Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға арналған бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысанына № 1 нысанның 4.3-тармағын алып тастап өзгеріс енгізілсін.
2. Ветеринариялық сертификаттардың Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне сәйкес әзірленген, осы Шешім күшіне енгенге дейін № 1 нысан бойынша шығарылған бланктері 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін пайдаланылады деп белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |