Еуропалық одақта (Еуропалық одақ елдерінде) шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін гербицидтерге қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шаралар қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 90 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Осы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін 5 жыл деп белгілей отырып, Еуропалық одақта (Еуропалық одақ елдерінде) шығарылатын, ЕАЭО СЭҚ ТН 3808 59 000 5, 3808 93 110 0, 3808 93 130 0, 3808 93 150 0, 3808 93 170 0, 3808 93 210 0, 3808 93 230 0, 3808 93 270 0, 3808 93 300 0, 3808 93 900 0 кодтарымен сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін гербицидтерге қатысты (№ 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша гербицидтерді қоспағанда) № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерлерде демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолданылсын.

      2. Осы Шешімде көзделген, № 3 қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген өндірушілер әзірлейтін, осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген гербицидтерге қатысты демпингке қарсы баж, осы тауарлардың декларантында тауарлар декларациясын тіркеу күніне тиісті өндірушінің уәкілетті қызметкері қол қойған және осындай өндірушінің мөрімен расталған № 4 қосымшаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіруші сертификаты болғанда және тауар декларациясын кеден органына бергенде оның осындай сертификаты туралы мәліметтерді мәлімдеген кезде төленбейді деп белгіленсін.

      3. Өндірушілер осы Шешімге № 3 қосымшада көзделген тізбе бойынша қабылдаған баға міндеттемелері мақұлдансын.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарына осы Шешімнің № 3 қосымшасында көзделген тізбеде көрсетілген уәкілетті қызметкерлер қолдарының үлгілерін және өндірушілер мөрлерінің бедерлерін жіберсін;

      осы Шешімде көзделген баға міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырсын;

      Республикалық "Өсімдіктерді қорғау институты" ғылыми еншілес біртұтас кәсіпорны (Беларусь Республикасы) мен Федералдық "Өсімдіктерді қорғаудың бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің (Ресей Федерациясы) қорытындыларының нәтижелері бойынша гербицидтер түрлерін осы Шешімнің № 2 қосымшасына қосу туралы ұсынысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының қарауына шығарсын.

      5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын да және тауарлар атауын да басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баждарды алуды қамтамасыз етсін.

      6. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 29 мамырдағы
№ 90 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Демпингке қарсы баж
СТАВКАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ

Тауардың атауы

Өндіруші

Демпингке қарсы баж ставкасының мөлшері (кедендік құн пайызы)

Гербицидтер

"SYNGENTA" тауар белгісі бар гербицидтерді өндірушілер

27,47

"BASF" тауар белгісі бар гербицидтерді өндірушілер

28,74


"MONSANTO" тауар белгісі бар гербицидтерді өндірушілер

32,43


"BAYER" тауар белгісі бар гербицидтерді өндірушілер

52,23


"ARYSTA LIFESCIENCE", "ADAMA", "DOW AGROSCIENCES", "DUPONT", "NUFARM", "CHEMINOVA", "CIECH", "ISK BIOSCIENCES" тауар белгілері бар гербицидтерді өндірушілер

28,60


Өзге де тауар белгілері бар гербицидтерді өндірушілер

52,23

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 29 мамырдағы
№ 90 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Демпинге қарсы баж алуға жатпайтын гербицидтер түрлерінің
ТІЗБЕСІ

      1. 25 г/л молекулярлы концентрацияда қолданылатын бір пеноксуламның әсер ететін заты бар гербицидтер.

      2. 500 г/кг молекулярлы концентрацияда қолданылатын бір азимсульфуронның заты бар гербицидтер.

      3. Молекулярлы концентрацияда қолданылатын цигалофоп-бутилдің 100 г/л заты және молекулярлы концентрацияда қолданылатын пеноксуламның 13,33 г/л заты бар гербицидтер.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 29 мамырдағы
№ 90 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Баға міндеттемелері мақұлданған өндірушілер
ТІЗБЕСІ

Өндіруші

Міндеттемелері ұсынылған хатnардың Еуразиялық экономикалық комиссияда тіркелген күні мен нөмірі

1. "BASF" тауар белгісі бар гербицидтерді өндірушілер

2018 жылғы 8 мамырдағы № ДЗВР-165конф/AD23

2. "SYNGENTA" тауар белгісі бар гербицидтерді өндірушілер

2018 жылғы 8 мамырдағы № ДЗВР-166конф/AD23

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 29 мамырдағы
№ 90 шешіміне
№ 4 ҚОСЫМША

      (нысан)

Өндірушінің сертификаты

1. Өндіруші (атауы, мекенжайы)

2. Сертификаттың реттік нөмірі және берілген күні

3. Экспорттаушы (атауы, мекенжайы)

ӨНДІРУШІНІҢ СЕРТИФИКАТЫ

4. Жіберілетін елі

5. Импорттаушы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің резиденті (атауы, мекенжайы)

6. Инвойс (нөмірі, күні)

7. ЕАЭО СЭҚ ТН коды

8. Тауар туралы мәліметтер

Рет №

Партияның нөмірін қоса алғанда тауардың сипаттама-сы, өзге де ескертпелер (міндетте-мелерге сәйкес тауардың әр алуандығы көрсетіледі)

Өлшем бірлігі (кило-грамм/ литр)

Саны

Бағасы (валюта көрсетіледі)

Құны (валюта көрсетіледі)







9. Мен, төменде қол қоюшы, осы сертификаттың 8-тармағында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына экспорт мақсатында сату қабылданған міндеттемелер сақтала отырып жасалатынын растаймын. Мен осы сертификатта жазылған ақпараттың толық және дәл екенін растаймын.
_________________________________________________________________
(күні)
_____________________________ _______________ ____________________
(лауазымы) (қолы)  (Т.А.Ә.) 
(М.О.)

      Ескертпелер:

      1. Сертификаттың ағылшын тілінде толтырылатын 1 және 3-тармақтарын қоспағанда, сертификат орыс тілінде баспа түрінде толтырылады.

      2. Сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап 90 күнді құрайды.

      3. Сертификаттың 4-тармағында Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін әлем елдерінің сыныптауыштарына сәйкес жіберілетін елі көрсетіледі.

      4 Сертификаттың 6-тармағында кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын инвойстың нөмірі мен күні көрсетіледі.

      5. Сертификаттың 8-тармағында міндеттемеде көрсетілген сату схемасына сәйкес тауарды сатып алушы нақты төлеген немесе төлеуге жататын тауар құнының килограмға немесе литрге шаққандағы тауар бағасы цифрлармен көрсетіледі.

      6. Сертификатқа түзетулер және (немесе) толықтырулар қате ақпаратты сызып тастау және түзетілген мәліметтерді басып жазу арқылы енгізіледі, ол өндірушінің мөрімен расталады.

      7. Сертификатта тұлғалар қолының факсимилесін пайдалануға, сондай-ақ осы ескертпелердің 6-тармағында көрсетілген тәртіппен расталмаған тазартып өшірулердің, түзетулердің және (немесе) толықтырулардың болуына жол берілмейді.

      8. Сертификат мынадай жағдайларда:

      сертификаттың қолданылу мерзімі өткенде;

      сертификат нысаны осы қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес болмағанда және (немесе) сертификат осы ескертпелердің 1 – 7-тармақтарындағы талаптарға сәйкес толтырылмағанда;

      көрсетілген мәліметтер декларацияда мәлімделген тауарларға сәйкес болмағанда және (немесе) тауарға біртекті сәйкестендіру жүргізуге мүмкіндік бермегенде;

      сертификатқа қойылған қол және (немесе) мөр кеден органында бар қол үлгілері мен мөр бедерлеріне сәйкес болмаған кезде жарамсыз деп танылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады