2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімді іске асыруға бағытталған іс-шаралар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 27 өкімі

      1. Қоса беріліп отырған 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімді іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен көрсетілген Уақытша келісімнің өзі үшін міндеттілігіне Еуразиялық экономикалық одақтың келісім білдіруі туралы актіні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мейлінше қысқа мерзімдерде қарауға ұсынуының орындылығын назарға ала отырып, 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуді жеделдету сұралсын.

      3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов

  Еуразиялық экономикалық комиссия
  Кеңесінің
  2018 жылғы 14 қыркүйектегі
  № 27 өкімімен
  БЕКІТІЛГЕН

2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімді іске асыруға бағытталған іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Іс-шара

Орындаушы

Мерзімі

1. 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімнің (бұдан әрі – Уақытша келісім) өзі үшін міндеттілігіне Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) келісім беруі туралы және Уақытша келісімнің 1.3-бабының 2-тармағына сәйкес Иран Ислам Республикасымен еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу туралы келіссөздерді бастау туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес актілерінің жобаларын белгіленген тәртіппен дайындау

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия)

2018 жылғы қазан – қараша
(Уақытша келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталуын ескере отырып)

2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне өзгерістер енгізу туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес актісінің жобасын белгіленген тәртіппен дайындау

Комиссия

2018 жылғы қазан – қараша
(Уақытша келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталуын ескере отырып)




3. Уақытша келісімнің өзі үшін міндеттілігіне Одақтың келісім беруі туралы және Уақытша келісімнің 1.3-бабының 2-тармағына сәйкес Иран Ислам Республикасымен еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу туралы келіссөздерді бастау туралы актілердің жобаларын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауы үшін ұсыну

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2018 жылғы желтоқсан
(Уақытша келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталуы шартымен)

4. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне өзгерістер енгізу туралы актінің жобасын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауы үшін ұсыну

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2018 жылғы желтоқсан
(Уақытша келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталуы шартымен)

5. Иран Тарапына Уақытша келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді мүше мемлекеттердің және Одақтың аяқтағаны туралы хабарлама жіберу

Комиссия

тиісті рәсімдердің бәрі аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде

6. Иран Тарапына және мүше мемлекеттерге Келісімнің күшіне енетін күні туралы хабарлама жіберу

Комиссия

Иран Тарапынан Уақытша келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы хабарлама алынған күннен бастап (егер Одақ тарапынан Иран Тарапына тиісті хабарлама ертерек жіберілген болса) немесе Одақ тарапынан тиісті хабарлама алынғаны туралы Иран Тарапынан нота алынған күннен бастап (егер Одақ тарапынан хабарлама Иран Тарапынан тиісті хабарлама алынғаннан кейін жіберілген болса)
3 жұмыс күні ішінде

7. Комиссияның Сауда жөніндегі алқа мүшесін (Министрді) Уақытша келісімнің 1.5-бабына сәйкес құрылатын Бірлескен комитетінің Одақ пен оған мүше мемлекеттер тарапынан тең төрағасы ретінде айқындау туралы және мүше мемлекеттердің Бірлескен комитеттегі өкілдерінің құрамы жөніндегі ұсыныстар туралы мәселені Сауда жөніндегі консультациялық комитеттің қарауы үшін ұсыну

Комиссия

2019 жылғы қаңтар
(хаттамалық шешім күшіне енетін мерзім – Уақытша келісімнің қолданысы басталатын күн)

8. Иран Тарапына Уақытша келісімнің 1.5-бабына сәйкес құрылатын Бірлескен комитеттегі Одақ пен оған мүше мемлекеттер тарапынан тең төраға туралы ақпарат жіберу

Комиссия

тиісті шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей

9. Мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының өкілдерін тарта отырып, бизнес-диалог шеңберіндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша Одақ позициясын тұжырымдау (Уақытша келісімнің 1.6-бабының 1-тармағына сәйкес)

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2018 жылғы желтоқсан

10. Иран Тарапымен бизнес-диалог жұмысының форматын келісу, сондай-ақ екі тараптан да бизнес-диалогтың тең төрағаларын айқындау

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2019 жылғы наурыз

11. Уақытша келісімнің ережелерін іске асыру жөніндегі қатынас жасау пункттері мен уәкілетті органдарды айқындау (тағайындау) және Комиссияның атына:
қатынас жасау пункттерінің атауы мен қатынас жасау деректері туралы
(Уақытша келісімнің 1.7-бабының 1-тармағына сәйкес);
тиісті құзыретті органдар мен қатынас жасау пункттерінің атауы мен қатынас жасау деректері туралы (Уақытша келісімнің 4.9 және 5.11-баптарына сәйкес);
Иран Тарапының мүдделі тұлғаларынан түсетін кедендік мәселелер жөніндегі сұратуларды өңдеуге арналған қатынас жасау пункттерінің атауы мен қатынас жасау деректері туралы (Уақытша келісімнің 7.9-бабының 3-тармағына сәйкес) ақпарат жіберу

мүше мемлекеттер

Уақытша келісім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде

12. Иран Тарапының мүдделі тұлғаларынан түсетін кедендік мәселелер жөніндегі сұратуларды өңдеуге арналған қатынас жасау пункттерінің атауы мен қатынас жасау деректері туралы ақпаратты ақпараттық-коммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайттарда жариялау (Уақытша келісімнің 7.9-бабының 2-тармағына сәйкес)

мүше мемлекеттер

тиісті қатынас жасау пункттері айқындалған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде

13.  Ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану мәселелері бойынша Иран Тарапымен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті құзыретті органдарды айқындау (тағайындау) және Комиссияға олардың атауы мен байланыс жасау деректері туралы ақпарат жіберу (Уақытша келісімнің 3.6-бабының 1-тармағына сәйкес)

мүше мемлекеттер

Уақытша келісім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей

14. Одақ тарапынан ортақ қатынас жасау пунктін айқындау туралы мәселені Комиссия Кеңесінің қарауы үшін ұсыну (Уақытша келісімнің 1.7, 4.9, 5.11-баптарына сәйкес)

Комиссия

2019 жылғы қаңтар
(Кеңес шешімі күшіне енетін мерзім – Уақытша келісімнің қолданысы басталатын күн)

15. Иран Тарапына:
қатынас жасау пункттерінің атауы мен қатынас жасау деректері туралы
(Уақытша келісімнің 1.7-бабының 1-тармағына сәйкес);
тиісті құзыретті органдар мен қатынас жасау пункттерінің атауы мен қатынас жасау деректері туралы (Уақытша келісімнің 4.9 және 5.11-баптарына сәйкес);
Иран Тарапының мүдделі тұлғаларынан түсетін кедендік мәселелер жөніндегі сұратуларды өңдеуге арналған қатынас жасау пункттерінің атауы мен қатынас жасау деректері туралы (Уақытша келісімнің 7.9-бабының 3-тармағына сәйкес) ақпарат жіберу

Комиссия

мүше мемлекеттерден ақпарат алынған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ ерте дегенде Уақытша келісім күшіне енген күннен бастап

16. Иран Тарапына:
ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану мәселелері бойынша Иран Тарапымен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті құзыретті органдардың атауы мен байланыс жасау деректері туралы (Уақытша келісімнің 3.6-бабының 1-тармағына сәйкес);
Одақта саудадағы қорғау шараларын қолдану бөлігінде тергеп-тексеруді жүргізетін орган туралы ақпарат жіберу

Комиссия

Уақытша келісім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей

17. Иран Ислам Республикасының экспорттаушылары үшін тауарларды Одақтың кедендік аумағына импорттау тәртібі жөнінде ағылшын тіліндегі қадамдық нұсқаулықты дайындау және басып шығару (Уақытша келісімнің 1.12-бабының 4-тармағына сәйкес)

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2019 жылғы сәуір

18. Иран Ислам Республикасынан шығарылатын және Одақтың кедендік шекарасына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының преференциялы ставкаларын қолдану туралы мәселені Комиссия Алқасының қарауы үшін ұсыну (Уақытша келісімнің 2.3-бабының 1-тармағына сәйкес)

Комиссия

2019 жылғы қаңтар
(шешім күшіне енетін мерзім –Келісімнің қолданысы басталатын күн)

19. Кеден одағы Комиссияның 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер сыныптауышын (№ 7 қосымша) толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы мәселені Комиссия Алқасының қарауы үшін ұсыну (Уақытша келісімнің 2.3-бабының 1-тармағына сәйкес)

Комиссия

2019 жылғы қаңтар
(шешім күшіне енетін мерзім –Келісімнің қолданысы басталатын күн)

20. Уақытша келісім шеңберінде Одақтың екіжақты қорғау шараларын қолдануы тәртібін бекіту туралы мәселені Комиссия Кеңесінің қарауы үшін ұсыну (Уақытша келісімнің 3.4-бабына сәйкес)

Комиссия

2019 жылғы қаңтар
(шешім күшіне енетін мерзім –Келісімнің қолданысы басталатын күн)
 

21. Комиссияға техникалық реттеу (Уақытша келісімнің 4.6-бабының 10-тармағына сәйкес) мен санитариялық және фитосанитариялық шаралар (Уақытша келісімнің 5.6-бабының 8-тармағына сәйкес) бөлігінде Уақытша келісімге 1-қосымшада көрсетілген тауарлардың импортына қойылатын міндетті талаптар туралы ақпарат жіберу

мүше мемлекеттер

2019 жылғы ақпан

22. Иран Тарапына техникалық реттеу (Уақытша келісімнің 4.6-бабының 10-тармағына сәйкес) мен санитариялық және фитосанитариялық шаралар (Уақытша келісімнің 5.6-бабының 8-тармағына сәйкес) бөлігінде Уақытша келісімге 1-қосымшада көрсетілген тауарлардың импортына қойылатын міндетті талаптар туралы ақпарат жіберу

Комиссия

Келісім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде

23. Тауарлардың шығарылған жері туралы сертификат беруге және оларды верификациялауға уәкілетті органдарды (ұйымдарды) айқындау (тағайындау) және осындай уәкілетті органдардың (ұйымдардың) атауы мен қатынас жасау деректері туралы ақпаратты, олардың мөрлерінің, тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттар бланкілерінің үлгілерін, осындай сертификаттарды қорғауда қолданылатын құралдардың ерекшеліктері туралы ақпаратты Комиссияға жіберу (Уақытша келісімнің 6.25-бабына сәйкес)

мүше мемлекеттер

2019 жылғы қаңтар
 

24. Иран Тарапына тауарлардың шығарылған жері туралы сертификат беруге және оларды верификациялауға уәкілетті органдардың (ұйымдардың) атауы мен қатынас жасау деректері туралы ақпарат жіберу және осындай уәкілетті органдардың (ұйымдардың) атауы мен қатынас жасау деректері туралы ақпаратты, олардың мөрлерінің, тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттар бланкілерінің үлгілерін, осындай сертификаттарды қорғауда қолданылатын құралдардың ерекшеліктері туралы ақпаратты Комиссияға жіберу (Уақытша келісімнің 6.26-бабының 1-тармағына сәйкес)

Комиссия

мүше мемлекеттен хабарлама алынған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей

25. Тауарлардың шығарылған жері туралы сертификат беруге және оларды верификациялауға уәкілетті органдардың (ұйымдардың) атауы мен қатынас жасау деректері туралы ақпаратты ақпараттық-коммуникациялық "Интернет" желісіндегі Одақтың ресми сайтында жариялау (Уақытша келісімнің 6.26-бабының 3-тармағына сәйкес)

Комиссия

мүше мемлекеттер мен Иран Тарапы жіберетін хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей

26. Комиссияның атына тауарлардың шығарылған жерін айқындауға байланысты заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы туралы ақпарат жіберу (Уақытша келісімнің 6.30-бабына сәйкес)

мүше мемлекеттер

2019 жылғы қаңтар,
бірақ Уақытша келісім күшіне енетін күннен кешіктірмей

27. Комиссияның атына тауарлардың тарифтік сыныптамасын мәлімдеу туралы ереже бөлігіндегіні қоса алғанда, кедендік заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы; кедендік құнды айқындау туралы; тауарлардың шығарылған жерін айқындау туралы; Уақытша келісімге сәйкес тарифтік преференциялар алу туралы ақпарат жіберу (Уақытша келісімнің 7.22-бабының 1-тармағына сәйкес)

мүше мемлекеттер

2019 жылғы қаңтар,
бірақ Уақытша келісім күшіне енетін күннен кешіктірмей
 

28. Одақ пен Иран Ислам Республикасы ынтымақтастығының перспективалары мен проблемаларына арналған панельдік сессияны және 2018 жылы өткізілген "Еуразиялық апта" көрме форумының шеңберінде B2B кездесулерді ұйымдастыру және өткізу

Комиссия,
мүше мемлекеттер
 

2018 жылғы қазан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады