Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 21-бабы 3-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 45 шешімімен бекітілген Кеден органдары оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылдайтын тауарлардың тізбесі мынадай позициямен толықтырылсын:
"9508 Әткеншектер, алтыбақандар, тирлер және өзге де аттракциондар, жылжымалы цирктер және жылжымалы айуанханалар; жылжымалы театрлар".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |