Шаруашылық жүргізуші субъектілерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркеу кезіндегі бірдейлендіру әдістерінің анықтамалығы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 34 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ереженің 8-тармағының "а" тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Шаруашылық жүргізуші субъектілерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркеу кезіндегі бірдейлендіру әдістерінің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.

      2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      Анықтамалық осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде Анықтамалықтың кодтық белгіленімдерін пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 10 наурыздағы
№ 34 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Шаруашылық жүргізуші субъектілерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркеу кезіндегі бірдейлендіру әдістерінің АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

I. Анықтамалықтың ізеуірттелген мәліметтері

Бөлім коды

Бөлім атауы

Мемлекеттік тізілім (тіркеу) бойынша жазба нөмірі (коды) түрінің кодтық белгіленімі

Мемлекеттік тізілім (тіркеу) бойынша жазба нөмірі (коды) түрінің әріптік белгіленімі

Сипаттамасы

1

2

3

4

AM

Армения Республикасы

AM01

ГРЮЛ

заңды тұлғаның Бірыңғай мемлекеттік тізілімде (Заңды тұлғаларды мемлекеттік есепке алу тізілімі) көрсетілген мемлекеттік тіркеу нөмірі

AM02

ГРИП

жеке кәсіпкер ретінде есепте тұрған тұлғаның Бірыңғай мемлекеттік тізілімде (жеке кәсіпкер ретінде есепте тұрған тұлғаларды мемлекеттік есепке алу тізілімі) көрсетілген мемлекеттік тіркеу нөмірі

Бөлім коды

Бөлім атауы

Мемлекеттік тізілім (тіркеу) бойынша жазба нөмірі (коды) түрінің кодтық белгіленімі

Мемлекеттік тізілім (тіркеу) бойынша жазба нөмірі (коды) түрінің әріптік белгіленімі

Сипаттамасы

BY

Беларусь Республикасы


BY01

ОКЮЛП

заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің бірыңғай мемлекеттік тізілімінде көрсетілген және Беларусь Республикасының ОКРБ 018-2003 "Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер" жалпы мемлекеттік сыныптауышына сәйкес қалыптастырылған тіркеу нөмірі

KZ

Қазақстан Республикасы

KZ01

ББН

заңды тұлға (филиал және өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын, Ұлттық бизнес-бірегейлендіру нөмірлері тізілімінде көрсетілетін бизнес-бірегейлендіру нөмірі


KZ02

ЖБН

жеке тұлға, оның ішінде қызметін дара кәсіпкер түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын, Ұлттық жеке бірегейлендіру нөмірлері тізілімінде көрсетілетін жеке бірегейлендіру нөмірі

KG

Қырғыз Республикасы

KG01

ОКПО

кәсіпорынның, ұйымның және жеке кәсіпкердің статистикалық бірліктердің бірыңғай мемлекеттік тіркелімінде (Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпыреспубликалық сыныптауышында) көрсетілген жалпы бірдейлендіру коды

KG02

ИНН

ұйымның, жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға құрмаған шаруа (фермерлік) қожалығының Қырғыз Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінде көрсетілген бірдейлендірілген салық нөмірі

RU

Ресей Федерациясы

RU01

ОГРН

заңды тұлғаның Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінде көрсетілген негізгі мемлекеттік тіркеу нөмірі

RU02

ОГРНИП

жеке кәсіпкердің Жеке кәсіпкерлердің бірыңғай мемлекеттік тізілімінде көрсетілген негізгі мемлекеттік тіркеу нөмірі

II. Анықтамалықтың паспорты

Реттік №

Элементтің белгіленімі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Код

031

2

Типі

1 – анықтамалық

3

Атауы

Шаруашылық жүргізуші субъектілерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркеу кезінде бірдейлендіру әдістерінің анықтамалығы

4

Аббревиатура

ШСБӘА

5

Белгіленімі

ЕО 033-2020 (1-ред.)

6

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қабылдануы (бекітілуі) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 34 шешімі

7

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданысқа енгізілген (қолданыла бастаған) күні

2020 жылғы 15 сәуір

8

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы тоқтатылғаны туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы аяқталған күн

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Арналуы

анықтамалық шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттік тіркеу процедураларын жүргізу кезінде берілетін мемлекеттік тізілім (тіркелім) бойынша жазба нөмірінің (кодының) түрлеріі туралы мәліметтерді беруге арналған

12

Аннотация (қолданылу саласы)

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін электрондық құжаттарды (мәліметтерді) қалыптастыру кезінде пайдаланылады

13

Шешуші сөз

бірегейлендіру әдісі, шаруашылық жүргізуші субъект, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттігі іске асырылатын сала

барлық сала

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауышты пайдалану

2 – анықтамалықтың халықаралық, (мемлекетаралық, өңірлік) баламалары жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтары (сыныптауыштары) болуы

2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламалары жоқ

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

1 – жүйелеудің реттік әдісі

18

Жүргізу әдістемесі

1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі. Анықтамалықтың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес оператор орындайды. Оператор өзекті мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық бірыңғай нормативтік-анықтамалық жүйесі ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етеді. Мәндерді алып тастаған жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссияның анықтамалықтағы жазбаны қолданудың аяқталуын реттейтін актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, алып тасталған күннен бастап қолданылмайды деп белгіленеді. Анықтамалықтың кодтары бірегей болып табылады, анықтамалықтың кодтарын, оның ішінде қолданылмайтындарын қайталап пайдалануға жол берілмейді.

19

Құрылымы

анықтамалықтың құрылымы туралы ақпарат (ашық орындардың құрамы, олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру ережесі) осы құжаттың III бөлімінде көрсетіледі

20

Деректер құпиялылығының дәрежесі

анықтамалықтан алынған мәліметтер ашық қолжетімді ақпаратқа жатқызылады

21

Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі

белгіленбеген

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) ізеуірттелген мәліметіне сілтеме

анықтамалықтың (сыныптауыштың) ізеуірттелген мәліметтері осы құжаттың I бөлімінде келтірілді

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) алынған мәліметті ұсыну әдісі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталына жариялау

III. Анықтамалықтың құрылымының сипаттамасы

      1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымын және деректемелер құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің саласын және оларды қалыптастыру қағидасын айқындайды.

      2. Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай жолақтар (бағаналар) қалыптастырылады.

      "деректеме мәнінің саласы" – деректеменің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру қағидасы" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидасын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәнін сөзбен сипаттау;

      "көптігі" – деректеменің көптігі (деректеменің міндеттілігі (опциялығы) және ықтимал қайталаудың саны).

      3. Берілетін деректер деректемелерінің көп екендігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіс (n >1);

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталана алады;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс (n >1);

      n.m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен асырмай қайталанға тиіс (n >1, m >1);

      0..1 – деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опциялы, шектеусіз қайталана алады;

      0.. m – деректеме опциялы, m реттен асырмай қайталана алады (m >1).

      Кесте

Анықтамалықтың құрылымы және деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары

Көптігі

1. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттерде мемлекеттік тіркеу кезінде бірегейлендіру әдістері туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Бөлімнің коды

символдардың нормаланған жолы:
Шаблон: [A–Z]{2}

ISO 3166-1 (альфа-2 код) стандартына сәйкес қалыптастырылады
 

1

1.2. Бөлімнің атауы

символдардың жолы
Мин. ұзындығы: 1.
Макс. ұзындығы: 1000

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің орыс тіліндегі толық атауы

1

1.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттерде мемлекеттік тіркеу кезінде бірегейлендіру әдістері туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәнінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.3.1. Мемлекеттік тізілім (тіркелім) бойынша жазба нөмірі (коды) түрінің кодтық белгіленімі

символдардың нормаланған жолы:
Шаблон: [A–Z]{2}\d{2}

кодтаудың жүйелі әдісін пайдалана отырып қалыптастырылады

1

1.3.2. Мемлекеттік тізілім (тіркелім) бойынша жазба нөмірі (коды) түрінің әріппен белгіленімі

символдардың жолы
Мин. ұзындығы: 1.
Макс. ұзындығы: 20

орыс тілінде аббревиатура түрінде қалыптастырылады

1

1.3.3. Сипатталуы

символдардың жолы
Мин. ұзындығы: 1.
Макс. ұзындығы: 1000

орыс тілінде мәтін түрінде қалыптастырылады

1..*

1.3.4. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.3.4.1. Қолданысы басталатын күн

МЕМСТ ИСО 8601-2001 стандартына сәйкес күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы басталған күнге сәйкес келеді

1

1.3.4.2. Анықтамалық (сыныптауыш) жазба қолданысының басталуын регламенттейтін акті туралы мәлімет

салынған деректемелер мәнінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.3.4.2.1. Актінің түрі

символдардың нормаланған жолы:
Шаблон: \d{5}

Халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актінің кодтық белгіленімі

1

1.3.4.2.2. Актінің нөмірі

символдардың жолы
Мин. ұзындығы: 1.
Макс. ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.4.2.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 стандартына сәйкес күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі қабылданған күнге сәйкес келеді

1

1.3.4.3. Қолданысы аяқталатын күн

МЕМСТ ИСО 8601-2001 стандартына сәйкес күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолдану аяқталған күнге сәйкес келеді

0..1

1.3.4.4. Анықтамалық (сыныптауыш) жазба қолданысының аяқталуын регламенттейтін акті туралы мәлімет

салынған деректемелер мәнінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

1.3.4.4.1. Актінің түрі

символдардың нормаланған жолы:
Шаблон: \d{5}

Халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актінің кодтық белгіленімі

1

1.3.4.4.2. Актінің нөмірі

символдардың жолы
Мин. ұзындығы: 1.
Макс. ұзындығы: 50
 

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.4.4.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 стандартына сәйкес күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі қабылданған күнге сәйкес келеді

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады