Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 207 шешімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 1 қазандағы № 27 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Сергей Юрьевич Глазьев Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет отырыстарында төрағалық етеді (Консультативтік комитеттің төрағасы) деп айқындалсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы "Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет туралы" № 130 шешімінің 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады