Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 28 өкімімен бекітілген 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарының 8-тармағын іске асыру мақсатында:
1. 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімде (бұдан әрі – Келісімде) көзделген байланыс пункттерінің функцияларын Еуразиялық экономикалық комиссияның мынадай құрылымдық бөлімшелері орындайды деп белгіленсін:
Келісімнің 12.2-бабына сәйкес Келісіммен реттелетін кез келген мәселелер бойынша - Сауда саясаты департаменті;
Келісімнің 7.27-бабының 1-тармағына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелері бойынша, Келісімнің 7.25-бабының 7-тармағына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне құқықты бұзатын тауарларды сату туралы ақпарат алмасу мәселелері бойынша - Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментімен бірлесіп, Сауда саясаты департаменті;
Келісімнің 9.3-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша - Бәсекелестік және мемлекеттік сатып алу саласындағы бәсекелестік саясаты департаментімен бірлесіп, Сауда саясаты департаменті;
Келісімнің 4.9-бабының 1-тармағына сәйкес техникалық реттеу мәселелері бойынша - Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментімен бірлесіп, Сауда саясаты департаменті;
Келісімнің 5.8-бабының 1-тармағына сәйкес санитариялық және фитосанитариялық реттеу мәселелері бойынша - Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментімен бірлесіп, Сауда саясаты департаменті;
Келісімнің 6.21-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік реттеу мәселелері бойынша - Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментімен бірлесіп, Сауда саясаты департаменті.
2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов