Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға арналған бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысанына № 1 нысан бөлігінде өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 213 шешімі

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға арналған бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысанына № 1 нысанның 4.3-тармағын алып тастап өзгеріс енгізілсін.

      2. Ветеринариялық сертификаттардың Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне сәйкес әзірленген, осы Шешім күшіне енгенге дейін № 1 нысан бойынша шығарылған бланктері 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін пайдаланылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады