Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 13-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы "Еуропалық одақта (Еуропалық одақ елдерінде) шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін гербицидтерге қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шаралар қолдану туралы" № 90 шешімінің атауы мен 1-тармағы "(Еуропалық одақ елдерінде)" деген сөздерден кейін "және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |