Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитет туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 178 шешімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 31 тамыздағы №17 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Александр Михайлович Субботин Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитеттің отырыстарына төрағалық етеді (Консультативтік комитеттің төрағасы) деп айқындалсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 19 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитет туралы" №133 шешімінің 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады