Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ереженің 8-тармағының "а" тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Шаруашылық жүргізуші субъектілерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркеу кезіндегі бірдейлендіру әдістерінің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.
2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.
3. Мынадай:
Анықтамалық осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде Анықтамалықтың кодтық белгіленімдерін пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 34 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркеу кезіндегі бірдейлендіру әдістерінің АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
I. Анықтамалықтың ізеуірттелген мәліметтері
Бөлім коды | Бөлім атауы | ||
Мемлекеттік тізілім (тіркеу) бойынша жазба нөмірі (коды) түрінің кодтық белгіленімі | Мемлекеттік тізілім (тіркеу) бойынша жазба нөмірі (коды) түрінің әріптік белгіленімі | Сипаттамасы | |
1 | 2 | 3 | 4 |
AM | Армения Республикасы | ||
AM01 | ГРЮЛ | заңды тұлғаның Бірыңғай мемлекеттік тізілімде (Заңды тұлғаларды мемлекеттік есепке алу тізілімі) көрсетілген мемлекеттік тіркеу нөмірі | |
AM02 | ГРИП | жеке кәсіпкер ретінде есепте тұрған тұлғаның Бірыңғай мемлекеттік тізілімде (жеке кәсіпкер ретінде есепте тұрған тұлғаларды мемлекеттік есепке алу тізілімі) көрсетілген мемлекеттік тіркеу нөмірі | |
Бөлім коды | Бөлім атауы | ||
Мемлекеттік тізілім (тіркеу) бойынша жазба нөмірі (коды) түрінің кодтық белгіленімі | Мемлекеттік тізілім (тіркеу) бойынша жазба нөмірі (коды) түрінің әріптік белгіленімі | Сипаттамасы | |
BY | Беларусь Республикасы | ||
BY01 | ОКЮЛП | заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің бірыңғай мемлекеттік тізілімінде көрсетілген және Беларусь Республикасының ОКРБ 018-2003 "Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер" жалпы мемлекеттік сыныптауышына сәйкес қалыптастырылған тіркеу нөмірі | |
KZ | Қазақстан Республикасы | ||
KZ01 | ББН | заңды тұлға (филиал және өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын, Ұлттық бизнес-бірегейлендіру нөмірлері тізілімінде көрсетілетін бизнес-бірегейлендіру нөмірі | |
KZ02 | ЖБН | жеке тұлға, оның ішінде қызметін дара кәсіпкер түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын, Ұлттық жеке бірегейлендіру нөмірлері тізілімінде көрсетілетін жеке бірегейлендіру нөмірі | |
KG | Қырғыз Республикасы | ||
KG01 | ОКПО | кәсіпорынның, ұйымның және жеке кәсіпкердің статистикалық бірліктердің бірыңғай мемлекеттік тіркелімінде (Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпыреспубликалық сыныптауышында) көрсетілген жалпы бірдейлендіру коды | |
KG02 | ИНН | ұйымның, жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға құрмаған шаруа (фермерлік) қожалығының Қырғыз Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінде көрсетілген бірдейлендірілген салық нөмірі | |
RU | Ресей Федерациясы | ||
RU01 | ОГРН | заңды тұлғаның Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінде көрсетілген негізгі мемлекеттік тіркеу нөмірі | |
RU02 | ОГРНИП | жеке кәсіпкердің Жеке кәсіпкерлердің бірыңғай мемлекеттік тізілімінде көрсетілген негізгі мемлекеттік тіркеу нөмірі |
II. Анықтамалықтың паспорты
Реттік № | Элементтің белгіленімі | Сипаттамасы | |
1 | 2 | 3 | |
1 | Код | 031 | |
2 | Типі | 1 – анықтамалық | |
3 | Атауы | Шаруашылық жүргізуші субъектілерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркеу кезінде бірдейлендіру әдістерінің анықтамалығы | |
4 | Аббревиатура | ШСБӘА | |
5 | Белгіленімі | ЕО 033-2020 (1-ред.) | |
6 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қабылдануы (бекітілуі) туралы актінің деректемелері | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 34 шешімі | |
7 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданысқа енгізілген (қолданыла бастаған) күні | 2020 жылғы 15 сәуір | |
8 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы тоқтатылғаны туралы актінің деректемелері | – | |
9 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы аяқталған күн | – | |
10 | Оператор (операторлар) | Еуразиялық экономикалық комиссия | |
11 | Арналуы | анықтамалық шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттік тіркеу процедураларын жүргізу кезінде берілетін мемлекеттік тізілім (тіркелім) бойынша жазба нөмірінің (кодының) түрлеріі туралы мәліметтерді беруге арналған | |
12 | Аннотация (қолданылу саласы) | Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін электрондық құжаттарды (мәліметтерді) қалыптастыру кезінде пайдаланылады | |
13 | Шешуші сөз | бірегейлендіру әдісі, шаруашылық жүргізуші субъект, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу | |
14 | Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттігі іске асырылатын сала | барлық сала | |
15 | Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауышты пайдалану | 2 – анықтамалықтың халықаралық, (мемлекетаралық, өңірлік) баламалары жоқ | |
16 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтары (сыныптауыштары) болуы | 2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламалары жоқ | |
17 | Жүйелеу (сыныптау) әдісі | 1 – жүйелеудің реттік әдісі | |
18 | Жүргізу әдістемесі | 1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі. Анықтамалықтың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес оператор орындайды. Оператор өзекті мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық бірыңғай нормативтік-анықтамалық жүйесі ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етеді. Мәндерді алып тастаған жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссияның анықтамалықтағы жазбаны қолданудың аяқталуын реттейтін актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, алып тасталған күннен бастап қолданылмайды деп белгіленеді. Анықтамалықтың кодтары бірегей болып табылады, анықтамалықтың кодтарын, оның ішінде қолданылмайтындарын қайталап пайдалануға жол берілмейді. | |
19 | Құрылымы | анықтамалықтың құрылымы туралы ақпарат (ашық орындардың құрамы, олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру ережесі) осы құжаттың III бөлімінде көрсетіледі | |
20 | Деректер құпиялылығының дәрежесі | анықтамалықтан алынған мәліметтер ашық қолжетімді ақпаратқа жатқызылады | |
21 | Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі | белгіленбеген | |
22 | Өзгерістер | – | |
23 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) ізеуірттелген мәліметіне сілтеме | анықтамалықтың (сыныптауыштың) ізеуірттелген мәліметтері осы құжаттың I бөлімінде келтірілді | |
24 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) алынған мәліметті ұсыну әдісі | Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталына жариялау |
III. Анықтамалықтың құрылымының сипаттамасы
1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымын және деректемелер құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің саласын және оларды қалыптастыру қағидасын айқындайды.
2. Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай жолақтар (бағаналар) қалыптастырылады.
"деректеме мәнінің саласы" – деректеменің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"деректеменің мәнін қалыптастыру қағидасы" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидасын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәнін сөзбен сипаттау;
"көптігі" – деректеменің көптігі (деректеменің міндеттілігі (опциялығы) және ықтимал қайталаудың саны).
3. Берілетін деректер деректемелерінің көп екендігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:
1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;
n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіс (n >1);
1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталана алады;
n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс (n >1);
n.m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен асырмай қайталанға тиіс (n >1, m >1);
0..1 – деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;
0..* – деректеме опциялы, шектеусіз қайталана алады;
0.. m – деректеме опциялы, m реттен асырмай қайталана алады (m >1).
Кесте
Анықтамалықтың құрылымы және деректемелік құрамы
Деректеменің атауы | Деректеме мәнінің саласы | Деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары | Көптігі |
1. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.1. Бөлімнің коды |
символдардың нормаланған жолы: |
ISO 3166-1 (альфа-2 код) стандартына сәйкес қалыптастырылады | 1 |
1.2. Бөлімнің атауы |
символдардың жолы | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің орыс тіліндегі толық атауы | 1 |
1.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше | салынған деректемелер мәнінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.3.1. Мемлекеттік тізілім (тіркелім) бойынша жазба нөмірі (коды) түрінің кодтық белгіленімі |
символдардың нормаланған жолы: | кодтаудың жүйелі әдісін пайдалана отырып қалыптастырылады | 1 |
1.3.2. Мемлекеттік тізілім (тіркелім) бойынша жазба нөмірі (коды) түрінің әріппен белгіленімі |
символдардың жолы | орыс тілінде аббревиатура түрінде қалыптастырылады | 1 |
1.3.3. Сипатталуы |
символдардың жолы | орыс тілінде мәтін түрінде қалыптастырылады | 1..* |
1.3.4. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
1.3.4.1. Қолданысы басталатын күн | МЕМСТ ИСО 8601-2001 стандартына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы басталған күнге сәйкес келеді | 1 |
1.3.4.2. Анықтамалық (сыныптауыш) жазба қолданысының басталуын регламенттейтін акті туралы мәлімет | салынған деректемелер мәнінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
1.3.4.2.1. Актінің түрі |
символдардың нормаланған жолы: | Халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актінің кодтық белгіленімі | 1 |
1.3.4.2.2. Актінің нөмірі |
символдардың жолы | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
1.3.4.2.3. Актінің күні | МЕМСТ ИСО 8601-2001 стандартына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі қабылданған күнге сәйкес келеді | 1 |
1.3.4.3. Қолданысы аяқталатын күн | МЕМСТ ИСО 8601-2001 стандартына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолдану аяқталған күнге сәйкес келеді | 0..1 |
1.3.4.4. Анықтамалық (сыныптауыш) жазба қолданысының аяқталуын регламенттейтін акті туралы мәлімет | салынған деректемелер мәнінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 0..1 |
1.3.4.4.1. Актінің түрі |
символдардың нормаланған жолы: | Халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актінің кодтық белгіленімі | 1 |
1.3.4.4.2. Актінің нөмірі |
символдардың жолы | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
1.3.4.4.3. Актінің күні | МЕМСТ ИСО 8601-2001 стандартына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі қабылданған күнге сәйкес келеді | 1 |