Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының есеп-қисабын толтыру және осындай есеп-қисапқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібінің 43-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 94 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 52-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 137 шешімімен бекітілген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының есебін толтыру және осындай есепке өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібінің 43-тармағы "КБЕ-ні толтырған" деген сөздерден кейін "(немесе өзге де кеден органы, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес көзделген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

О внесении изменения в пункт 43 Порядка заполнения расчета таможенных пошлин, налогов, специальных, антидемпинговых, компенсационных пошлин и внесения в такой расчет изменений (дополнений)

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 11 августа 2020 г. № 94

      В соответствии с пунктом 4 статьи 52 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Пункт 43 Порядка заполнения расчета таможенных пошлин, налогов, специальных, антидемпинговых, компенсационных пошлин и внесения в такой расчет изменений (дополнений), утвержденного Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 7 ноября 2017 г. № 137, после слов "заполнившим РТП" дополнить словами "(или иным таможенным органом в случае, если это предусмотрено в соответствии с законодательством государства-члена)".

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович