Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжат туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 185 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 52-бабының 5-тармағына және 266-бабының 24-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжаттың нысаны;

      Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжатты толтыру тәртібі бекітілсін.

      2. Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау Еуразиялық экономикалық комиссияның 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 шешімінің 2-тармағының "а" тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын тауарларға қатысты бірыңғай ставкалар бойынша алынатын кедендік баждар, салықтар, кеден органдарының көрсетілген тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасағаны үшін кедендік алымдар (егер кедендік алымдар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттік заңнамасында белгіленген болса) және көрсетілген кедендік баждарға есептелетін өсімпұлдар жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжаттың негізінде төленеді деп айқындалсын.

      3. Осы Шешім 2019 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 20 қарашадағы
№ 185 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжаттың
НЫСАНЫ

Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ

Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясының №

В. Төлемдерді есептеу

Жеке жүкқұжат

Түрі

Есептеу базасы

Ставка

Сомасы

1

2

3

4

5






Жеке жүкқұжат бойынша барлығы







Жеке жүкқұжат бойынша барлығы







Жеке жүкқұжат бойынша барлығы


Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы бойынша барлығы


В1. Төлеудің (өндіріп алудың) жай-жапсары

Жеке жүкқұжат

Төлеу туралы мәліметтер

1

2





  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 20 қарашадағы
№ 185 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжатты толтыру
ТӘРТІБІ

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжатты (бұдан әрі – төлеу туралы құжат) электрондық құжат түрінде және қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде толтыру қағидаларын айқындайды.

      2. Электрондық құжат түріндегі төлеу туралы құжат осындай құжат үшін белгіленген құрылымға сәйкес толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі төлеу туралы құжат Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 185 шешімімен бекітілген нысан бойынша толтырылады.

      3. Төлеу туралы құжатты толтыру кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесінің құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын және қолдануға жататын анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.

      4. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін электрондық құжат түріндегі төлеу туралы құжат құрылымының деректемесі (деректемелері) немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі төлеу туралы құжат нысанының кіші бөлімдерді, бағандарды (қатарларды), элементтерді қамтуы мүмкін құрылымдық бірлігі графа деп түсініледі. Осы Тәртіпке сәйкес бір графада бір белгі бойынша біріктірілген мәліметтер көрсетіледі.

      5. Электрондық құжат түріндегі төлеу туралы құжатта төлеу туралы құжатты автоматты түрде өңдеу үшін қажетті техникалық сипаттағы мәліметтер қамтылуы мүмкін. Мұндай мәліметтерді ақпаратты жүйе қалыптастырады. Көрсетілген мәліметтердің құрамы электрондық құжат түріндегі төлеу туралы құжаттың құрылымында айқындалады.

      Техникалық сипаттағы мәліметтер электрондық құжат түріндегі төлеу туралы құжаттың қағаз көшірмесін басып шығарған кезде көрсетілмейді.

      6. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі төлеу туралы құжат А4 форматындағы қағаз парақтарында 2 данада жасалады, оның біреуі кеден органына арналған, оның лауазымды адамы төлеу туралы құжатты толтырады, ал екіншісі экспресс-жүк ретінде осындай тауарларды алушы болып табылатын жеке тұлғаның атына не осындай тауарларды жөнелтуші болып табылатын жеке тұлғадан жеткізілетін, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыратын кеден өкіліне арналған.

      7. Төлеу туралы құжат баспа құралдарын пайдалану арқылы кіші әріптермен толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі төлеу туралы құжат анық басылады және онда өшірілген, шимайланған және түзетілген жерлер болмауға тиіс.

ІІ. Төлеу туралы құжатты толтыру

      8. "Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясының №" графасы мына тәртіппен толтырылады.

      Графада жеке пайдалануға арналған, бірыңғай ставкалар бойынша алынатын кедендік баждар, салықтар төленуге тиіс тауарлар туралы мәліметтер көрсетілген экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясының тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      9. "В. Төлемдерді есептеу" графасы мына тәртіппен толтырылады.

      Графада бірыңғай ставкалар бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды, егер мұндай кедендік алымдар мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген болса, кеден органдарының жеке пайдалануға арналған, кедендік декларациялау Еуразиялық экономикалық комиссияның 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 шешімінің 2-тармағының "а" тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасағаны үшін кедендік алымдарды (бұдан әрі – кедендік алымдар) және көрсетілген кедендік баждарға есептелетін өсімпұлдарды (бұдан әрі – өсімпұлдар) есептеу туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Бірыңғай ставкалар бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды (бұдан әрі – кедендік төлемдер), өсімпұлдарды есептеу әр төлем түрі бойынша бөлек жүргізіледі.

      Бірыңғай ставкалар бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу жеке жүкқұжатта көрсетілген, бірыңғай ставкалар бойынша алынатын кедендік баждар, салықтар төленуге тиіс барлық тауарларға қатысты әрбір жеке жүкқұжат бойынша бөлек жүргізіледі.

      Егер кедендік алымдар төленуге тиіс болса, мұндай кедендік алымдарды есептеу әрбір жеке жүкқұжат бойынша бөлек жүргізіледі.

      Графа бағандарында (төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемелерінде) сандық және символдық мәндер бөлгішсіз (бос орынсыз) көрсетіледі.

      1-бағанда (төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде) жеке жүкқұжаттың экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясының "Жалпы мәліметтер" деген 3-графасының бағанында (экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы құрылымының тиісті деректемесінде) қойылған нөмірі көрсетіледі.

      Кедендік төлемдерді есептеу туралы мәліметтерді көрсеткен кезде:

      2-бағанда (төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде) өндіріп алу кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар мен өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес төлем коды көрсетіледі;

      3-бағанда (төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын, төлемді есептеуге арналған база көрсетіледі. Кедендік алымдар Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында есептелген кезде 3-баған толтырылмайды.

      Егер төлемді есептеуге арналған база ақша бірліктерімен көрсетілсе, мәні төлем ставкасы белгіленген бірліктермен көрсетіледі және математикалық қағидалар бойынша үтірден кейінгі 2 белгіге дейін, ал Армения Республикасында тұтас шамаға дейін дөңгелектеледі.

      Егер төлемді есептеуге арналған база ақша бірліктерінен өзгеше көрсетілсе, мәні төлем ставкасы белгіленген бірліктермен көрсетіледі және математикалық қағидалар бойынша үтірден кейінгі 2 белгіге дейін дөңгелектеледі;

      4-бағанда (төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде) төлем ставкасының белгіленген мөлшері көрсетіледі;

      5-бағанда (төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде) кеден органына экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы берілген мүше мемлекеттің валютасымен төленуге тиіс төлемнің сомасы көрсетіледі. Мән математикалық қағидалар бойынша үтір кейінгі 2 белгіге дейінгі, ал Армения Республикасында тұтас шамаға дейінгі дәлдікпен дөңгелектеледі.

      "Жеке жүкқұжат бойынша барлығы" деген жолда 5-бағанда (төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде) бір жеке жүкқұжат бойынша төленуге тиіс кедендік төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі.

      Есептелген өсімпұл сомалары туралы мәліметтер көрсетілген кезде:

      2-бағанда (төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде) өндіріп алу салық органдарына жүктелген салықтар, алымдар мен өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес төлем түрінің коды көрсетіледі;

      3-бағанда (төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде) өсімпұл есептелетін төлемнің сомасы көрсетіледі;

      4-бағанда (төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде) үтірден кейінгі 2 белгіге дейінгі дәлдікпен қайта қаржыландыру ставкасының (түйінді ставканың, есепке алу ставкасының) мөлшері және "х" белгісі арқылы өсімпұл есептелетін кезеңдегі күндер саны көрсетіледі;

      5-бағанда (төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде) есептелген өсімпұлдар сомасы көрсетіледі.

      "Экспресс-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясы бойынша барлығы" деген жолда 5-бағанда (төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде) төленуге тиіс кедендік төлемдердің, өсімпұлдардың жалпы сомасы көрсетіледі.

      10. "В1. Төлеудің (өндіріп алудың) жай-жапсары" деген графа мына тәртіппен толтырылады.

      Графада төлеу туралы құжатта көрсетілген барлық тауарлар үшін іс жүзінде төленген (өндіріп алынған) кедендік төлемдердің сомалары туралы, сондай-ақ өсімпұлдардың сомалары туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Кедендік төлемдердің, өсімпұлдардың сомалары математикалық қағидалар бойынша үтірден кейін 2 белгіге дейін, ал Армения Республикасында тұтас шамаға дейін дөңгелектеледі.

      Кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу (өндіріп алу) туралы мәліметтер әрбір жеке жүкқұжат бойынша бөлек не егер оларда көрсетілген тауарларға қатысты кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндетті бір тұлға орындайтын болса, бірнеше жеке жүкқұжат бойынша көрсетіледі.

      1-бағанда (төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде) жеке жүкқұжаттың реттік нөмірі не кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндетті бір тұлға орындайтын тауарларға қатысты бірнеше жеке жүкқұжаттың реттік нөмірлері (диапазоны) көрсетіледі.

      2-бағанда (төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемесінде) кедендік төлемдердің, өсімпұлдардың төленгенін (өндіріп алынғанын) растайтын (көрсететін) құжаттар бөлінісінде оларды төлеу (өндіріп алу) туралы мәліметтер әр төлем түрі бойынша бөлек көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі төлеу туралы құжат толтырылған кезде мәліметтер бөлек жолдарда көрсетіледі, элементтердің бәрі өзара "–" сызықша белгісімен бөлінеді, элементтердің арасына бос орын қалдыруға рұқсат етілмейді.

      Кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу (өндіріп алу) туралы мәліметтер мына схема бойынша қалыптастырылады:

      1-элемент – өндіріп алу салық органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес төлем түрінің коды;

      2-элемент – төленген (өндіріп алынған) төлем сомасы;

      3-элемент – валюталар сыныптауышына сәйкес төлем төленетін (өндіріп алынатын) валютаның цифрлық коды;

      4-элемент – төлемнің төленгенін (өндіріп алынғанын) растайтын құжаттың нөмірі. Ресей Федерациясында 2 нөл: "00" қойылады;

      5-элемент – Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында – кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматында төлемнің төленгенін (өндіріп алынғанын) растайтын құжаттың датасы, Беларусь Республикасында – төлеу (өндіріп алу) датасы (төлемнің төленгенін (өндіріп алынғанын) растайтын құжат бойынша кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматында төлемді төлеу жөніндегі міндетті орындау датасы). Ресей Федерациясында 2 нөл: "00" қойылады;

      6-элемент – өндіріп алу кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен өзге де төлемдерді төлеу тәсілдерінің сыныптауышына сәйкес төлемді төлеу тәсілі;

      7-элемент – төлемді төлеген немесе ақша қаражатының (ақшасының), өзге де мүлкінің не кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға ұсынылған қамтамасыз етуінің есебінен кедендік төлемдердің, өсімпұлдардың сомасы өндіріп алынған тұлғаның салықтық нөмірі.

      Тұлғаның салықтық нөмірі деп:

      Армения Республикасында – салық төлеушінің есептік нөмірі (УНН);

      Беларусь Республикасында – төлеушінің (дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаны қоспағанда) есептік нөмірі (УНП) не жеке тұлғаның сәйкестендіру нөмірі (бар болса);

      Қазақстан Республикасында – ұйым (филиал және өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) не қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

      Қырғыз Республикасында – заңды тұлға немесе дара кәсіпкер үшін салық төлеушінің салықтық сәйкестендіру нөмірі (ИНН) не Қырғыз Республикасының аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыратын және дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға үшін дербес сәйкестендіру нөмірі (ПИН);

      Ресей Федерациясында – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ИНН), сондай-ақ есепке қою себебінің коды (КПП) (заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі үшін оқшауланған бөлімше орналасқан жерде берілген КПП қойылады). Есепке қою себебінің коды (КПП) электрондық құжат түріндегі төлеу туралы құжатта төлеу туралы құжат құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі төлеу туралы құжатта – "/" бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі.

      Егер төлемді төлеген немесе ақша қаражатының (ақшасының), өзге де мүлкінің не кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға ұсынылған қамтамасыз етуінің есебінен кедендік төлемдердің, өсімпұлдардың сомасы өндіріп алынған тұлға ретінде шетелдік тұлға не кеден органы төлеу туралы құжатты толтыратын мүше мемлекеттен өзге мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген тұлға әрекет етсе, 7элемент толтырылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады