімде көрсетілген тауардың жиынтық саны (килограммен) осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген тиісті кезеңге бөлуге жататын арнайы квотаның көлемінен асып түскен жағдайда, арнайы квотаның көлемі есепті кезең ішінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында кедендік статистика деректері негізінде өтінім берген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың мүше мемлекеттің аумағына ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарды әкелудің жалпы көлемінде осы мүше мемлекеттің аумағына ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарды өздерінің әкелу көлеміне пропорционал бөлінеді.
Осы Тәртіптің 3-тармағында көрсетілген кезеңдерге арнайы квота көлемін бөлу кезіндегі есептік кезең деп 2015-2018 жылдар түсініледі.
13. Осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушыға бөлінетін арнайы квота көлемінің бір бөлігін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:
Vi = ViесССҚ × Kжыл,
мұндағы:
Vi – сыртқы сауда қызметіне i-ші қатысушыға бөлінетін арнайы квота көлемінің бір бөлігі;
ViучВТД – есепті кезең ішінде сыртқы сауда қызметіне і-ші қатысушының мүше мемлекеттің аумағына ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарды әкелу көлемі;
Kжыл – тауарды әкелу көлемінің өзгеру коэффициенті.
Кжыл мынадай формула бойынша есептеледі:
K жыл = Vквота / Vәкелу,
мұндағы:
Vквота – осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген тиісті кезеңге бөлуге жататын арнайы квотаның көлемі;
Vәкелу – есепті кезең ішінде өтінім берген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың мүше мемлекеттің аумағына ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарды әкелу көлемі.
14. Егер осы Тәртіптің 9-тармағына сәйкес берілген өтінімде осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген тиісті кезеңге бөлуге жататын арнайы квота көлемінен асатын тауар саны көрсетілген жағдайда, сыртқы сауда қызметіне қатысушы мәлімдеген тауар саны тиісті кезеңге бөлуге жататын арнайы квота көлеміне тең деп танылады.
15. Егер осы Тәртіптің 9-тармағына сәйкес берілген барлық өтінімде көрсетілген тауардың жиынтық саны (килограммен) осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген тиісті кезеңге бөлуге жататын арнайы квотаның көлемінен аспайтын болса, арнайы квотаның көлемі сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында өтінімдерде көрсетілген тауар саны бойынша (килограммен) бөлінеді.
16. Уәкілетті органдар осы Тәртіптің 9-тармағында белгіленген өтінімдерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі өзінің ресми сайттарында арнайы квотаның бөлінбеген көлемінің ба рекені туралы немесе арнайы квотаның көлемінің толық бөлінгені туралы ақпараттың жариялануын қамтамасыз етеді.
17. Есепті кезең ішінде ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдерімен орналастыра отырып, тауарды әкелуді жүзеге асырған сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арнайы квотаның бөлінбеген көлемін алу үшін уәкілетті органға осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген құжаттарды мынадай:
а) осы Тәртіптің 3-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген кезеңге арналған арнайы квота көлеміне қатысты - 2019 жылғы 4 желтоқсанды қоса алғандағы;
б) осы Тәртіптің 3-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген кезеңге арналған арнайы квота көлеміне қатысты - 2020 жылғы 30 сәуірді қоса алғандағы;
в) осы Тәртіптің 3-тармағының "в" тармақшасында көрсетілген кезеңге арналған арнайы квота көлеміне қатысты - 2020 жылғы 31 тамызды қоса алғандағы мерзімдерде береді.
18. Осы Тәртіптің 17-тармағында көзделген өтінімдерді беру мерзімі өткенге дейін сыртқы сауда қызметіне қатысушы кері қайтарып алған өтінім берілмеген болып есептеледі.
19. Арнайы квотаның бөлінбеген көлемін уәкілетті орган осы Тәртіптің 20 - 23-тармақтарына сәйкес осы Тәртіптің 17-тармағында көзделген өтінімдерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей өтінім берген сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөледі.
20. Егер осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес берілген барлық өтінімде көрсетілген тауардың жиынтық саны (килограммен) арнайы квотаның бөлінбеген көлемінен асып кеткен жағдайда, арнайы квотаның бөлінбеген көлемі сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың барлық өтінімінде көрсетілген тауардың жалпы санында (килограммен) сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында сыртқы сауда қызметіне қатысушының өтінімінде көрсетілген тауар санының үлесіне (килограммен) пропорционал бөлінеді.
21. Осы Тәртіптің 20-тармағына сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушыға бөлінетін арнайы квота көлемінің бір бөлігін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:
Viқалд = Viзөтін × D,
мұндағы:
Viқалд – сыртқы сауда қызметіне i-ші қатысушыға бөлінетін арнайы квота көлемінің бір бөлігі;
Viөтін – сыртқы сауда қызметіне і-ші қатысушының өтінімінде көрсетілген тауардың саны (килограммен);
D – сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың барлық өтінімінде көрсетілген арнайы квотаның бөлінбеген көлемінің және тауар санының (килограммен) арақатынасының коэффициенті.
D мынадай формула бойынша есептеледі:
D = Vқалд / Vөтінім,
мұндағы:
Vқалд – арнайы квотаның бөлінбеген көлемі;
Vөтінім – сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың барлық өтінімінде көрсетілген тауардың жалпы саны (килограммен).
22. Егер осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес берілген өтінімде арнайы квотаның бөлінбеген көлемінен асатын тауар саны көрсетілген жағдайда, сыртқы сауда қызметіне қатысушы мәлімдеген тауар саны арнайы квотаның бөлінбеген көлеміне тең деп танылады.
23. Егер осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес берілген барлық өтінімде көрсетілген тауардың жиынтық саны (килограммен) арнайы квотаның бөлінбеген көлемінен аспаса, арнайы квотаның бөлінбеген көлемі сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында өтінімдерде көрсетілген тауар саны (килограммен) бойынша бөлінеді.
24. Егер осы Тәртіптің 23-тармағына сәйкес арнайы квота көлемін бөлу аяқталғаннан кейін арнайы квота көлемінің бөлінбеген бөлігі қалған жағдайда, арнайы квота көлемінің мұндай бөлігі осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген келесі кезеңге бөлуге жататын арнайы квота көлеміне қосылады
25. Уәкілетті органдар осы Тәртіптің 3-тармағының "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген кезеңдер аяқталған күннен бастап күнтізбелік 25 күннен кешіктірмей "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі өзінің ресми сайттарында арнайы квотаның таңдалмаған көлемінің бар екені туралы немесе арнайы квота көлемінің толық таңдалғаны туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.
26. Есепті кезең ішінде ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдерімен орналастыра отырып, тауар әкелуді жүзеге асырған сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арнайы квотаның таңдалмаған көлемін алу үшін уәкілетті органға осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген құжаттарды мынадай:
а) осы Тәртіптің 3-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген кезең үшін арнайы квотаның таңдалмаған көлеміне қатысты - 2020 жылғы 8 мамырды қоса алғандағы;
б) осы Тәртіптің 3-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген кезең үшін арнайы квотаның таңдалмаған көлеміне қатысты - 2020 жылғы 4 қыркүйекті қоса алғандағы мерзімдерде береді.
27. Осы Тәртіптің 26-тармағында көзделген өтінімдерді беру мерзімі өткенге дейін сыртқы сауда қызметіне қатысушы кері қайтарып алған өтінім берілмеген болып есептеледі.
28. Арнайы квотаның таңдалмаған көлемін уәкілетті орган осы Тәртіптің 29 - 32-тармақтарына сәйкес осы Тәртіптің 26-тармағында көзделген өтінімдерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей өтінім берген сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөледі.
29. Егер осы Тәртіптің 26-тармағына сәйкес берілген барлық өтінімде көрсетілген тауардың жиынтық саны (килограммен) арнайы квотаның таңдалмаған көлемінен асып түскен жағдайда, арнайы квотаның таңдалмаған көлемі сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың барлық өтінімінде көрсетілген тауардың жалпы санында (килограммен) сыртқы сауда қызметіне қатысушының өтінімінде көрсетілген тауар санының үлесіне (килограммен) пропорционал бөлінеді.
30. Осы Тәртіптің 29-тармағына сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушыға бөлінетін арнайы квота көлемінің бір бөлігін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:
Viтаңдм = Viөтін × A,
мұндағы:
Viтаңдм – сыртқы сауда қызметіне i-ші қатысушыға бөлінетін арнайы квота көлемінің бір бөлігі;
Viөтін – сыртқы сауда қызметіне і-ші қатысушының өтінімінде көрсетілген тауар саны (килограммен);
A – арнайы квотаның таңдалмаған көлемінің және сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың барлық өтінімінде көрсетілген тауар саны (килограммен) арақатынасының коэффициенті.
A мынадай формула бойынша есептеледі:
A = Vтаңдм / Vөтінім,
мұндағы:
Vтаңдм – арнайы квотаның таңдалмаған көлемі;
Vөтінім – сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың барлық өтінімінде көрсетілген тауардың жалпы саны (килограммен).
31. Егер осы Тәртіптің 26-тармағына сәйкес берілген өтінімде арнайы квотаның таңдалмаған көлемінен асатын тауар саны көрсетілген жағдайда, сыртқы сауда қызметіне осындай қатысушы мәлімдеген тауар саны арнайы квотаның таңдалмаған көлеміне тең деп танылады.
32. Егер осы Тәртіптің 26-тармағына сәйкес берілген барлық өтінімде көрсетілген тауардың жиынтық саны (килограммен) арнайы квотаның таңдалмаған көлемінен аспаса, арнайы квотаның таңдалмаған көлемі сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында өтінімдерде көрсетілген тауар саны бойынша (килограммен) бөлінеді.
33. Арнайы квотаның таңдалмаған көлеміне қатысты біржолғы лицензияның қолданылу мерзімі:
а) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген құжаттарды осы Тәртіптің 26-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген мерзімде уәкілетті органға берген кезде - 2020 жылғы 31 шілдені қоса алғандағы;
б) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген құжаттарды осы Тәртіптің 26-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген мерзімде уәкілетті органға берген кезде - 2020 жылғы 30 қарашаны қоса алғандағы мерзімді құрайды.
III. Бөлудің мәлімдемелік қағидаты
34. Осы Тәртіптің 6-тармағында көзделген арнайы квота көлемінің бір бөлігін алу үшін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар уәкілетті органға осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген құжаттарды мынадай:
а) осы Тәртіптің 3-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген кезеңге арналған арнайы квота көлеміне қатысты - 2019 жылғы 18 қарашаны қоса алғандағы;
б) осы Тәртіптің 3-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген кезеңге арналған арнайы квота көлеміне қатысты - 2020 жылғы 28 ақпанды қоса алғандағы;
в) осы Тәртіптің 3-тармағының "в" тармақшасында көрсетілген кезеңге арналған арнайы квота көлеміне қатысты - 2020 жылғы 30 маусымды қоса алғандағы мерзімдерде береді.
35. Осы Тәртіптің 34-тармағында көзделген өтінімдерді беру мерзімі өткенге дейін сыртқы сауда қызметіне қатысушы кері қайтарып алған өтінім берілмеген болып есептеледі.
36. Арнайы квотаның көлемін уәкілетті орган осы Тәртіптің 37 – 40-тармақтарына сәйкес осы Тәртіптің 34-тармағында көзделген өтінімдерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей өтінім берген сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөледі.
37. Егер осы Тәртіптің 34-тармағына сәйкес берілген барлық өтінімде көрсетілген тауардың жиынтық саны (килограммен) осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген тиісті кезеңге бөлуге жататын арнайы квотаның көлемінен асып түскен жағдайда, арнайы квотаның көлемі сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың барлық өтінімінде көрсетілген тауардың жалпы санында (килограммен) сыртқы сауда қызметіне қатысушының өтінімінде көрсетілген тауар санының үлесіне (килограммен) пропорционал бөлінеді.
38. Осы Тәртіптің 37-тармағына сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушыға бөлінетін арнайы квота көлемінің бір бөлігін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:
Vi = Viөтін × С,
мұндағы:
Vi – сыртқы сауда қызметіне i-ші қатысушыға бөлінетін арнайы квота көлемінің бір бөлігі;
Viөтін – сыртқы сауда қызметіне і-ші қатысушының өтінімінде көрсетілген тауар саны (килограммен);
С – осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген тиісті кезеңге бөлуге жататын арнайы квотаның көлемі мен сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың барлық өтінімінде көрсетілген тауар саны (килограммен) арақатынасының коэффициенті.
С мынадай формула бойынша есептеледі:
С = Vкв / Vөтінім,
мұндағы:
Vкв – осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген тиісті кезеңге бөлуге жататын арнайы квотаның көлемі;
Vөтінім – сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың барлық өтінімінде көрсетілген тауардың жалпы саны (килограммен).
39. Егер осы Тәртіптің 34-тармағына сәйкес берілген өтінімде осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген тиісті кезеңге бөлуге жататын арнайы квота көлемінен асатын тауар саны көрсетілген жағдайда, сыртқы сауда қызметіне қатысушы мәлімдеген тауар саны тиісті кезеңге бөлуге жататын арнайы квота көлеміне тең деп танылады.
40. Егер осы Тәртіптің 34-тармағына сәйкес берілген барлық өтінімде көрсетілген тауардың жиынтық саны (килограммен) осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген тиісті кезеңге бөлуге жататын арнайы квотаның көлемінен аспайтын болса, арнайы квотаның көлемі сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында өтінімдерде көрсетілген тауар саны (килограммен) бойынша бөлінеді.
41. Уәкілетті органдар осы Тәртіптің 34-тармағында белгіленген өтінімдерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі өзінің ресми сайттарында арнайы квотаның бөлінбеген көлемінің бар екені туралы немесе арнайы квота көлемінің толық бөлінгені туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.
42. Егер осы Тәртіптің 40-тармағына сәйкес арнайы квота көлемін бөлу аяқталғаннан кейін арнайы квота көлемінің бөлінбеген бөлігі қалған жағдайда, арнайы квота көлемінің мұндай бөлігі осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген келесі кезеңге бөлуге жататын арнайы квота көлеміне қосылады.
43. Уәкілетті органдар осы Тәртіптің 3-тармағының "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген кезеңдер аяқталған күннен бастап күнтізбелік 25 күннен кешіктірмей "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі өзінің ресми сайттарында арнайы квотаның таңдалмаған көлемінің бар екені туралы немесе арнайы квота көлемінің толық таңдалғаны туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.
44. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арнайы квотаның таңдалмаған көлемін алу үшін осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға мынадай:
а) осы Тәртіптің 3-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген кезең үшін арнайы квотаның таңдалмаған көлеміне қатысты - 2020 жылғы 15 мамырды қоса алғандағы;
б) осы Тәртіптің 3-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген кезең үшін арнайы квотаның таңдалмаған көлеміне қатысты - 2020 жылғы 15 қыркүйекті қоса алғандағы мерзімдерде береді.
45. Осы Тәртіптің 44-тармағында көзделген өтінімдерді беру мерзімі өткенге дейін сыртқы сауда қызметіне қатысушы кері қайтарып алған өтінім берілмеген болып есептеледі.
46. Арнайы квотаның таңдалмаған көлемін уәкілетті орган осы Тәртіптің 47 – 50-тармақтарына сәйкес осы Тәртіптің 44-тармағында көзделген өтінімдерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей өтінім берген сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөледі.
47. Егер осы Тәртіптің 44-тармағына сәйкес берілген барлық өтінімде көрсетілген тауардың жиынтық саны (килограммен) арнайы квотаның таңдалмаған көлемінен асып түскен жағдайда, арнайы квотаның таңдалмаған көлемі сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың барлық өтінімінде көрсетілген тауардың жалпы санында (килограммен) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында сыртқы сауда қызметіне қатысушының өтінімінде көрсетілген тауар санының үлесіне (килограммен) пропорционал бөлінеді.
48. Осы Тәртіптің 47-тармағына сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушыға бөлінетін арнайы квота көлемінің бір бөлігін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:
Viтаңдм = Viөтін × B,
мұндағы:
Viтаңдм – сыртқы сауда қызметіне i-ші қатысушыға бөлінетін арнайы квота көлемінің бір бөлігі;
Viзаяв – сыртқы сауда қызметіне і-ші қатысушының өтінімінде көрсетілген тауар саны (килограммен);
B – арнайы квотаның таңдалмаған көлемі мен сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың барлық өтінімінде көрсетілген тауар саны (килограммен) арақатынасының коэффициенті.
B мынадай формула бойынша есептеледі:
B = Vтаңдм / Vөтінім,
мұндағы:
Vтаңдм – арнайы квотаның таңдалмаған көлемі;
Vөтінім – сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың барлық өтінімінде көрсетілген тауардың жалпы саны (килограммен).
49. Егер осы Тәртіптің 44-тармағына сәйкес берілген өтінімде арнайы квотаның таңдалмаған көлемінен асатын тауар саны көрсетілген жағдайда, сыртқы сауда қызметіне қатысушы мәлімдеген тауар саны арнайы квотаның таңдалмаған көлеміне тең деп танылады.
50. Егер осы Тәртіптің 44-тармағына сәйкес берілген барлық өтінімде көрсетілген тауардың жиынтық саны (килограммен) арнайы квотаның таңдалмаған көлемінен аспаса, арнайы квотаның таңдалмаған көлемі сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында өтінімдерде көрсетілген тауар саны бойынша (килограммен) бөлінеді.
51. Арнайы квотаның таңдалмаған көлеміне қатысты біржолғы лицензияның қолданылу мерзімі:
а) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген құжаттарды осы Тәртіптің 44-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген мерзімде уәкілетті органға берген кезде - 2020 жылғы 31 шілдені қоса алғандағы;
б) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген құжаттарды осы Тәртіптің 44-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген мерзімде уәкілетті органға берген кезде - 2020 жылғы 30 қарашаны қоса алғандағы мерзімді құрайды.