Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Жылжымалы тірек аутригерлері, алдыңғы және артқы белдіктері, рульдік басқарудың гидравликалық жүйесі, 360-қа бұрылыс бұрышы бар бұрылыс платформасы бар рамадан тұратын, онда іштен жану қозғалтқышы, оператордың кабинасы, гидравликалық жүйе, тұтқасы және оның ұшында немесе онсыз қосымша гидроцилиндрі бар жебе орнатылған, дөңгелекті жүрістегі өздігінен жүретін толық бұрылыс машинасы түрінде ұсынылған, стационарлық қалыпта мынадай:
а) қосымша гидроцилиндрі бар тұтқаға ғана орнатылатын экскаватор шөміші немесе кез келген үлгідегі тұтқаға орнатылатын грейферлік шөміш көмегімен топырақты қазу (қазаншұңқырлар, траншеялар, құдықтар және т.б. әзірлеу);
б) түрлі материалдарды (қиыршық тас, құм, құрылыс қоқысы, металл сынықтары және т.б.) кез келген үлгідегі тұтқаға орнатылатын грейферлік қармауыштардың, жүк ілмегінің, магнитті жүк плитасының көмегімен тиеу немесе түсіру жұмыс түрлерін орындайтын қайта тиегіш-экскаватор
сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 3(в) негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8429 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |