Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 21-бабы 3-тармағының екінші абзацына сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 117-бабында айқындалған ерекшеліктермен кедендік декларациялауды жүзеге асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған кеден органдары оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылдайтын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 45 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Кеден органдары оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік
шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде
жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау
туралы шешімдер қабылдайтын тауарлардың
ТІЗБЕСІ
ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауар коды | Тауардың атауы |
1 | 2 |
7308 | Қара металдардан жасалған металл конструкциялары (9406 тауар позициясындағы құрастырылатын құрылыс конструкцияларынан басқа) және олардың бөлiктерi (мысалы, көпiрлер мен олардың бөлiктерi, шлюз қақпалары, мұнаралар, торланған діңгектер, шатырға арналған арқалықтар, құрылыс фермалары, есiктер мен терезелер және олардың рамалары, есiктерге арналған табалдырықтар, жалюздер, балюстрадалар, тіреуiштер және колонналар); қара металдардан жасалған, металл конструкцияларында пайдалану үшiн арналған табақтар, шыбықтар, фасондық профильдер, түтiктер және ұқсас бұйымдар |
7309 00 | Қара металдардан жасалған, сыйымдылығы 300 литрден астам, қаптамасы немесе жылу оқшаулағышы бар немесе оларсыз, бірақ механикалық немесе жылу-техникалық жабдықсыз кез келген заттарға (сығылған немесе сұйылтылған газдан басқа) арналған резервуарлар, цистерналар, бактар және ұқсас ыдыстар |
8401 | Ядролық реакторлар; ядролық реакторлар үшiн сәулеленбеген жылу бөлгiш элементтер (твэлдер); изотоптарды бөлуге арналған жабдықтар мен қондырғылар |
8402 | Бу қазандықтары немесе басқа да бу өндiретiн қазандықтар (төменгi қысымдағы бу өндiруге де қабiлеттi орталық жылыту жүйесiнiң су қазандықтарынан басқа); бу қыздырғышы бар cу қазандықтары |
8403 | 8402 тауар позициясының қазандықтарынан басқа орталық жылу қазандықтары |
8404 | 8402 немесе 8403 тауар позициясының қазандықтарымен бiрге пайдалануға арналған қосалқы жабдықтар (мысалы, экономайзерлер, бу қыздырғыштар, күйе кетіргiштер, газ рекуператорлары); бу-су немесе басқа да бу күш қондырғыларына арналған конденсаторлар |
8405 | Газ генераторлары немесе тазалау қондырғылары бар немесе оларсыз су газы генераторлары; ацетилендiк газ генераторлары және тазалау қондырғылары бар немесе оларсыз ұқсас газ генераторлары |
8406 | Су буы турбиналары және өзге де бу турбиналары |
8407 | Айналмалы немесе қайталап түсетiн қозғалысты поршеньдi ұшқындап от алатын iштен жану қозғалтқыштары |
8408 | Қысымнан жалын шығаратын поршеньдi iштен жану қозғалтқыштары (дизельдер немесe жартылай дизельдер) |
8409 | Тек қана және негiзiнен 84 07 немесе 84 08 тауар позициясының қозғалтқыштарына арналған бөлiктер |
8410 | Гидротурбиналар, су дөңгелектерi мен оларға реттеуiштер |
8411 | Турбореактивтiк және турбовинттік қозғалтқыштар, өзге дe газ турбиналары |
8412 | Өзге де қозғалтқыштар мен күш қондырғылары |
8413 | Шығыс өлшегiштерi бар немесе оларсыз сұйықтық сорғылар; сұйықтық көтергiштер |
8414 | Ауа немесе вакуумды сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары мен желдеткiштерi; желдеткiш немесе рециркуляциялық сору қалпақтары немесе желдеткiштi, сүзгiлi немесе сүзгiсiз шкафтар |
8415 | Ылғалдылығы жеке реттелмейтiн кондиционерлердi қоса алғанда, ауаның температурасы мен ылғалдылығын өзгертуге арналған қозғалтқышы мен аспаптары бар желдеткiштермен жабдықталған ауаны тазалауға арналған қондырғылар |
8416 | Сұйық отынға арналған, ыдыратылған қатты отынға немесе газға арналған жағу шiлтерлерi; олардың механикалық торларын, механикалық күл аластағыштарды және осыған ұқсас құрылғыларды қоса алғанда, механикалық отындар |
8417 | Қоқыс жағатын, электрлiк емес пештердi қoca алғанда, өнеркәсiптiк немесе зертханалық көрiктер мен пештер |
8418 | Электрлiк немесе басқа да түрлердегi тоңазытқыштар, мұздатқыштар және өзге де тоңазыту немесе мұздату жабдықтары; 8415 тауар позициясының ауаны тазалауға арналған қондырғыларынан басқа жылу сорғылары |
8419 | Тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, температураны өзгертудiң жылыту, пiсiру, қуыру, тазарту, тазалау, зарарсыздандыру, пастеризациялау, буландыру, кептiру, бумен өңдеу, конденсациялау немесе салқындату ретiнде пайдаланылатын материалдар процестерiн өңдеуге арналған электрмен жылытылатын немесе электрмен жылытылмайтын өнеркәсiптiк немесе зертханалық жабдықтар (8514 тауар позициясының пештерiн, камераларын және басқа да жабдықтарын қоспағанда); инерттік емес су жылытқыштар немесе жылу беретiн электрлi емес су аккумуляторлары |
8420 | Металл немесе шыны өңдеуге арналған машиналардан басқа, каландрлар немесе басқа да бiлiктi машиналар, және оларға арналған бiлiктер |
8421 | Ортадан тепкіш кептiргiштердi қоса алғанда, центрифугалар; сұйықтарды немесе газдарды сүзуге немесе тазалауғa арналған жабдықтар мен қондырғылар |
8422 | Ыдыс жуатын машиналар; бөтелкелердi немесе басқа ыдыстарды жууға немесе кептiруге арналған жабдықтар, бөтелкелердi, шыны сауыттарды толтыруға, тығындауға, жәшiктердi, қаптарды немесе басқа ыдыстарды жабуға, оларға сүргi салуға немесе жапсырма желiмдеуге арналған жабдықтар; бөтелкелердi, шыны сауыттарды, тубтарды және осыған ұқсас ыдыстарды қалпақшалармен немесе қақпақпен бiтеп тығындауға арналған жабдықтар; буып-түюге немесе opaуғa арналған өзге де жабдықтар (жылу ұстағыш материалдармен тауар орайтын жабдықтарды қоса алғанда); сусындарға газ араластыруға арналған жабдықтар |
8423 | Өлшенетiн жүктi ауырлық күшiмен қозғалысқа келтiретiн есептеу немесе бақылау машиналарын қоса алғанда, өлшеуге арналған жабдықтар (сезiмталдығы 0,05 г немесе одан да жоғары таразылардан басқа); барлық түрдегi таразыларға арналған теңдестiргiштер |
8424 | Сұйықтарды немесе ұнтақтарды лақтыруға, шашыратуға немесе тозаңдатуға арналған механикалық құрылғылар (қолмен басқару тетiгi бар немесе онсыз); толтырылған немесе толтырылмаған от сөндiргiштер; пульверизаторлар және соған ұқсас құрылғылар; бу немесе құм себетiн және осыларға ұқсас лақтыру құрылғылары |
8425 | Скиптi көтергiштерден басқа, көтергiш тальдар және көтергiштер; шығырлар және кабестандар; домкраттар |
8426 | Кеменiң деррик-крандары; кабель-крандарды қоса алғанда, көтергiш крандар; көтергiш кранмен жарақталған көтергiш жылжымалы фермалар, порталды жүк тиегiштер мен тiркемелер |
8427 | Ашалы қысқышы бар автотиеуiштер; көтергiш нeмece тиеп-түсiру жабдықтарымен жарақтандырылған өзге тиеуiштер |
8428 | Жүк көтеруге, тасымалдауға, тиеуге немесе түсiруге арналған машиналар мен құрылғылар (мысалы, лифтiлер, эскалаторлар, конвейерлер, аспалы жолдар), өзгелері |
8429 | Бұрылмайтын немесе бұрылатын күрегi бар өздiгінен жүретiн бульдозерлер, грейдерлер, жоспарлаушылар, скреперлер, механикалық-күректер, экскаваторлар, бiр шөмiштi тиегiштер, тегiстейтiн машиналар, жол аунақтары |
8430 | Топырақты, пайдалы қазбаларды немесе кендi араластыруға, жоспарлауға, профильдеуге, игеруге, нығыздауға, тығыздауға, қазып алуға немесе бұрғылауға арналған машиналар мен өзге де тетiктер; тiреуiштер қағуға және суырып алуға арналған жабдықтар; соқалы және роторлы қар тазартқыштар |
8431 | Тек қана немесе негiзiнен 8425-8430 тауар позицияларының жабдықтарына арналған бөлiктер |
8432 | Жердi дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы, бау-бақша немесе орман шаруашылығы машиналары; көгалдар мен спорт алаңдарына арналған аунақтар |
8433 | Сабанды немесе пiшендi дестелерге буып-түюге арналған тайлағыш престер мен престердi қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер; пiшен орақтары немесе көгал орақтары 8437 тауар позициясының машиналарынан басқа жұмыртқаны, жемiс өнiмдерiн немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тазалауға, сорттауға немесе сұрыптауға арналған машиналар |
8434 | Сауын қондырғылары мен аппараттары, сүт өңдеуге және қайта өңдеуге арналған жабдықтар |
8435 | Шарап жасауға, сидр, жемiс шырындарын және осыған ұқсас сусындар өндiру үшiн пайдаланылатын сыққыштар, ұнтақтаушылар және осыған ұқсас машиналар |
8436 | Ауыл шаруашылығына, бағбандыққа, орман шаруашылығына және омарташылыққа арналған жабдықтар, соның iшiнде механикалық немесе жылытқыш құрылғылары бар тұқым өсiруге арналған жабдықтар, өзгелерi; құс шаруашылығына арналған инкубаторлар мен брудерлер |
8437 | Тұқымды, астықты және құрғақ бұршақ дәнді дақылдарды тазалауға, сұрыптауға немесе ірiктеуге арналған машиналар; ұн тарту өнеркәсiбiне арналған жабдықтар немесе ауыл шаруашылығы фермаларында пайдаланылатын жабдықтардан басқа, дәндi немесе құрғақ бұршақ дәндi дақылдарды өңдеуге арналған басқа да жабдықтар |
8438 | Мал немесе ұшпайтын өсiмдiк майларын немесе сары май бөлiп алуға немесе жасауға арналған жабдықтардан басқа, азық-түлiк өнiмдерiн немесе сусындарды өнеркәсiптiк жолмен жасауға немесе өндiруге арналған, аталған топтың басқа жерiнде аталмаған немесе енгiзiлмеген жабдықтар |
8439 | Талшықты целлюлоза материалдарынан масса өндiруге немесе қағаз немесе қатырма қағаз дайындауға және өңдеуге арналған жабдықтар |
8440 | Кiтап блоктарын тiгуге арналған машиналарды қоса алғанда, кiтап түптейтiн жабдықтар |
8441 | Барлық үлгiдегi кесетiн машиналарды, өзгелepдi қоса алғанда, қағаз массасынан, қағаздан немесе қатырма қағаздан бұйымдар жасауға арналған жабдықтар |
8442 | Табақтар, цилиндрлер және басқа да баспахана нысандарын әзiрлеуге немесе жасауға арналған (8456-8465 тауар позицияларында көрсетiлген станоктардан басқа) машиналар, аппаратура мен жабдықтар; табақтар, цилиндрлер және басқа да баспахана нысандары; табақтар, цилиндрлер және баспа мақсаттары үшiн жасалған литографиялық тастар (мысалы, қайралған, тегiстелген немесе жалтыратылған) |
8443 | Табақтардың, цилиндрлердiң және 8442 тауар позициясының басқа да баспа нысандарының көмегiмен басу үшін пайдаланылатын баспа машиналары; өзге де принтерлер, көшіру аппараттары мен факсимильді аппараттар, іріккен немесе бірікпеген; олардың бөліктері мен керек-жарақтары |
8444 00 | Химиялық тоқыма материалдарды эктрудициялауға, созуға, тоқуға, бояуға және қиюға арналған машиналар |
8445 | Тоқыма талшықтарын дайындауға арналған машиналар; жiп иiру, есу немесе орау машиналары және тоқыма жіп жасауға арналған басқа да жабдықтар; пiллә орау немесе орау машиналары (арнайы орау машиналарын қоса алғанда) және 8446 және 8447 тауар позицияларында көрсетiлген машиналарда пайдалану үшiн тоқыма жiп әзiрлейтiн машиналар |
8446 | Тоқыма станоктары |
8447 | Трикотаж, тоқу-тiгу, зер жiптерiн, торғын, шiлтер, кесте тоқу үшiн қолданылатын, кесте тiгетiн, заттың жиектерiн немесе жапсарларын әдiптеу үшiн пайдаланылатын машиналар және тафтингтiк машиналар |
8448 | 8444, 8445, 8446 немесе 8447 тауар позицияларының машиналарымен бiрге пайдалануға арналған қосалқы жабдықтар (мысалы, ремизо көтергiш күймешелер, жаккард машиналары, автоматты түрде тоқтату тетiктерi, қайықшаларды ауыстыру тетiктерi); тек қана немесе негiзiнен аталған тауар позициялардың немесе 8444, 8445, 8446 немесе 8447 тауар позицияларының машиналарына арналған бөлiктер мен керек-жарақтар (мысалы, ұршықтар мен мүйiзшелер, инелi гарнитура, тарақтар, фильерлер, қайықшалар, ремизкалар немесе ремиздiк рамалар, трикотаж инелерi) |
8449 00 000 0 | Бөлек ораммен немесе пiшумен шұға, киiз және фетр немесе тоқылмаған материалдар өндiру немесе әрлеу үшiн қолданылатын жабдықтар, соның iшiнде фетр қалпақтар, қалпaқтар жасауға арналған қалып шығаруға арналған жабдықтар |
8450 | Сығу құрылғысымен жабдықталған машиналарды қоса алғанда, тұрмыстық немесе кiр жуатын орындарға арналған кiр жуғыш машиналар |
8451 | Жiптердi, маталарды немесе дайын тоқыма бұйымдарын жууға, тазалауға, сығуға, кептiруге, үтiктеуге, нығыздауға (материалдарды қыздыруға арналған престердi қоса алғанда), ағартуға, бояуға, өңдеуге, әрлеуге, жылтыратуға немесе сiңдiруге арналған жабдықтар (8450 тауар позициясында көрсетiлген машиналардан басқа) немесе линолеум сияқты еден жабындарын өндiруде пайдаланылатын тоқыма немесе басқа да негiзiне паста жағатын машиналар; тоқыма маталарды орайтын, тарқататын, жинайтын, кесетiн немесе тесетiн машиналар |
8452 | 8440 тауар позициясының кiтап блоктарын тiгуге арналған машиналардан басқа, тiгiн машиналары; тiгiн машиналары үшiн әдейi арналған жиhаз, негiз және футлярлар; тiгiн машиналарына арналған инелер |
8453 | Тiгiн машиналарынан басқа, терi немесе былғары дайындауға, илеуге немесе өңдеуге арналған немесе терiден немесе былғарыдан аяқ киiм немесе басқа бұйымдар жасауға немесе жөндеуге арналған жабдықтар |
8454 | Металлургияда немесе құю өндiрiсiнде пайдаланылатын конвертерлер, құю шөмiштерi, текшелеп құйғыштар және құю машиналары |
8455 | Металл илектеу орнақтары мен оларға арналған бiлiкшелер |
8456 | Лазер немесе басқа да жарық немесе фотонды сәуленiң, ультрадыбыстық, электроразрядтық, электрохимиялық, электронды-сәулелiк, ионды сәулелiк немесе плазмалық-доғалық процестердiң көмегiмен материалды алып тастау жолымен кез келген материалдарды өңдеуге арналған станоктар |
8457 | Өңдеу орталықтары, металл өңдеуге арналған бiр тұғырлы және көп тұғырлы агрегат станоктары |
8458 | Металл кесетін токарьлық станоктар (көп мақсатты токарьлық станоктарды қoca алғанда) |
8459 | 8458 тауар позициясында көрсетілген токарьлық станоктардан (көп мақсатты токарьлық станоктарды қоса алғанда) басқа, металды ойып алу жолымен бұрғылауға, қашап өңдеуге, жоңғылауға, сыртқы немесе iшкi бұрандалар салуға арналған металл кесетiн станоктар (желiлiк құрылысты агрегат станоктарын қoca алғанда) |
8460 | Сыдыра ажарлау, қайрау, тегiстеу, хонингтеу, ысқылау, жалтырату станоктары және 8461 тауар позициясында көрсетiлген тiс кесу, тiс тегiстеу немесе тiс өңдеу станоктарынан басқа, металдар мен металл-қыш материалдарды тегістеу тастарының, абразивтердiң немесе жалтыратқыш құралдардың көмегiмен басқа да тазалап өңдеу операцияларын жасауға арналған станоктар |
8461 | Бойлап сүргiлеу, көлденең сүргiлеу, уату, созу, тiс кесу, тiс тегiстеу немесе тiс өңдеу, аралау, кесу станоктары және материалды алып тастау жолымен металды немесе қыш металдарды өңдеуге арналған басқа жерде аталмаған немесе енгiзiлмеген басқа да станоктар |
8462 | Металдарды көлемдi қалыптау, соғу немесе қалыптау арқылы өңдеуге арналған станоктар (престердi қоса алғанда); ию, көмкеру, түзеу, кесу, тесу немесе шабу станоктары (престердi қоса алғанда); жоғарыда аталмаған, металл немесе металл карбидiн өңдеуге арналған басқа да престер |
8463 | Материалды алып тастамастан металдарды немесе металл қышты өңдеуге арналған өзге де станоктар |
8464 | Тастарды, қышты, бетонды асбоцементті немесе ұқсас минералды материалдарды өңдеуге немесе шыныны суық өңдеуге арналған станоктар |
8465 | Ағаш, тығын, сүйек, эбонит, қатты пластмассалар немесе осыған ұқсас қатты материалдар өңдеуге арналған станоктар (шегелердiң, қапсырмалардың, желiмнiң көмегiмен немесе басқа тәсiлдермен жинауға арналған машиналарды қоса алғанда) |
8466 | Аспаптарды немесе бөлшектердi бекітуге арналған құрылғыларды, өздiгiнен ашылатын бұранда кесу бастиектерiн, бөлу бастиектерiн және станоктардың басқа да арнайы құрылғыларын қоса алғанда, тек қана немесе негiзiнен 8456-8465 тауар позицияларының жабдықтарына арналған бөлiктер мен керек-жарақтар; қол аспаптарының барлық түрлерiне арналған жұмыс аспаптарын бекiту құрылғылары |
8468 | 8515 тауар позициясының машиналары мен аппараттарынан басқа, төменгi температурада дәнекерлеуге, жоғары температурада дәнекерлеуге немесе пісіруге арналған, кесу үшiн жарамды немесе жарамсыз жабдықтар мен аппараттар; үстiнен термоөңдеуге арналған, газбен жұмыс істейтiн машиналар мен аппараттар |
8470 | Есептеу машиналары мен жазуға, дыбысын шығаруға және деректердi көзбен көрсетуге арналған есептеу функциялары бар қалта машиналары; бухгалтерлiк машиналар, почталық маркалау машиналары, билет аппараттары мен есептеу құрылғылары бар басқа да ұқсас машиналар; касса аппараттары |
8471 | Есептеу машиналары және олардың блоктары; магниттiк немесе оптикалық санағыш құрылғылар, деректердi кодталған нысандағы ақпарат тасымалдағыштарына және осыған ұқсас ақпаратты өңдеуге арналған машиналарға тасымалдауға арналған басқа жерде аталмаған және енгiзiлмеген машиналар |
8472 | Өзге де кеңсе жабдықтары (мысалы, гектографиялық немесе трафереттік көбейту аппараттары, жөнелту машиналары, банкноттарды беруге арналған автоматты құрылғылар, монеталарды сорттауға, есептеуге немесе буып-түюге арналған машиналар, қарындаштарды ұштауға арналған машинкалар, перфорациялық машиналар немесе қапсырмалармен бекiтуге арналған машиналар) |
8473 | Тек қана немесе негiзiнен 8469-8472 тауар позицияларының машиналарына арналған бөлiктер мен керек-жарақтар (тасымалдауға арналған қаптардан, қаптамалардан және осыған ұқсас бұйымдардан басқа) |
8474 | Қатты күйiндегi топырақты, тасты, қатты күйдегi (оның iшiнде ұнтақ немесе қоймалжың) руданы немесе басқа да минералдық қазбаларды сорттау, елеу, айыру, шаю, ұсақтау, ұнтақтау, қосу немесе араластыруға арналған жабдықтар; қатты минералдық отынды, қыш құрамды, қатпаған цементтi, гипстi материалдарды немесе ұнтақ және қоймалжың күйдегi басқа да минералдық өнiмдердi агломерациялауға, қалыптауға немесе құюға арналған жабдықтар, құмнан құю қалыптарын жасауға арналған қалыптау машиналары |
8475 | Электp немесе электрондық шамдарды, түтікшелердi немесе электрондық-сәулелiк түтiкшелердi немесе шыны колбалардағы газды-разрядты шамдарды құрастыруға арналған машиналар; шыныны немесе шыны бұйымдарын жасауға немесе ыстықтай өңдеуге арналған машиналар |
8476 | Банкноттар мен монеталарды айыруға арналған автоматтарды қoca алғанда, сауда автоматтары (мысалы, почта маркаларын, сигареталарды, азық-түлiк тауарлары мен сусындарды сатуға арналған) |
8477 | Резеңкенi немесе пластмассаны өңдеуге немесе осы материалдардан өнiм шығаруға арналған аталған топтың басқа жерiнде аталмаған және енгiзiлмеген жабдықтар |
8478 | Темекi дайындауға және жасауға арналған аталған топтың басқа жерiнде аталмаған және енгiзiлмеген жабдықтар |
8479 | Аталған топтың басқа жерiнде аталмаған және енгiзiлмеген дербес функциялары бар машиналар және механикалық құрылғылар |
8480 | Металл құю өндiрiсiне арналған oпoкалap; құю табандықтары; құю модельдерi; металдарды, металдардың карбидтерін, шыныны, минералдық материалдарды, резеңке мен пластмассаны құюға арналған нысандар (құйма қалыптардан басқа) |
8481 | Редукциялық немесе термореттегiш клапандарды қоса алғанда, құбырларға, қазандықтар резервуарларға, цистерналарға, бактарға немесе осыған ұқсас ыдыстарға арналған шүмектер, клапандар, шұралар және осыған ұқсас арматура |
8482 | Түйіршікті немесе шығыршықты ішпектер: |
8483 | Трансмиссиялық бiлiктер (жұдырық және иiндiлердi қоса алғанда) және қос иiндер; ішпектердің корпустары мен бiлiктерге арналған сырғанау ішпектері; шестерналар мен тiстi берiлiстер; түйіршіктi немесе шығыршықты бұрама берiлiстер; гидротрансформаторларды қоса алғанда, берiлiс қораптары мен басқа да жылдамдық өзгерткiштер; шкивтердiң блоктарын қоса алғанда, тегершiктер мен шкивтер; жалғастырғыштар мен бiлiктердi бiрiктiруге арналған құрылғылар (әмбебап булықтарды қоса алғанда) |
8486 | Айрықша немесе негізінен жартылай өткізгіш буль немесе пластиналарды, жартылай өткізгіш құралдарды, электрондық интегралдық схемаларды немесе жалпақ дисплейлі панельдерді өндіруге арналған машиналар мен аппаратуралар; осы топқа 9В к ескертуінде аталған машиналар мен аппаратуралар; бөліктері мен керек-жарақтары |
8487 | Электр қосылыстары, оқшаулағыштары, түйіспелері, орауыштары немесе басқа да электр бөлшектерi жоқ, аталған топтың басқа жерiнде аталмаған немесе енгiзiлмеген жабдықтардың бөлiктepi |
8501 | Электр қозғалтқыштары және генераторлары (электргенераторлы қондырғылардан басқа) |
8502 | Электргенераторлы қондырғы және айналмалы электрлi өзгерткiш |
8503 00 | Негiзiнен 8501 немесе 8502 тауар позициясының тек машиналары үшiн көзделген бөлшектер |
8504 | Электр трансформаторлары, статтық электр өзгерткiштерi (мысалы, түзеткiштер), индуктивтi және дроселдi катушкалар |
8505 | Электрмагниттер; тұрақты магниттер және магниттелгеннен кейiн тұрақты магнитке ауыстыру үшiн көзделген бұйымдар; электр магниттi немесе тұрақты магниттерi бар қысым патрондары, қысқыштар және ұқсас бекiту қондырғылары; электр магниттi ажыратқыштар, муфталар және тежегiштер; электр магниттi көтергiш басшалар |
8506 | Алғашқы элементтер және алғашқы батареялар |
8507 | Оларға арналған төрт бұрышты (оның iшiнде шаршылы) немесе өзге де нысандағы сепараторларды қоса алғанда, электр аккумуляторлары |
8511 | Ұшқыннан немесе жанғыш қоспаның қысымынан от алатын (мысалы, магнето, тұтану катушкасы, тұтану оттығы, қызу оттығы, стартерлер) іштен жану қозғалтқыштарын тұтатуға немесе от алдыруға арналған электр жабдықтapы; осындай қозғалтқыштармен бiрге пайдаланылатын үлгiдегі генераторлар (мысалы, тұрақты және ауыспалы тоқтың) және ажыратқыштар |
8514 | Өнеркәсіптік немесе зертханалық электр пештері мен камералары (индукция құбылысы немесе диэлектpлік ысырап негізінде жұмыс істейтіндерін қоса алғанда); индукция құбылысы немесе диэлектpлік ысырап көмегімен материалдарды термикалық өңдеуге арналған өнеркәсіптік немесе зертханалық жабдық |
8515 | Олардың кесу операцияларын орындай алуына немесе орындай алмауына қарамастан электрмен (соның ішінде газды электрмен жылытатын), лазермен немесе басқа жарықпен немесе фотонмен, ультрадыбыспен, электронды-сәулемен, магнитті-импульспен немесе плазмалық-доғамен төменгі температурада дәнекерлеуге, жоғары температурада дәнекерлеуге немесе пісіруге арналған машиналар мен аппараттар; металдарды немесе металл қышты ыстықтай суаруға арналған электр машиналар мен аппараттар |
8516 | Ағынды немесе жинақтауыш электрмен су жылытқыштар, батырмалы электр жылытқыштар; кеңістікті жылытатын және топырақты жылытатын электр жабдығы, шашты күтуге арналған электр термиялық аппараттар (мысалы шаш кептіргіштер, бигудилер, ыстықтай бұйралайтын қыстырғыштар), қол кептіргіштер; электр үтіктер; өзге де тұрмыстық электр жылытқыш приборлар; 8545 тауар позициясында көрсетілгендерден басқа электр жылытқыш қарсылықтар |
8517 |
Байланыстың ұялы желілеріне немесе байланыстың басқа да сымсыз желілеріне арналған телефон аппараттарын қоса алғанда телефон аппараттары; 8443, 8525, 8527 немесе 8528 тауар позицияларының беруші немесе қабылдаушы аппаратураларынан басқа байланыстың сымды немесе сымсыз желілерінде коммуникацияға арналған аппаратураларды қоса алғанда (мысалы, байланыстың жергілікті немесе жаһандық желілерде) дауысты, бейнені |
8518 | Микрофондар мен олардың бекітпелері; корпусына орнатылған немесе орнатылмаған дауыс зорайтқыштар; микрофонымен біріктірілген немесе біріктірілмеген, басқа киетін құлақшалар мен телефондар және микрофон мен бір немесе одан көп дауыс зорайтқыштан тұратын жинақталымдар; дыбыс жиілігін электр күшейткіштер; электр дыбыс күшейткіш жинақталымдар |
8519 | Дыбыс жазатын немесе дыбыс шығаратын аппаратура |
8521 | Бейнетюнер орнатылған немесе орнатылмаған бейнежазғыш немесе бейнекөрсеткіш аппаратура |
8525 | Радиохабарына немесе телевизияға арналған өзінің құрамында енгізетін және енгізбейтін қабылдағыш, дыбыс жазғыш немесе дыбыс шығарғыш құрылғысы бар таратқыш аппаратура; теледидар камералары, цифрлы камералар және жазғыш бейнекамералары |
8526 | Радиолокаторлық, радионавигациялық аппаратура және қашықтықтан басқаратын радиоаппаратура |
8527 | Бір корпуста дыбыс жазғыш немесе дыбыс шығарғыш аппаратурамен немесе сағатпен бірге орнатылған немесе орнатылмаған, радиохабар таратуға арналған қабылдағыш аппаратура |
8528 | Теледидар қабылдағыш аппаратурасымен бірге орнатылмаған мониторлар және проекторлар; радиохабар қабылдағышы немесе дыбыс бейне жазып алатын немесе шығаратын аппаратурасын енгізетін немесе енгізбейтін, теледидар байланысына арналған қабылдағыш аппаратура |
8530 | Темір жолдар, трамвай жолдары, автомобиль жолдары, ішкі су жолдары, көлік қою алаңдары, айлақ құрылыстары немесе әуеайлақтар сигнализациясының, қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және/немесе қозғалысын басқарудың электр құрылғылары (8608 тауар позициясының жабдықтарынан өзгелері) |
8531 |
8512 немесе 8530 тауар позициясының жабдықтарынан басқа, дыбыстық немесе визуалдық сигнализациялық электр жабдықтары (мысалы, қоңыраулар, сиреналар, индикатор панельдер, сигнализациялық күзет құрылғылары |
8535 | 1000 В-дан асатын кернеуге арналған жалғауға немесе электр тізбектерін қорғауға арналған немесе электр тізбектеріне қосуға арналған немесе электр тізбектеріндегі электр аппаратурасы (мысалы, ажыратқыштар, ауыстырып-қосқыштар, үзгіштер, жатық сақтағыштар, жайтартқыштар, кернеу шектегіштер, кернеу секірісін сөндірушілер, қосқыш қорапшалар, ток қабылдағыштар, ток алғыштар және өзге де қосқыштар) |
8536 | 1000 В-дан аспайтын кернеуге арналған жалғауға немесе электр тізбектерін қорғауға арналған немесе электр тізбектеріне қосуға арналған немесе электр тізбектеріндегі электр аппаратурасы (мысалы, ажыратқыштар, ауыстырып-қосқыштар, үзгіштер, реле, жатық сақтағыштар, тербеліс сөндірушілер, ашамайлы ашалар мен розеткалар, электр шамдарына арналған патрондар, қосқыш қорапшалар): талшықты-оптикалық, талшықты-оптикалық бұраулар немесе кәбілдерге арналған қосқыштар |
8537 | 8517 тауар позициясының жалғау құрылғыларынан өзге, электр тогын басқаруға немесе бөлуге арналған 8535 немесе 8536 тауар позициясының екі немесе одан көп, соның ішінде 90-топтың приборларын немесе құрылғыларын және цифрлы басқару аппараттарын қамтитын құрылғыларымен жабдықталған пульттер, панельдер, консольдар, үстелдер, бөлу қалқандары мен басқа да электр аппаратурасына арналған тұғыршалар |
8538 | Тек қана немесе негізінен 8535, 8536 немесе 8537 тауар позициясының аппаратурасына арналған бөлшектер |
8543 | Осы топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген жеке функциялары бар электр машиналары мен аппаратурасы |
8601 | Электр қуатының сыртқы көзiнен қоректенетiн, немесе аккумуляторлық темiр жол локомотивтерi |
8602 | Өзге де темiр жол локомотивтерi; локомотивтiк тендерлер |
8603 | 8604 тауар позициясына енгiзiлгендерден басқа, жолаушы, тауар немесе жол жүгiн таситын моторлы темiр жол немесе трамвай вагондары, ашық платформалар |
8604 00 000 0 | Өздiгiнен жүретiн немесе өздігiнен жүрмейтiн, темiржол немесе трамвай жолдарын жөндеуге немесе техникалық қызмет көрсетуге арналған көлік құралдары (мысалы, шеберхана вагондары, крандар, шпал ұрғыш машиналар, жол түзеткiш машиналар, бақылау-өлшегiш вагондары және жолдарды тексеруге арналған көлiк құралдары) |
8605 00 000 | Темiржол немесе трамвай, өздiгiнен жүрмейтiн жолаушылар вагондары; өздiгiнен жүрмейтiн багаж, пошта және өзге де арнайы темiржол немесе трамвай вагондары (8604 тауар позициясына енгiзiлгендерден басқа) |
8606 | Жүк таситын өздiгiнен жүрмейтiн темiржол немесе трамвай вагондары |
8607 | Темiржол локомотивтерiнiң немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөлiктерi |
8701 | Тракторлар (8709 тауар позициясының тракторларынан басқа) |
8702 | Жүргiзушiнi қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлiк құралдары |
8704 10 | Жолсыз жерлерде пайдалануға арналған өзi аударғыш автомобильдер |
8705 | Арнайы мақсаттағы моторлы көлiк құралдары, жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшiн пайдаланылатындардан басқа (мысалы, авариялық жүк автомобильдерi, автокрандар, өрт сөндiру көлiк құралдары, автобетонараластырғыштар, жол тазалауға арналған автомобилдер, су себетiн және жуатын машиналар, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобилдер) |
8709 | Зауыттарда, қоймаларда, айлақтарда немесе әуежайларда жүктердi шағын қашықтықтарға тасымалдау үшiн пайдаланылатын, көтергiш немесе тиегiш қондырғылармен жабдықталмаған өнеркәсіптік мақсаттағы, өздiгiнен жүретiн көлiк құралдары; темiржол платформаларында пайдаланылатын сүйретпелер; жоғарыда аталған көлiк құралдарының бөлшектерi |
8801 00 | Аэростаттар мен дирижабльдер; планерлер, дельтапландар және басқа да моторсыз ұшу аппараттары |
8802 | Өзге де ұшу аппараттары (мысалы, тiкұшақтар, ұшақтар); ғарыш аппараттары (жер серіктерін қоса алғанда) және қосалқы орбиталық пен ғарыш зымыран тасығыштары |
8803 | 8801 немесе 8802 тауар позициясының ұшу аппараттарының бөлшектерi |
8804 00 000 0 | Парашюттер (басқарылатын парашюттер мен парапландарды қоса алғанда) және ротошюттер; олардың бөлiктерi мен керек-жарақтары |
8805 | Ұшу аппараттарына арналған бастапқы аппараттар; палубалы тежегiш немесе ұқсас қондырғылар; жазғы құрамға арналған жердегi тренажерлар; олардың бөлшектерi |
8901 | Круизға, экскурсияға арналған кемелер, паромдар, жүк кемелері, баржалар және жолаушыларды немесе жүктердi тасымалдауға арналған ұқсас жүзу құралдары |
8902 00 | Балық аулауға арналған кемелер; жүзбелi базалар және балық өнiмдерiн қайта өңдеуге және консервілеуге арналған өзге де кемелер |
8903 | Яхталар және демалуға немесе спортқа арналған өзге де жүзу құралдары; еспелi қайықтар және каноэ |
8904 00 | Буксирлер және итергiш кемелер |
8905 | Жүзбелi маяктар, өрт сөндiру кемелерi, жер снарядтары, жүзбелi крандар және жүзбелi мiндеттерi олардың негiзгi функцияларымен салыстырғанда екiншi дәрежеде болып табылатын өзге де жүзу құралдары; жүзбелi доктар; жүзбелi немесе судың астында жұмыс iстейтiн бұрғылау немесе пайдаланылатын платформалар |
8906 | Еспелі қайықтардан басқа, соғыс кемелерін және құтқару кемелерін қоса алғанда өзге де кемелер |
8907 | Өзге дe жүзу құралдары (мысалы, салдар, жүзбелi бактар, кессондар, дебаркадерлар, жүзбелі белгілер мен бакендер) |
8908 00 000 0 | Кемелер және бұзуға арналған өзге де жүзу құралдары |
9005 | Дүрбілер, монокулярлар, өзге де көзбен көру түтiктерi және олардың арматуралары; радиоастрономиялық приборлардан басқа, өзге де астрономиялық және олардың арматурасы |
9006 | Фотокамералар (кинокамераларды қоса алғанда); 8539 тауар позициясының газразрядты шамдарынан басқа, фотожарқылдар мен жарқыл шамдар |
9007 | Дыбыс жазатын немесе дыбыс шығаратын құрылғылары бар немесе жоқ кинокамералар мен кинопроекторлар |
9008 | Кинематографиялықтардан басқа, бейнелеу проекторлары; фотоүлкейткiштер және көрiнiстердi кiшiрейтiп көрсетуге арналған жабдық (кинематографиялықтардан басқа): |
9010 | Фотозертханаларға (кинозертханаларды қоса алғанда) арналған, осы топтың басқа жерiнде аталмаған немесе енгiзiлмеген аппаратура мен жабдықтар; негатоскоптар; проекциялық экрандар |
9011 | Микрофототүсiруге, микрокинотүсiруге немесе микропроекциялауға арналған микроскоптарды қоса алғанда, күрделi оптикалық микроскоптар |
9012 | Оптикалық микроскоптардан басқа, микроскоптар; дифракциялық аппараттар |
9013 | Басқа тауар позицияларының мейлiнше дәл сипатталған бұйымдардан басқa, сұйық кристалдардағы қондырғылар; лазерлi диодтардан басқа, лазерлер; осы топтың басқа жерiнде аталмаған немесе енгiзiлмеген, өзге де оптикалық приборлар мен құралдар |
9014 | Бағытты айқындауға арналған компастар, навигациялық аспаптар мен құралдар және басқа да құралдар |
9015 | Компостарды қоспағанда, топографиялық фотограмметриялықты қоса алғанда, гидрографиялық, мұхиттық-гpaфиялық, гидрологиялық, метереологиялық немесе геофизикалық аспаптар мен құралдар; қашықтық өлшегiштер |
9016 00 | Әртүрлi таразылары бар немесе оларсыз сезiмталдығы 0,05 г немесе одан астам таразылар |
9017 | Сызуға, белгiлеуге және математикалық есептерге арналған құралдар (мысалы, сызу машиналары, пантографтар, транспортирлер, сызу жиынтықтары, логарифмдік сызғыштар, дискiсi бар калькуляторлар); аталған топтың басқа жерiнде аталмаған немесе енгiзiлмеген, сызықтық мөлшерлердi өлшеуге арналған қол құралдары (мысалы, өлшеу стерженьдері мен рулеткалар, микрометрлер, кронциркульдер): |
9018 | Сцинтиграфиялық аппаратураны, электромедициналық аппаратураны қоса алғанда, медицинада, хирургияда, стоматологияда немесе ветеринарияда қолданылатын аспаптар мен құралдар, өзгелерi және көздiң қарашығын зерттеуге арналған аспаптар |
9019 | Механикалық терапияға арналған құрылғылар; массаждық аппараттар; қабілетін психологиялық тексеруге арналған аппаратура; озонмен, оттегімен және аэрозольмен емдеуге, қолдан тыныс алдыруға арналған аппаратура немесе өзге де терапевтiк тыныс алу аппаратурасы |
9020 00 000 0 | Механикалық тетiктерi мен ауыстырмалы сүзгiлерi жоқ тыныс алу маскаларынан өзге де құралдар және қорғау маскалардан басқа, газ маскалары |
9022 |
Рентгенографиялық немесе радиотерапевтiк аппаратураны, рентгендiк түтiктердi және басқа да рентгендiк сәулелену генераторларын, кернеуi жоғары қысымды генераторларды, басқару қалқандары мен пульттерiн, экрандарды тексеруге немесе емдеуге арналған столдарды, креслоларды және соған ұқсас тексетуге немесе емделуге арналғандарды қоса алғанда, рентгендiк, альфа-, бета- немесе гамма- сәулеленудi пайдалануға негiзделген, медициналық, хирургиялық, |
9023 00 | Көрсету мақсатына арналған (мысалы, үйрету немесе экспонаттау кезiнде), басқадай пайдалануға жарамсыз аспаптар, аппаратуралар және модельдер |
9024 | Материалдардың (мысалы, металдар, ағаш, тоқыма материалдары, қағаздар, пластмассалар) қаттылығын, берiктiгiн, созылуын және қысылуын, икемдiлiгiн немесе басқа да механикалық қасиеттерiн сынауға арналған машиналар мен құрылғылар |
9025 |
Жазатын қондырғылары бар немесе жазатын қондырғылары жоқ, сұйыққа батырған кезде жұмыс iстейтiн ареометрлер мен ұқсас приборлар, термометрлер, пирометрлер, барометрлер, гигрометрлер және психрометрлер және осы |
9026 | 9014, 9015, 9028 немесе 9032 тауар позициясының приборлары мен аппаратурасынан басқа, сұйық пен газдың шығынын, деңгейiн, қысымын немесе басқа да өзгермелi сипаттамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар немесе аппаратуралар (мысалы, шығынды өлшегiштер, деңгейдi көрсеткiштер, монометрлер, жылу өлшегiштер) |
9027 | Физикалық немесе химиялық талдауға арналған приборлар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ және түтін талдағыштар); тұтқырлығын, кеуектiлiгін, кеңейтiлуiн, бетінің созылуын немесе осындайларды өлшеуге немесе бақылауға арналған приборлар мен аппаратура; жылудың, дыбыстың немесе жарықтың мөлшерiн өлшеуге немесе бақылауға арналған приборлар мен аппаратура (экспонометрлердi қоса алғанда); микротомдар |
9028 | Калибрлеушiлердi қоса алғанда, газды, сұйықты немесе электр энергиясын беру немесе өндiру есептеуiштерi |
9029 | Айналымын есептейтiн есептеуiштер, өнiмнiң мөлшерiн есептейтiн есептеуiштер, таксометрлер, мильде өткен аралықты өлшейтiн есептеуiштер, қадам өлшеуiштер және ұқсас аспаптар; 9014 немесе 9015 тауар позициясының аспаптары мен құралдардан басқа, спидометрлер мен тахометрлер; стробоскоптар |
9030 | 9028 тауар позициясының өлшеу приборларынан басқа, электрдiң шамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған осциллоскоптар, спектp анализаторлары, өзге де аспаптар мен аппаратуралар; альфа-, бетта-, гамма-, ренттендiк, ғарыштық немесе өзге де иондаушы сәулелерді байқау мен өлшеуге арналған аспаптар мен аппаратура |
9031 | Аталған топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгiзiлмеген өлшеуге немесе бақылауға арналған приборлар, қондырғылар және машиналар; профильдiк проекторлар |
9032 | Автоматты реттеуге немесе басқаруға арналған аспаптар мен қондырғылар |
9406 | Жиналатын құрылыс конструкциялары (9406 10 100 0 ТН ВЭД ЕАЭС кіші қосалқы позициясының тез құрастырылатын үйлерін қоспағанда) |