Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 52-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 137 шешімімен бекітілген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының есебін толтыру және осындай есепке өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібінің 43-тармағы "КБЕ-ні толтырған" деген сөздерден кейін "(немесе өзге де кеден органы, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес көзделген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |