Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №29 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Артак Каджикович Камалян Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитет отырыстарында төрағалық етуші (Консультативтік комитеттің төрағасы) болып айқындалсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 30 қазандағы "Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитет туралы" № 178 шешімінің 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |