Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 27 өкімімен бекітілген 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан, Иран Ислам Республикасы арасындағы Еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімді іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарының 14-тармағын іске асыру мақсатында:
1. 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы Еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімде (бұдан әрі - Уақытша келісім) көзделген байланыс пункттерінің қызметін Еуразиялық экономикалық комиссияның мынадай құрылымдық бөлімшелері орындайды деп белгіленсін:
Уақытша келісімнің 1.7-бабының 1-тармағына сәйкес, уақытша келісіммен реттелетін барлық мәселелер бойынша - Сауда саясаты департаменті;
Уақытша келісімнің 4.9-бабының 1-тармағына сәйкес техникалық реттеу мәселелері бойынша - Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментімен бірлесіп, Сауда саясаты департаменті;
Уақытша келісімнің 5.11-бабының 1-тармағына сәйкес санитариялық және фитосанитариялық реттеу мәселелері бойынша - Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментімен бірлесіп, Сауда саясаты департаменті;
Уақытша келісімнің 7.9-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік реттеу мәселелері бойынша - Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментімен бірлесіп, Сауда саясаты департаменті.
2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов