Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ыстықтай илектелген прокатқа қатысты арнайы квота енгізу арқылы арнайы қорғау шарасын қолдану және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 137 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 23-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті баяндамасының негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген), ЕАЭО СЭҚ ТН 7208 10 000 0, 7208 25 000 0, 7208 26 000 0, 7208 27 000 0, 7208 36 000 0, 7208 37 000 0, 7208 38 000 0, 7208 39 000 0, 7208 40 000 0, 7208 51 200 1, 7208 51 200 9, 7208 51 910 0, 7208 51 980 0, 7208 52 100 0, 7208 52 910 0, 7208 52 990 0, 7208 53 100 0, 7208 53 900 0, 7208 54 000 0, 7208 90 200 0, 7208 90 800 0, 7211 13 000 0, 7211 14 000 0, 7211 19 000 0, 7225 30 100 0, 7225 30 300 0, 7225 30 900 0, 7225 40 120 1, 7225 40 120 9, 7225 40 150 1, 7225 40 150 9, 7225 40 400 0, 7225 40 600 0, 7225 40 900 0, 7226 91 200 0, 7226 91 910 0 және 7226 91 990 0 кодтарымен сыныпталатын, көміртекті және легирленген болаттан жасалған, қаңылтырдағы және рулондардағы ыстықтай илектелген прокатқа (бұдан әрі – ыстықтай илектелген прокат) қатысты арнайы квота енгізу арқылы 2019 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 1 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта қолданылсын, қосымшаға сәйкес арнайы квота көлемдері және кедендік құнның 20 пайызы мөлшерінде арнайы баж мөлшерлемесі белгіленсін.

      2. Мынадай:

      осы Шешімде көзделген арнайы қорғау шарасы Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланушы дамушы немесе азырақ дамыған елдерден (Корея Республикасын қоспағанда), сондай-ақ 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың тараптары болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден (Украинаны қоспағанда) шығарылатын ыстықтай илектелген прокатқа қолданылмайды;

      осы Шешімде көзделген арнайы квота Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген), ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен және ішкі тұтыну үшін өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын ыстықтай илектелген прокатқа қатысты қолданылады;

      осы Шешімде көзделген арнайы баж декларантта Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес арнайы қорғау шаралары қолданылатын күні көрсетілген тауарды импорттауға арналған лицензиясы болған кезде және тауарлар декларациясында осындай лицензия туралы мәліметтер мәлімделген кезде ыстықтай илектелген прокатқа қатысты төленбейді;

      ыстықтай илектелген прокат Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағында көзделген, үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне осы Шешімде көзделген арнайы қорғау шарасы қолданылатын мерзімге енгізіледі деп белгіленсін.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер:

      осы Шешімде көзделген арнайы квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы бекітетін әдістемеге немесе өз заңнамасына сәйкес бөлсін;

      атқарушы биліктің уәкілетті органдары ыстықтай илектелген прокат импортына арналған лицензияларды беруді жүзеге асыруды қамтамасыз етсін;

      ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын да, тауардың атауын да басшылыққа ала отырып, осы шешімде көзделген арнайы қорғау шарасын қолдануды қамтамасыз етсін.

      4. Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына арналған лицензия (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген, Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензия беруге өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа № 2 қосымша) нөмірінің алғашқы үш белгісін қалыптастыру тәртібіндегі 2.29 нөмірлі бөлімнің позициясындағы "импорттық квотаны белгілеу туралы шешімдер" деген сөздер "импорттық квотаны немесе арнайы квотаны белгілеу туралы шешімдер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 137 шешіміне
ҚОСЫМША

Ыстықтай илектелген прокатқа қатысты арнайы квота КӨЛЕМДЕРІ

Тауардың атауы

Арнайы квота көлемі (тонна)

Армения Республикасы

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Қырғыз Республикасы

Ресей Федерациясы

ЕАЭО СЭҚ ТН 7208 10 000 0, 7208 25 000 0, 7208 26 000 0, 7208 27 000 0, 7208 36 000 0, 7208 37 000 0, 7208 38 000 0, 7208 39 000 0, 7208 40 000 0, 7208 51 200 1, 7208 51 980 0, 7208 52 100 0, 7208 52 910 0, 7208 52 990 0, 7208 53 100 0, 7208 53 900 0, 7208 54 000 0, 7208 90 200 0, 7208 90 800 0, 7211 13 000 0, 7211 14 000 0, 7211 19 000 0, 7225 30 100 0, 7225 30 300 0, 7225 30 900 0, 7225 40 120 1, 7225 40 120 9, 7225 40 150 1, 7225 40 150 9, 7225 40 600 0, 7225 40 900 0, 7226 91 200 0, 7226 91 910 0 және 7226 91 990 0 кодтарымен сыныпталатын ыстықтай илектелген прокат

14 699

227 633

5 913

2 357

334 993

ЕАЭО СЭҚ ТН 7208 51 200 9, 7208 51 910 0 және 7225 40 400 0 кодтарымен сыныпталатын ыстықтай илектелген прокат

829

36 640

6 116

329

698 249

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады