Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі 52-бабының 5-тармағына және 266-бабының 24-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 185 шешімімен бекітілген Экспресс-жүктер үшін жолаушы кедендік декларациясын пайдаланып, кедендік декларациялау жүзеге асырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баж, салықтар төлеу туралы құжаттарды толтыру тәртібінің 10-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:
он бірінші және он екінші абзацтарда екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Ресей Федерациясында элемент толтырылмайды";
он үшінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Ресей Федерациясында элемент толтырылмайды".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |