Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 90 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 26 мамырдағы № 66 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 13-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы "Еуропалық одақта (Еуропалық одақ елдерінде) шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін гербицидтерге қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шаралар қолдану туралы" № 90 шешімінің атауы мен 1-тармағы "(Еуропалық одақ елдерінде)" деген сөздерден кейін "және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады