Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 1 қазандағы № 27 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Сергей Юрьевич Глазьев Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет отырыстарында төрағалық етеді (Консультативтік комитеттің төрағасы) деп айқындалсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы "Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет туралы" № 130 шешімінің 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |