2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруға бағытталған іс шаралар жоспарын орындаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 44 өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 28 өкімімен бекітілген 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарының 8-тармағын іске асыру мақсатында:

      1. 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімде (бұдан әрі – Келісімде) көзделген байланыс пункттерінің функцияларын Еуразиялық экономикалық комиссияның мынадай құрылымдық бөлімшелері орындайды деп белгіленсін:

      Келісімнің 12.2-бабына сәйкес Келісіммен реттелетін кез келген мәселелер бойынша - Сауда саясаты департаменті;

      Келісімнің 7.27-бабының 1-тармағына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелері бойынша, Келісімнің 7.25-бабының 7-тармағына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне құқықты бұзатын тауарларды сату туралы ақпарат алмасу мәселелері бойынша - Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментімен бірлесіп, Сауда саясаты департаменті;

      Келісімнің 9.3-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша - Бәсекелестік және мемлекеттік сатып алу саласындағы бәсекелестік саясаты департаментімен бірлесіп, Сауда саясаты департаменті;

      Келісімнің 4.9-бабының 1-тармағына сәйкес техникалық реттеу мәселелері бойынша - Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментімен бірлесіп, Сауда саясаты департаменті;

      Келісімнің 5.8-бабының 1-тармағына сәйкес санитариялық және фитосанитариялық реттеу мәселелері бойынша - Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментімен бірлесіп, Сауда саясаты департаменті;

      Келісімнің 6.21-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік реттеу мәселелері бойынша - Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментімен бірлесіп, Сауда саясаты департаменті.

      2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады